Халықаралық қар барысы күніне арналған суреттер конкурсы

23 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі.

БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен «Қар барысын сақтайық!» атты суреттер конкурсын жариялайды, ол 2021 жылғы   27 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өтеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстандағы қар барысы мекендейтін өңірлердің бірінде – Шығыс Қазақстан облысында тұратын 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер шақырылады.

Өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды 2021 жылғы 23 қазанға дейін қоса алғандағы уақытта snowleopard_contest@mail.ru электрондық пошта арқылы жіберу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін  жануарлар әлемінің сирек өкілі ретінде қар барысын сақтау тақырыбындғы жұмыстар қабылданады. Қатысушылар конкурсқа кескіндеме және графика жанрындағы жұмыстарды ұсына алады, онда мыналар бейнеленуі  тиіс:

·      қар барыс;

·      қар барысының экожүйесі (тіршілік ету ортасы).

Конкурстың  қазылар алқасы жеңімпаздарды 29 қазанда анықтайды, ең қызықты жұмыстар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс қоғам назарын Қазақстандағы қар барысының популяциясын сақтау бойынша белсенді шаралар қабылдау қажеттілігіне аударуға және Қызыл кітапқа енген жануардың жойылып кету қаупін азайтуға бағытталған.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар мен өтінімдерді қабылдау ережелері туралы толығырақ конкурс туралы Ережеде танысуға болады.