«БҰҰ моделі» халықаралық онлайн-конференциясы

2020 ж. 12 August

12 тамыз 2020, Алматы қаласы – Бүгін БҰҰ-ның Халықаралық моделі онлайн-конференциясы өтті. Оған Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстан мен Өзбекстанда білім алу арқылы ауған әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда білім алып жатқан ауған әйелдері қатысты.

Қазақстандағы «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жолы» және Ауғанстандағы «БҰҰ моделі - Памир» ұйымдастыру комитеттері жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша бірқатар пікірталастар ұйымдастырды. Халықаралық студенттер конференциясы екі комитеттен құрылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының комитеті COVID-19 пандемиясымен күрес жөнінде жаһандық пікірталас өткізген болса, БҰҰ Бас ассамблеясында студенттер БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкілетті делегаттары ретінде пандемия кезінде атысты тоқтатудың салдарын талқылады.

Халықаралық конференцияға Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Пәкістан, Таиланд, Үндістан, Филиппин және Индонезия елдерінен 50 делегат қатысты. Осындай іс-шараларға қатысу арқылы студенттер нақты уақыт режимінде БҰҰ-ның әртүрлі агенттіктерінің қызметін көрсете отыра, пікір бөліседі, қарсыластарының тұжырымдамаларын тыңдайды және [MOU1] келіссөздердің нәтижелері бойынша резолюция қабылдайды.

БҰҰ модельдері – бұл әлемнің көптеген жоғары оқу орындарында қызмет жасайтын студенттік ұйымдар. Аталған модельдер оқу орындарындағы ерекше ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқара отырып, студенттік өмірге зор үлесін қосады. Жыл сайынғы конференцияларға колледждер мен университет студенттері, мектеп оқушылары, жас зерттеушілер мен оқытушылар, сондай-ақ БҰҰ-на қызығушылық танытқан кез келген азаматтар мен азаматшалар қатыса алады. БҰҰ Моделі жас ақыл-ой иелерін біріктіруге және көшбасшылық, дипломатия, сондай-ақ келіссөздер жүргізу дағдыларын үйретуді мақсат етеді.