Климаттың өзгеруі мәселелеріндегі гендерлік аспектілер

2020 ж. 6 November

Photo: Саматулы Мухаммеджан Location: Катон-Карагайский государственный национальный природный парк

Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі – халықтың әлсіз қабаттары үшін өмірге қауіп төндіретін және халық арасында қалыптасқан теңсіздікті, оның ішінде гендерлік теңсіздікті шиеленістіретін біздің заманымыздың ең күрделі проблемаларының бірі болып табылады.

Климаттық өзгерістердің салдары әйелдер мен ерлерге әртүрлі әсер ететіндігі айқын. Көбінесе әйелдер тамақ өнімдерін, су, отын көздерін жинау және өндіру үшін жауапкершілік артады. Гендерлік рольдермен және стеоротиптермен қатар, климаттық өзгерістер осы міндеттерді күрделілендіреді, әйелдердің жұмыс салмағының ұлғаюына, гендерлік кемсітушілік пен кедейлікті феминизациялаудың күшеюіне алып келеді. Шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдік етуінің төмендігі саясатты, оның ішінде климаттық күн тәртібімен байланысты саясатты жоспарлауға, әзірлеуге және іске асыруға толық шамада қатысуға мүмкіндік бермей, теңсіздікті шиеленістіреді. Осылайша гендерлік теңсіздік климаттың өзгеру салдарын жұмсарту мүмкіндіктерін шектей отырып, әйелдерді олардың қоғамдастықтарда өзгерістер агенттері ретінде бейімделуге тұрақтылығы мен қабілеттерін күрт төмендетеді.

Климаттың өзгеруінен әйелдер пропорционалды емес үлкен дәрежеде зардап шегетіндігіне қарамастан, олар климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарларын жұмсартуда шешуші роль атқарады. Үй шаруашылығын жақсы білгендіктен, әйелдер қоршаған ортаның өзгермелі шарттарына бейімделу және лайықты шешімдер табу үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігін тез ұғынады. Сонымен қатар, әйелдер теңгерімді сақтауға, әрі ұлттық және жергілікті деңгейлерде тұрақтылықты арттыруға бейім. 

Әйелдер мен ерлердің БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) шешімдері мен процестерін іске асыруға тең құқылы жұмылуының маңыздылығын мойындай отырып, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) ұлттық климаттық саясатты жүзеге асыруда гендерлік күн тәртібіне есеп жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде. Гендер және климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша бірінші тақырыптық іс-шараны аша отырып, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты Төрағасының Кеңесшісі Ирина Горюнова Қазақстандағы барлық іске асырылатын жобаларда гендерлік теңдік мәселелерін жандандыра отырып, БҰҰДБ гендерлік теңдікке және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге аса назар аударатындығын атап айтты.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында өткен іс-шара шеңберінде климаттың өзгеруі мәселелеріне БҰҰ-ның гендерлік мәселелер жөніндегі Лима 5 жылдық кеңейтілген жұмыс бағдарламасы бойынша климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының шешімдерінде баяндалған гендерлік аспектілерді енгізу жөніндегі ережелер мен талаптар қаралды. Осылайша қатысушылардың назарына БҰҰ КӨНК және Екіжылдық Баяндамалар шеңберінде Ұлттық хабарламаларды әзірлеу кезіндегі гендерлік мәселелерді есепке алудағы Солтүстік Македонияның халықаралық тәжірибесі ұсынылды. «Климаттың өзгеруі мәселелерінде гендерлік аспектілерді ескеру өте маңызды, өйткені климаттың өзгеруінің халықтың барлық топтарына, әсіресе әйелдерге әсер ету ерекшеліктерін түсіну арқылы ғана климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл жоспарлап, оны  тиімді іске асыруға болады», - дейді гендерлік мәселелер бойынша халықаралық сарапшы Саня Елезович.

Іс-шара барысында климаттың өзгеруіне және гендерлік мәселелер жиынтығына шолу ұсынылды. Климаттың өзгеруі мәселелері бойынша жүргізілген ұлттық гендерлік талдау нәтижесінде назар аударуды талап ететін бірқатар институционалдық мәселелер айқындалды, олардың ішінде БҰҰ КӨНК шеңберінде гендер бойынша ұлттық климаттық үйлестірушінің болмауы, министрліктер мен әкімдіктерде гендерлік мәселелер бойынша байланыстық тұлғалар туралы хабардарлықтың жетіспеушілігі, гендерлік-бағдарланған проблемаларды шешу үшін нормативтік-заңнамалық қордың және институционалдық құрылымдардың жетілдірілмеуі. Сондай-ақ, спикерлер экономика салалары бойынша таратылған статистикалық ақпараттар көлемінің жеткіліксіздігін және климаттың өзгеруі әсерін, климаттың өзгеруіне осалдық пен тәуекелдерді бағалау, климаттың өзгеруі салдарларын жұмсарту және Қазақстан халқын гендерлік аспектілерді қосумен климаттың өзгеруіне бейімдеу бойынша зерттеулердің жоқтығын айтты.  

Сонымен қатар, іс-шара Қазақстан үшін климаттың өзгеруі бойынша іс-әрекеттерді іске асырудан пайда алуда және климаттың өзгеруі бойынша проблемаларды шешудің проблемалық мәселелерінде шешім қабылдауда әйелдер мен ерлердің тең құқылы әрі конструктивті қатысуына бағытталған Климаттың өзгеруі саласындағы гендердік аспектілер жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын талқылау алаңы болды. Климаттың өзгеруі саласындағы гендерлік аспектілер бойынша іс-шаралар жоспарын «Сегізінші Ұлттық Хабарлама» жобасының гендерлік маманы әзірлеген және бүкіл ел бойынша климаттық іс-әрекеттер ролін күшейту үшін кемшіліктер мен ұсынымдар көрсетілген әдіснамалық қорды қамтиды.