Климаттың өзгеруі және экологиялық мәселелер бойынша сауалнаманың нәтижелері

2020 ж. 30 May

Климаттың өзгеруі және экологиялық мәселелер бойынша сауалнаманың нәтижелері

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы климаттың өзгеруі жобасы қазақстандықтардың климат мәселелері туралы хабардарлығын және олардың экологиялық проблемаларды азайтуға үлес қосуға дайындығын анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға мұнай-газ, энергетика, қайта өңдеу салаларының, қазақстандық медиа-қоғамдастықтың өкілдері және 14 жастан асқан мектептер оқұшылары - барлыы 200 адам қатысты. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында жүргізілді.

Сауалнама келесі нәтижелерді көрсетті.

Респонденттердің 52,5% -ы Қазақстандағы экологиялық жағдайға теріс баға берді. Респонденттердің 63% -ы климаттың өзгеруі және оның қауіпті салдары туралы хабардар.

Қазақстандағы климаттың өзгеруінің ықтимал салдарының ішінде респонденттердің 77% -ы ауыз су жетіспеушілігін таңдады, тұрғындар арасында аурулар санының өсуін - респонденттердің 75% -ы, табиғи апаттар санының көбейгенін  респонденттердің  66 % -ы атап өтті.

Климаттың өзгеруінің барлық зардаптарының ішінен қазақстандықтарды ең алдымен ауаның ластануы және атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы алаңдатады (61,5%). Одан кейін алаңдататын мәселелер - өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарының жиналуы (16%), су ресурстарының ластануы (9%), шөлейттену және жердің тозуы (8,5%) болып табылады.

Қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу бойынша іс-шараларға респонденттердің үштен бірі көмірді газға ауыстыруды жатқызды, қатысушылардың 22,5% климаттың өзгеруіне төзімді дәнді дақылдардың сорттарын өсіру мен таратуды таңдады.

Бұл ретте сұралғандардың 62% климаттың өзгеру салдарларына қатысты қабылданған шаралар туралы хабардар емес.

Экологиялық проблемаларды шешу ісіне қазақстандықтар қоқысты бөлек сұрыптауға (шыны, қағаз, тамақ қалдықтары) және пластиктен бір реттік заттарды пайдалануды қысқартуға қатысуға дайын. Қоғамдық іс-шараларға қатысу (сенбіліктер, қаланы көгалдандыру және т.б.) ең аз танымал болды.

Респонденттердің 62 %-ының үштен екісіне жуығы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға елеулі әсер етуі мүмкін ірі экологиялық іс-шараларды (жылу/энергия үнемдеуге көшу, қоқысты сұрыптау, ғимараттарды қайта жабдықтау және т.б.) өткізуге байланысты коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне келіспейді.

Респонденттердің 86%-ы климаттың өзгеруі туралы негізгі ақпаратты интернеттен алады.

Анықтама:

Әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері Қазақстанның климаттық келісімдер бойынша климаттың өзгеруіне осалдығын азайту және планетаның жылынуын тоқтату бойынша қабылданған шаралар туралы Қазақстанның ұлттық есебіне қосылатын болады.