Тұрақты дамудың 17 мақсаты (ТДМ) бойынша видео-жобаға қатысу конкурсы

БҰҰДБ "ТДМ ұлттық платформасын құру үшін серіктестік" ТДМ-тарын іске асыру саласында қызмет атқаратын ұлттық сарапшыларды видео-жобаға қатысуға шақырады. Сарапшылар өздерінің Қазақстанда ТДМ-тарын жүзеге асыру тәжірибесімен дәріс форматында 2 минуттық бейне-роликте бөлісіп, осы салада туындайтын басты қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы баяндап бере алады.

Егерде cіз:

ü  ТДМ бірінің сарапшысы болсаңыз

ü  Қазақстанда ТДМ-тарын жүзеге асыру жобаларын жүргізген болсаңыз/ қазіргі уақытта жүргізіп отырсаңыз

ü  ТДМ дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе,

Біз cізден қатысу өтінімін күтеміз!  

Өтінімдер 10 тамызға дейін aigerim.yegemberdiyeva@undp.org поштасына қабылданады.

Өтінімде келесі ақпарат қамтамасыз етілуі қажет:

1)      Cіздің ТДМ қатысты кәсіби қызметіңіз туралы қысқаша ақпаратпен бірге, нақты ТДМ жайлы сараптамаңызды көрсету;

2)      Қазақстан үшін ерекше маңызды 2-3 ТДМ негізгі аспектілерін айқындау;

3)      Сіздің өтініміңізді күшейте алатын кез-келген қосымша құжаттар.

Сарапшылар жіберілген сараптама мен таңдаған ТДМ Қазақстанға өзектілігін көрсете алу негізінде іріктеледі.