Медициналық қалдықтарды дұрыс өңдеу

2020 ж. 21 December

Медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру және қарапайым халық арасында медициналық қалдықтарды басқару туралы ақпарат тарату мақсатында медициналық қалдықтарды басқару бойынша ақпараттық бейнероликтер дайындалды.

Медициналық қалдықтарды үй жағдайында дұрыс өңдеу

Үйде медициналық қалдықтарды қалай дұрыс жою керектігін білесіз бе? Медициналық өнімдермен және қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Медициналық қалдықтарды ауруханаларда қауіпсіз өңдеу

Медициналық қалдықтарды ауруханаларда өңдеу инфекцияның ауруханалардың сыртына таралуын тоқтатады және денсаулық сақтау қызметкерлері арасында COVID-19 ауруының таралуын азайтады.

Күнделікті санитарлық тазалықты сақтау барысында экологиялық ізіңізді қалай азайтуға болады

Медициналық өнімдерді ұтымды тұтыну ақшаны үнемдеп қана қоймай, табиғатты сақтауға да септігін тигізеді.

Дәрі-дәрмектерді керегінен артық сатып алудың қажеті жоқ. Саналы түрде тұтыныңыз, экологиялық ізіңізді азайтыңыз!