Үкімет өкілдері, БҰҰ көшбасшылары, даму жөніндегі серіктестер, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар Орталық Азия өңірінде зорлықшыл экстремизмнің алдын алудағы ілгерілеушіліктер мен келешектегі қадамдарды талқылады

2020 ж. 26 November

Зорлықшыл экстремизмінің өршуі және оның ұлттық шекаралар шегінен тысқары таралуы бүкіл Орталық Азия елдері үшін өзекті мәселеге айналды, өйткені зорлықшыл экстремизм тәуелсіздік алғаннан кейінгі үш онжылдықта қол жеткізген жетістіктерді жою қаупін төндірді. Зорлықшыл экстремизмнің алдын алу БҰҰДБ-ның Орнықты әлемді орнатуға ат салысудағы күш-жігерінің басты басымдығының бірі. БҰҰДБ 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне және ОДМ-ның 16-шы мақсаты «Бейбітшілік, сот әділдігі және тиімді институттарға» сүйене отырып, «Инклюзивті даму, толеранттылықты қолдау және әралуандықты құрметтеу арқылы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу» бойынша кешенді стратегиялық негіздемелік бағдарламаны әзірледі.

БҰҰДБ 2018 жылы Жапония үкіметінің қаржылық қолдауымен «Орталық Азиядағы зорлықшыл экстремизмнің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтың орнықтылығын және өңірлік ынтымақтастықты нығайту» жобасын іске қосты. Жобаның жалпы мақсаты жас әйелдер мен ер адамдар үшін нәтижелі әрі толыққанды өмір сүру үшін мүмкіндіктер жасау және қоғамдастықтардың зорлықшыл экстремизмге
орнықты түрде төтеп беруін арттыру арқылы қауіп-қатер тобындағы жастардың
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан оқшаулануын еңсеру.

«Жапония көптеген жылдар бойы әлем елдеріне көмек пен қолдау көрсетіп келеді.  Біз бұл жобаның Орталық Азиядағы адамдардың тұрақтылығы мен дамуына ықпал ететініне өте қуаныштымыз. Біз БҰҰДБ, Қазақстанмен және басқа да Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін осы жобаның бірінші кезеңінің бірқалыпты іске асырылуы мен табысты болуын қамтамасыз етуді, сол арқылы Орталық Азиядағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша жұмысымызды жалғастырамыз», – деді Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің бірінші хатшысы Такашиге Кобаяши мырза.

БҰҰДБ 2018 жылы жобаны іске қосқаннан бері Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түрікменстандағы 6000-нан астам жас әйелдер мен ер адамдарға қайта даярлау, тәлімгерлік қолдау, кәсіптік оқыту, жастар кәсіпкерлігін ілгерілету және өндірістік практикадан өту мүмкіндіктерін қамтитын кешенді тәсіл арқылы тікелей қолдау көрсетті.
БҰҰДБ сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау сияқты жұмсақ дағдыларды дамытуға,
сондай-ақ психологиялық қолдау мен хабардар болуларын жақсарту шараларын да қолдады.

Осы маңызды өңірлік бастаманың шарықтау шыңы ретінде жоғары лауазымды саясаткерлер және директивті орган өкілдерінің, зорлықшыл экстремизмге төтеп беру мен оған қарсы орнықтылықты қалыптастырудың әртүрлі түйткілді аспектілері бойынша жұмыс істейтін практиктердің басын қосқан, 26 қарашада өткен «Орталық Азияда зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жөніндегі жоғары деңгейдегі жаһандық конференцияны» атап өтуге болады.

«Зорлықшыл экстремизмінің өңір үшін төніп тұрған қаупіне қарамастан, өңір елдері үкіметтерінің адам құқықтары туралы халықаралық стандарттарға негізделген, зорлықшыл экстремизмнің алдын алу бойынша шешімдерді табуға бағытталған саясаттарын әзірлеу және шаралар қабылдау жөніндегі күш-жігерлерін біз ризашылықпен бақылаудамыз», – деді Директордың орынбасары және БҰҰДБ
Еуропа және ТМД елдері жөніндегі өңірлік бюро әкімшісі көмекшісінің орынбасары
Аги Верес ханым.

Қатысушылар арасында өңір елдері үкіметтерінің өкілдері, БҰҰ агенттіктері мен халықаралық серіктес ұйымдардың басшылығы, даму қоғамдастықтары, өңірлік және жаһандық азаматтық қоғам өкілдері болды. Сессиялар өңір елдері үкіметтерінің өкілдері өздерінің ең жақсы тәжірибелерін көрсете алатындай етіп ұйымдастырылды, білім, озық тәжірибелермен алмасуға жағдай жасады, зорлықшыл экстремизмнің алдын алу саласындағы туындап отырған қажеттіліктер туралы хабардар етті және өңір мен бүкіл әлемдегі зорлықшыл экстремизмнің алдын алу жөніндегі қоғамдастықпен байланыс орнатуға септігін тигізді.

«Зорлықшыл экстремизмнің алдын алу бағдарламаларын әйелдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, бейбітшілікті орнату әрі дамыту саласындағы көшбасшылықты арттыру және 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қарай ілгерілеуді жеделдету әлеуетін іске асыру тәсілі ретінде пайдалану БҰҰДБ-дағы біздің көзқарасымыздың негізі болып табылады. Біз жастарды саясаттың және бағдарламалардың әзірлеушілері мен іске асырылуына тең құқылы серіктестер ретінде, олардың өзгерістердің қозғаушы күші ретінде әлеуеттерін іске асыру үшін тартуға тырысамыз», – деп мәлімдеді Верес ханым.

Осы жоғары деңгейдегі Конференция сияқты мүмкіндіктер адам құқықтарына бағытталған бірлескен көзқарасты одан әрі дамыту және әртүрлі бастамалар арасындағы тиімді үйлестіруді қолдау, сондай-ақ зорлықшыл экстремизмінің күрделі проблемалары бойынша жұмыс істеу нәтижесінде алынған тәжірибе мен білім алмасуға жәрдемдесу үшін өте маңызды.