25 қараша - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні

2020 ж. 25 November

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық - адам құқықтарын бұзудың ең көп таралған түрі. Зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздарды теңдік пен қауіпсіз өмір сүру құқығынан айырады, адамның қадір-қасиетін төмендетеді және негізгі бостандықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді. Зорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағы теңсіздікке негізделген. Оның көптеген нұсқалары бар. Оның ішіне физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық зорлық-зомбылық, психологиялық және эмоционалдық зорлық-зомбылық, фемицид, эмбрионның жынысына байланысты жүктілікті таңдамалы тоқтату, әйелдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті дәстүрлер мен мәдени тәжірибелер, жезөкшелік пен адам саудасы кіреді.

Зорлық-зомбылықтың таралуы туралы болжам алаңдаушылық туғызады. Оның үстіне, ресми статистика орын алған зорлық-зомбылықтың барлық фактілерін қамтымайды. Зорлық-зомбылыққа тап болған жандар болған жайттарды үн-түнсіз қалдырып, стигма мен ұяттан аулақ болуға тырысады және әділет жүйесі #зорлық-зомбылық жасаушыны жазалай алмайды деп сенеді. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық белгілі бір әлеуметтік немесе экономикалық сипаттамалармен шектелмейді және кез-келген әйелдің немесе қыздың өмірінде өзінің қара ізін қалдыруы мүмкін.

Осы күні біз барлығыңызды зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамауға, оны үн-түнсіз қалдырмауға, зорлық-зомбылықтан аман қалғандарды сөкпеуге, сондай-ақ #әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырамыз.