25-31 қазанда қорғасынмен уланудың алдын алу бойынша халықаралық апталық өтеді

2020 ж. 31 October

Қорғасынмен улану – толығымен алды алынатын құбылыс, алайда ілемде әлі күнге дейін мыңдаған адам жыл сайын қорғасынның зиянды әсерінен қайтыс болуда. Адам денсаулығы үшін қорғасынмен байланыстың теріс әсерлері жақсы белгілі болғанына, ал көптеген елдер тиісті шаралар қабылдауына қарамастан, осы меалдың бала ағзасына, атап айтқанда балаларда ақыл-ой дамуының тежелуін туындайтын әсер етуі жалпы әлем бойынша денсаулық сақтау сарапшыларында ерекше алаңдатушылық туғыза отырып, әлі күнге дейін күрделі проблема болып қалуда. Көптеген адамдар, әсіресе балалар, бояу құрамында үлкен мөлшерде болатын қорғасынның зиянды әсеріне ұшырауда. Мұндай бояу әлі күнге дейін саудада кеңінен ұсынылған және құрамында қорғасын жоқ жақсы баламалардың болуына қарамастан, көптеген елдерде көркем мақсаттарында пайдаланылады.

Қорғасын адам ағзасында қайтарымсыз өзгерістер тудыруға қабілетті қауіпті металл болып табылады. Бояу, кабельдер, аккумуляторлар жасау кезіндегі оның кеңінен таралған қолданылуы адамдардың көптеге санының, әсіресе халық табысы төмен және орташа елдерде күрделі тәуекеліне ұшыратады. Бүгінгі күні көптеген бояу өндірушілер басқа салаларда қорғасын пайдалануды жан-жақты төмендетуге қарамастан әлі күнге дейін өндіріс кезінде қорғасын қосады.

Құрамында қорғасын бар бояу тұрғынүйлерді ішінен және сыртынан бояу кезінде, олармен балалар байланыста болуы мүмкін мектептер мен ғимараттарда ойыншықтар, жиһаз, балалар алаңдарының жабдықтары және басқа да бұйымдар үшін бояу ретінде, сондай-ақ жол белгілерін салу, көпірлер мен басқа да сыртқы құрылыстарды бояу үшін пайдаланылады. Тіпті оны пайдалануға тыйым салынған елдерде құрамында қорғасын бар бояу ескі үйлерде және ондаған жылдар бұрын өндірілген заттар мен бұйымдарда табылуы мүүмкін.

Адамдарда қорғасынмен улану қоршаған ортамен байланысқан кезінде және кәсіби қызметінде тыныс алу немесе жұту арқылы болуы мүмкін. Қорғасын адам ағзасына бояу өндірісі, беттерді бояу және бояуды алып тастау, ескі ғимараттарды жаңарту және бұзу кезінде түсуге қабілетті. Құрамында қорғасын бар бояуды пайдалана отырып таяуда боялған беттер жақсы жай күйінде адам үшін қауіпсіз. Алайда уақыт өте келе бояу ұнтақтарға үгіліп, қоршаған ортаны ластауға қабілетті тозаңға айналуы мүмкін.

Ағзадағы қорғасынның кез-келген құраму адам денсаулығы үшін қауіпті. Адам ағзасындағы қорғасынның ең төмен рұқсат етілген құрамы жоқ. Қорғасын адам ағзасында ұзақ уақыт ішінде жинақтала отырып, жүйке, қаң тарату, асқазан-ішек, жүрек-тамыр жүйелерін қоса алғанда, ағзаның көптеген жүйелері ауруының себебі бола алады. Қорғасынның ұзақ уақыт әсер етуі гипертензияның, ишемиялық жүрек ауруының, әртүрлі бүйрек ауруларының пайда болу тәуекелін арттыруы мүмкін. Балалар қорғасынның нейроуытты әсеріне әсіресе сезімтал.

Құрамында қорғасын бар үйдегі тозаң – бала ағзасының қорғасын жүктемесінің негізгі элементі. Кішкентай балалар қорғасын әсер етуінің жоғары тәуекеліне ұшыраңқы, өйткені ол түскен кезде оларда АШТ арқылы оның мөлшерінің 40-50%-ы тұтылады. 

2017 жылы қорғасынмен уланудан 1,06 миллион адам қайтты. Бұдан басқа, ДДСҰ бағалауы бойынша 2016 жылы қорғасынның әсер етуі ақыл-ой дамуы тежелуінің идиопатикалық нысандарының жаһандық ауыртпалығының 63,2%-ына, гипертониядан тындаға жүрек ауытқуларының жаһандық ауыртпалығының 10,3%-ына, имешиялық жүрек ауруының жаһандық ауыртпалығының 5,6%-ына және инсульттың жаһандық ауыртпалығының 6,2%-ына, себеп болды.

Келесі сақтық шараларын орындай отырып, сіздер өздеріңізді және өз отбасы мүшелерін қорғасынның зиянды әсерінен қорғай аласыз:

* Балалар бояу бөліктерін шайнамауын, боялған беттерді жаламауын және бояуы ажыраған орындардан алшақ болғанын қадағалаңыздар;

* Қолдарыңызды жиі, әсіресе ас ішер алдында тиянақты жуыңыздар;

* Қаңды қорғасын құрамына тексеріңіздер;

* Су негізіндегі бояу сатып алуға тырысыңыздар.

Құрамында қорғасын бар бояу адамдар үшін, әсіресе балалар, құрылысшылар мен бояумен жұмыс істейтін басқа кәсіп өкілдері үшін әрдайым қауіп төндіретін болады. Қорғасын бояу жасау үшін міндетті құрауыш болып табылмайды. Оны басқа материалдармен онай ауыстыруға болады. Жаңа заңдар мен нормативтік актілер түріндегі заңгерлік деңгейдегі бақылау қорғасын пайдаланудың алдын алу үшін өте маңызды. Бұл үшін бояудағы қорғасын құрамын анықтау және өлшеу әдістеріі қажет.

2002 жылы Орнықты даму бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесуде көптеген елдердің үкіметтері құрамында қорғасын бар бояу өндірісін біртіндеп тоқтатуға шақырылды. Ал 2011 жылы құрамында қорғасын бар бояуларды өндірістен біртіндеп шуғаруға және оны сатуды тоқтатуға ықпал етуге арналған Бояуларда қорғасынды қолданудан бас тарту жөніндегі жаһандық альянс (Жаһандық альянс) бекітілді, бұл қорытындысында осындай бояулар төндіретін қауіпті жоюға мүмкіндік берер еді. Осы мақсатқа қол жеткізудің шешуші шарты құрамында қорғасын бар бояулар өндірісін, импортын, экспортын, таралуын, өткізу мен пайдаланылуын тоқтату үшін елдерде тиісті нормативтік-құқықтық негізді қалыптастыру болып табылады. Жаһандық альянстың жұмыс жоспарында мынадай мақсат көзделген; 2020 жылға қарай барлық елдерде осындай нормативтік-құқықтық негіздер болуы және олар құрамында қорғасын бар бояуларды пайдалануға тыйым салу бойынша жұмыс істеулері тиіс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) және ДДҰ (Жаһандық альянс жұмысын бірлесіп үйлестіреді) жүргізген сұрау салу 2019 жылғы 31 шілдеде тек 72 үкімет олардың елдерінде құрамында қорғасын бар бояуды пайдалануды бақылау бойынша заңгерлік міндеттейтін нормалар қолданылатынын растағанын көрсетті. Осы проблема шешуін табудан алыс екендігі айдан анық және Қорғасынмен уланудың алдын алу бойынша халықаралық апталық осы мәселеде одан әрі жетістіктерге қол жеткізу үшін саяси және өоғамлық күш-қуатты жұмылдыруға арналған.

Дереккөзі: Бояудағы қорғасын құрамын өлшеуге арналған талдамалық әдістер жөніндегі қысқаша анықтамалық, екінші басылым. Женева: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; 2020. Лицензия: CC BY-NC-SA 3.0 IGO.