Халықаралық қар барысы күніне арналған «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауы

23 қазан күні бүкіл әлем Халықаралық қар барысы күнін атап өтеді. Осы күнге орай, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетімен бірлесе,  сирек кездесетін жануарды қорғау мен сақтауға арналған,  «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауын  өткізеді.

Байқау Қазақстанның келесі өңірлерінде, қар барысының мекендеу ареалында тұрып жатқан қатысушылар үшін өткізіледі: Шығыс Қазақстан облысының Алтай, Қатон-Қарағай, Күршім, Зайсан,  Үржар аудандары, Алматы облысының  Кеген, Сарканд, Талғар аудандары, Түркістан облысының Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт аудандары, Жамбыл облысының Мерке, Жуалы ауданында тұрып жатқан, 7-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жүргізіледі.

Толығырақ мәлімет конкурс ережесінде көрсетілген.