ЕО пен БҰҰДБ Қазақстанда жергілікті деңгейде зорлықшыл экстремизмді ерте алдын-алу желісін құруда

2020 ж. 28 October

Ақтөбе және Қарағанды облысының полиция, мектеп әкімшілігі, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті билік және жастар ресурстық орталықтарының 30-дан астам көпсалалы мамандары БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) STRIVE Asia (Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы тұру бастамасы: ЕО мен БҰҰ-ның бірлескен серіктестігі) бастамасы аясында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Ақтөбе және Қарағанды облысының құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері, жергілікті атқарушы органдары мен жастар ресурстық орталықтарының 30-дан астам мамандары мен өкілдері БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ)  STRIVE Asia (Азиядағы зорлықшыл экстремизмге қарсы тұру бастамасы: ЕО мен БҰҰ-ның бірлескен серіктестігі) бастамасы аясында ұйымдастырылған тренингке қатысты. STRIVE бастамасы Еуроодақтың қаржылануымен радикалдану мен зорлықшыл экстремизмнің алғашқы белгілерін алдын алуға және оларға қарсы тұруға бағытталған. Бұл бастаманы БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы (ТҚБ), БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰЕҚБ) және БҰҰДБ-сы жүзеге асыруда.

Бастама жергілікті қауымдастық пен түрлі мамандардың зорлықшыл экстремизмнің алдын алудағы рөлінің маңыздылығын көрсетеді. Олар жергілікті деңгейде зорлықшыл экстремизм белгілерін анықтап, оны ерте ескертудің көзі бола алады. Өйткені олар жергілікті халықпен, атап айтқанда, жастармен тікелей жұмыс істейді.

Екі күндік тренингтер барысында қатысушыларға зорлықшыл экстремизмнің қаупі, оның себептері мен жағдайлары, алдын алу құралдары мен шаралары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, жастар және халықтың басқа да осал топтарының қажеттіліктері мен мүдделері саласында жұмыс жасайтын тиісті мекемелер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланды.

STRIVE Asia жобасы үкіметтер, құқық қорғау органдары, азаматтық қоғам және жеке сектормен байланыс орнату арқылы радикалдану мәселелерін шешуге көпжақты тәсілді қамтитын көптеген мүдделі тараптардың көзқарасын ескеретін ұстанымды құптайды. Атап айтқанда, жоба қала билігі мен жергілікті азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіріп, қабылданған шаралар мен олардың іске асырылуының мүмкіндігінше  жан-жақты болуын және жергілікті жағдайлардың ескерілуін көздейді.