Өтінімдерді қабылдау: Орталық Азия мен Ауғанстан үшін «Жарық сәулесі» бастамасы: Азаматтық қоғамның өңірлік консультативтік тобы (АҚ-ӨКТ)

Тарихы

Орталық Азия мен Ауғанстандағы "Жарық сәулесі" бастамасы парламентарийлерді, министрліктер мен мекемелерді, сот және полиция органдарын, азаматтық қоғам ұйымдарын (АҚҰ), белсенділерді, зардап шеккендерді, жастарды, ерлер мен діни көшбасшыларды қоса алғанда, үкіметтік және үкіметтік емес мүдделі тараптардан тұратын жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық (ЖГЗ) мәселелері жөніндегі Орталық Азия альянсын дамытуға инвестиция салатын болады.

Альянстың рөлі мемлекеттік және мемлекеттік емес алдын-алу, әрекет ету және мінез-құлықты өзгерту стратегияларының, сондай-ақ балалар некелерін, ерте және мәжбүрлі некелерді қоса алғанда, ЖГЗ мен зиянды практиканы жоюға арналған құралдардың тиімділігін арттыруға, олардың қамтылуына қолдау көрсету мақсатымен нақты іс-қимылдарға бағдарланған модельдерді, құралдар мен әріптестіктерді әзірлеуге негізделеді.

Орталық Азиядағы "Жарық сәулесі" бастамасының әріптестігі шеңберінде Орталық Азияда 2018 жылғы қаңтарда Еуропалық комиссия жүргізген Орталық Азия үшін гендерлік зерттеуден туындайтын негізгі ұсынымдар қарастырылатын болады.[1]

Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркіменстандағы және Өзбекстандағы БҰҰ (БҰҰЕК) елдік командаларын жұмылдыра отырып, сондай-ақ, Ауғанстанмен әріптестікте "Жарық сәулесі" бастамасы жеке елдік бағдарламаларының жұмысын нығайта отырып, өңірдегі маңызды вакуумды толтыруға ұмтылады. Қазіргі уақытта Орталық Азияда ЖГЗ алдын-алуға, оған қатысты әрекет етуге және осы бағытта жалғасып жатқан ұлттық және қоғамдық күш-жігерді қолдау үшін мінез-құлықтың өзгеруіне қатысты консенсус пен жалпы платформаның болмауы байқалады. "Жарық сәулесі" бастамасының Орталық Азияға арналған өңірлік бағдарламасы өңірлік деңгейде қабылданған барлық модельдер, құралдар мен трансформациялық тәсілдер Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны (ӘКЖК), Бала құқықтары туралы конвенцияны (БҚК) және Стамбул конвенциясы ретінде белгілі Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясын қоса алғанда, ЖГЗ бойынша жұмысты айқындайтын халықаралық нормалар мен стандарттарды нығайтуды және жүзеге асырылуын қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, модельдер ЖГЗ алдын алу және оған қатысты әрекет ету жөніндегі шаралардың сенімді болуын қамтамасыз ету үшін гендерге сезімтал бюджеттеу (ГСБ) әдіснамасының – оның ішінде шығындарды бағалаудың маңыздылығын көрсететін болады.

Азаматтық қоғамды тарту және оған қатысу

Орталық Азиядағы "Жарық сәулесі" бастамасының табыстылығы әйелдердің құқық қорғау топтары мен, оның ішінде жас әйелдер мен кемсітудің қиылысатын нысандарына тап болатын (мысалы, ауылдық елді мекендерде тұратын, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен өмір сүретін әйелдер мен қыздар, ЛГБТИ, этникалық азшылықтардан және жергілікті халықтан, мүгедектікпен өмір сүретін тұлғалар және т.б.) топтарды ұсынатын азаматтық қоғамның тиісті құқық қорғау ұйымдарының елеулі қатысуына байланысты және бұл осы бастаманың негізгі қағидаты болып табылады.

Осы қағидаттарға сәйкес азаматтық қоғамның «Жарық сәулесі» өңірлік бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға жүйелі қатысуын қамтамасыз ету үшін институционалдық тетік ретінде Азаматтық қоғамның өңірлік консультативтік тобын (АҚ-ӨКТ) құру жоспарлануда. АҚ-ӨКТ қос функцияны орындайды – бағдарламалық командаға кеңес беру, сондай-ақ оның мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсету.

Мақсаты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Еуропалық Одақтың (ЕО) Қазақстан Республикасындағы делегациясы 2020 жылдың үшінші тоқсанында бастау жоспарланып отырған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ӘҚҚЗ (әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық) ден қою жөніндегі "Жарық сәулесі" жаңа өңірлік бастамасы шеңберіндегі консультативтік кеңесте АҚ-ӨКТ-ге қатысуға тиісті білікті үміткерлерден өтінімдер қабылдауды бірлесіп ашып отыр.

Орталық Азия мен Ауғанстан үшін азаматтық қоғамның Өңірлік консультативтік тобының құрамы

АҚ-ӨКТ бұл ӘҚҚЗ мен зиянды практикаларды жою жөніндегі, сондай-ақ кең мағынасында әйелдердің құқықтары жөніндегі 15 көрнекті өңірлік сарапшылардан тұратын топ. АҚ-ӨКТ сондай-ақ дауыс беру құқығынсыз өкілдер ретінде "Жарық сәулесі" бастамасының[2] өңірлік көпжақты басқару комитетінде жұмыс істеу үшін өз мүшелерін тағайындайды. Бастаманың өңірлік көпжақты комитетіне кеңес беруге қосымша, оның ішінде кемсітудің көптеген және қиылысатын нысандарына тап болатын неғұрлым шектелген топтар үшін техникалық консультациялар беруге және ӘҚҚЗ проблемасын шешу бойынша жоспарлауды ақпараттандыруға жүйелі түрде қатысуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы "Жарық сәулесі" бағдарламалық командасымен тығыз жұмыс қарым-қатынасы болады, бұл "ешкімді артта қалдырмау" 2030 күн тәртібіндегі шақыруға ден қоюдың кілті болып табылады.

Мандаттың қолданылу мерзімі

АҚ-ӨКТ мүшелері өз міндеттерін жеке тұлға ретінде атқаратын болады. Бастапқы тағайындау екі жылға белгіленеді және ең көбі үш жылға ұзартылуы мүмкін.

Іріктеу критерийлері

АҚ-ӨКТ қатысу үшін саны 15-тен аспайтын мүшелер іріктеледі. Мүшелер арасындағы теңгерімді сақтау үшін келесі критерийлерге жауап беретін кандидаттарға ерекше көңіл бөлінеді (әрбір мүше кем дегенде 4 критерийге сәйкес келуі керек):

  • АҚ-ӨКТ мүшелерінің кемінде 50%-ы әйелдер қорларын және жергілікті қауымдарды ұсынатындарды қоса алғанда, өңірлік/суб-өңірлік әйелдер құқық қорғау ұйымдарының/желілерінің көшбасшылары немесе мүшелері болуы тиіс, әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдік саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі болуы және құқық қорғау тәсіліне негізделе отырып, ӘҚҚЗ жою саласында сараптамалық білімі болуы тиіс
  • Бұдан басқа, мүшелердің құрамына адам құқықтары мен феминистік құрылымдар саласында білімі, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау мәселелерінде тәжірибесі бар адамдар кіруі тиіс
  • "Ешкімді артта қалдырмау" қағидатына сәйкес салааралық түрлілік және халық қауымдарының/топтарының алуан түрлілігі қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ ӘҚҚЗ бастан кешкен адамдар, жыныстық және ұрпақ жаңғырту денсаулығы мен адам құқықтары саласындағы белсенділер, тұрғылықты халық топтарының көшбасшылары, ЛГБТИ көшбасшылары, мүгедектер ұйымдарының, жергілікті және қауымдық ұйымдардың, желілер мен қозғалыстардың, кәсіподақтардың және АҚТҚ-мен өмір сүретін белсенділердің өкілдері, мигранттар, үй, бейресми және секс-жұмыскерлер бағдарламаға енгізу үшін қаралатын болады.
  • АҚ-ӨКТ-дегі барлық елдердің/өңірлердің/облыстардың әділ өкілділігін қамтамасыз ету үшін географиялық теңгерім негізгі фактор болып саналатын болады
  • Топтың құрамына жастар желілері, діни топтар және құқық қорғау тәсілін пайдалана отырып, ӘҚҚЗ жою бойынша жұмыс істейтін ерлер мен жасөспірімдер желілері сияқты халықтың маңызды топтарының өкілдері кіруі тиіс
  • АҚ-ӨКТ мүшелерінің үкіметтермен немесе саяси партиялармен ешқандай ресми байланысы болмайды
  • АҚ-ӨКТ мүшелері өз ұйымдарының өкілдері ретінде емес, жеке тұлға ретінде топқа қосылады

АҚ-ӨКТ мүшелері өз функцияларын өз ұйымдарының немесе жеке мердігерлердің өкілдері ретінде емес, дербес тұлға ретінде орындайды. Осылайша, АҚ-ӨКТ қабылдайтын барлық шешімдер мен іс-әрекеттер өңірлік бағдарламаның ең үздік мүдделеріне, "Жарық сәулесі" бастамасының мақсаттары мен міндеттеріне негізделуі тиіс.

Жоғарыда баяндалған критерийлерге сәйкес одан әрі іріктеу жүргізу үшін үміткерлер ұзартылған тізімі дайындалатын болады. БҰҰ өкілдері мен АҚҰ өңірлік өкілдерінен тұратын іріктеу комитеті үміткерлердің ұзартылған тізімді қарап, Орталық Азия мен Ауғанстандағы "Жарық сәулесі" бастамасының тұрақты мүшелері ретінде 12-15 үміткерді таңдайды. Іріктеу комитеті консенсус негізінде шешім қабылдайтын болады.

Өтінім берушіге қойылатын талаптар

Барлық мүдделі тұлғалар "Жарық сәулесі бастамасы - Орталық Азия мен Ауғанстан үшін АҚ-ӨКТ-ге қатысуға өтінім" тақырыбымен төмендегі электрондық мекенжайларға қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс (төменде қараңыз): sagida.yerkinbay@one.un.org және abylaikhan.dauletalin@one.un.org:

1. Өтініштің толтырылған нысаны (үлгісі төмендегі 1-қосымшада берілген)

2. Сіздің кәсіби дайындығыңызды және жұмыс тәжірибеңіз, соның ішінде әйелдер/феминистік қозғалыстағы тәжірибеңіз көрсетілген, 3 беттен аспайтын түйіндеме

3. Өтінім беру себептері және АҚ-ӨКТ-ге енгізгіңіз келетін үлесіңіз көрсетілген, 1 беттен аспайтын уәждемелік хат

4. Қоса беріліп отырған 2-қосымшамен (АҚ-ӨКТ техникалық тапсырмасы) және 3-қосымшамен (АҚ-ӨКТ ар-намыс кодексі) танысуларыңызды сұраймыз, оған АҚ-ӨКТ әрбір іріктелген мүшесі қол қою қажет болады.

5.  Өтінімдеріңізді 2020 жылдың 07 тамызына дейін тапсыруларыңызды өтінеміз.

Өтініш нысаны (қаз.)

Техникалық тапсырма RKG-GO (қаз.)

Ар-намыс кодексі (RKG-GO) (қаз.)