БҰҰДБ Қазақстанның қалпына келуіне қолдау шараларын көрсетуде, бұл шаралар "ескі нормалардан" күштірек болмақ.

2020 ж. 8 June

COVID-19 пандемиясы індетке ұшыраған әрбір елде жойқын әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыстарға алып келді. Осының барлығы осалдықты арттыруға және теңсіздікті одан әрі күшейтуге қауіп төндіретін бірқатар өзара байланысты салдарларға әкеп соқты. Өмірлерді құтқару, адамдарды қорғау және тиімді қалпына келтіру бойынша шаралардың үш маңызды компонентінің бірі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы «жол картасын» жариялады - «БҰҰ-ның COVID-19 індетіне шұғыл әлеуметтік-экономикалық ден қою жөніндегі негіздемелік бағдарламасы: Жалпы жауапкершілік, жаһандық ынтымақтастық және мұқтаж жандар мүддесіндегі кідіріссіз іс-әрекеттер» - бұл бағдарламаның мақсаты елдерге олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жолында қолдау көрсетуді, бұл ретте ұмыт қалу қаупі төнген неғұрлым осал елдерге, топтарға және адамдарға көңіл бөлуді көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік бағдарламасы Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіруді қолдаудың бес негізгі бағытын айқындайды, аталмыш бағыттар мыналарды қамтиды: денсаулық сақтау қызметтері мен жүйелерін қорғау; негізгі әлеуметтік қызметтер; жұмыс орындарын, шағын және орта кәсіпорындарды (ШОП) сақтау; макроэкономикалық жауап шаралары және көпжақты ынтымақтастық; және қоғамның әлеуметтік тұтастығы мен орнықтылығы.

Осы негіздемелік бағдарламаны басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік-экономикалық шаралар жөніндегі жұмысын үйлестіреді және өзінің ұлттық серіктестеріне қалпына келтіру стратегиясын әзірлеуде қолдау көрсетеді. Қолдау пакеті қажеттіліктерді кешенді бағалауды және қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар кешенін қамтиды, аталмыш шараларға сәйкес әлеуметтік -экономикалық қалпына келтіру қоғамның әлеуметтік теңдігі мен бірлігін; мемлекеттік сектордың және оның қызметтерінің тұрақтылығы мен бейімделгіштігінің артуын; технологиялардың енгізілуін және цифрландыруды; және экономиканы неғұрлым экологиялық қауіпсіз және орнықты түрде қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Қалпына келтіру жөніндегі жалпыұлттық шаралар

COVID-19 індетінің әлеуметтік-экономикалық әсерінің ауқымын ескере отырып, Қазақстан үкіметі жуырда 2020 жылдың соңына қарай экономикалық өсімді қалпына келтіруге арналған кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдады. Үкімет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтылу деңгейін сақтау және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі және салалық шараларды іске асыру үшін 5,9 триллион теңге (15 миллиард АҚШ доллары)  қаражатын бөлді.

Сонымен қатар, Үкімет 2025 жылға дейінгі Ұлттық стратегиялық даму жоспарын қайта қарауға кірісті. Аталмыш жоспар әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы «Қазақстан-2050» пайымы бағытында орнықты өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатқа адами капиталды дамытуға, технологиялық жаңғыртуға және цифрландыруға, бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне, заңның үстемдігіне, тұрақты өңірлерді қамтамасыз етуге, урбанизациялауға, қоғамдық сананы жаңғыртуға және мемлекеттік сектордың тиімділігіне бағытталған реформаларды қабылдау жолымен қол жеткізілуі тиіс.

2020 жылдың 1 тамызында жарияланатын стратегиялық даму жоспарының жаңа нұсқасы экономиканың құрылымдық трансформацясын көздейді.  Басымдығы ретінде  экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етудің өсуіне, бәсекелік шикізаттық емес секторға, жоғары сапалы инвестициялармен және қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбектеріне бірігуіне негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру  болуы тиіс.

Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қолдау шаралары

Құрамында ауқымды сарапшылар желісі бар БҰҰДБ  ұлттық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, Қазақстанның үкіметіне  экономиканы қалпына келтіруде қолдау көрсетеді.

Біріншіден, БҰҰДБ әртүрлі мемлекеттік саясаттарды жетілдіруге бағытталған виртуалды саяси диалогтар сериясын өткізіп жатыр, мұндай диалогтарға БҰҰДБ-ның Жаһандық саясат желісінің сарапшылары қатысуда.  Диалогтар барысында келесі тақырыптар тылқыланды:  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру,  стратегиялық жоспарлау мен адами ресурстарды басқару, технологиялық түрленулер, есеп беру тетіктеріне, жергілікті дамуға, бизнес процестердің орнықтылығы мен үздіксіздігі .

Екіншіден, БҰҰДБ сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ұлттық стратегиялық даму жоспарын қайта қарау кезінде ақпараттық талдау мен сараптамалық қолдауды және оның орнықты даму саласындағы мақсаттарға сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, БҰҰ тарапынан COVID-19 бойынша ден қою шараларын қабылдау аясында, БҰҰДБ Қазақстанға халықтың неғұрлым осал топтарына бағдарланып, пандемиядан кейін қалпына келуге  көмектеседі. Халықтың осал топтарынан 12 000 респондент пен 2000 шағын және орта кәсіпорынға (ШОК) жүргізілген сауалнаманы қамтитын COVID-19 індетінің әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жұмысы елдегі дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру шараларына қолдау көрсету үшін тың деректер мен фактілерді ұсынады. Талдау мемлекеттік сектор мен оның қызметтеріндегі бизнес процестердің үздіксіздігіне, әлеуметтік қорғауға және оның қамтылу дәрежесіне тигізілетін әсерді, сондай-ақ еңбек нарығының тұрақтылығына, бейресми экономикаға және ШОК-қа тигізілетін әсерді қамтитын болады.

Сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ-ның жауап шаралары дағдарыстан неғұрлым көп зардап шеккен тәуекел тобындағы жастар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған. Нұр-Сұлтан (55) және Алматы (55) қалалары мен Қарағанды облысынан (40) осал жастар тобын құрайтын 150 адам үшін экономикалық құлдырау, карантиндік шектеулер және жалпы белгісіздік жағдайында жұмыс табуға тырысатын жұмыссыз жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын еңсеруге көмектесу үшін тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары және тәлімгерлік қолдау бойынша тренингтермен сүйемелденетін жастарды оқытудың үш айлық ақысы төленетін тағылымдама бағдарламасы іске қосылды.

Қашықтан жұмыс жасау жағдайында үкіметтің қызмет көрсету жөніндегі әлеуетін нығайту мақсатында БҰҰДБ цифрлық қызметтерді, қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде мемлекеттік қызметкерлердің дағдыларын және дағдарыс жағдайында мемлекеттік қызметшілердің нақты қажеттіліктерін жылдам бағалау нәтижелеріне негізделген басқа да аса маңызды дағдыларды жетілдіру үшін екі оқу модулін әзірледі. Ұлттық және қосалқы ұлттық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың 1000 маманы мен орта буын басшылары маусым айының ортасында басталатын тренингке қатысатын болады.

Өзінің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, БҰҰДБ таза және жаңартылатын энергияға қатысты іс-қимылдар арқылы Қазақстанды қалпына келтіру, елдің экономикасын декарбонизациялауды жеделдету және табиғи капиталын қорғау жолында орнықты және көміртекті-бейтарап принциптерді интеграциялауға арналған сараптамалық білімді ұсынады.

Әлбетте, БҰҰДБ-ның ұлттық қалпына келтіру стратегиясын қолдауы 2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарлама шеңберінде одан әрі күшейтілетін болады. БҰҰДБ Қазақстанға экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңғырту, теңсіздікті қысқарту және табиғи ресурстарды орнықты басқару жолымен өсу траекториясын қолдауда қолдау көрсетеді. Өзінің жаңа тәсілдемесі мен бірқатар кешенді шешімдерінің арқасында БҰҰДБ құрылымдық өзгерістерді жеделдетуге, орнықты дамудың барлық аспектілерінде болашақ күйзелістерге жақсы дайындалуға көмектесуге және «ескі нормалардан» алшақтап, жағдайды жақсартуға ұмтылуда.