Украина халқын, босқындарды қабылдайтын көрші елдерді қолдау үшін БҰҰДБ-ның дағдарысқа реакциясы

2022 ж. 3 March

Фото: БҰҰДБ

Нью-Йорк, 1 наурыз 2022 ж. - БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен Украина ішіндегі де , украиндық босқындарды қабылдайтын көрші елдердегі де дағдарыстың ушығуына кешенді ден қою үшін күш-жігерді біріктіреді. Шұғыл сұрау салу (Flash Appeal) Украинада зардап шеккен адамдарға қол ұшын береді, ал Өңірлік босқындар проблемаларына ден қою жоспары Украинадан тыс баспана іздейтіндерге қорғаныс пен көмек көрсету үшін өмірлік маңызды қолдауды қамтамасыз етеді.

Келесі үш айда Шұғыл гуманитарлық сұрау салу Украинада қорғаныс пен қолдауға мұқтаж алты миллионнан астам адамға көмек көрсету үшін 1,1 миллиард АҚШ долларын бөледі. БҰҰДБ тарапынан көрсетілетін көмек, сондай-ақ азық-түлік жеткізілімдерін қолдауды, адамдар мен қоғамдастықтарды біріктіруді, төтенше жағдайларға ден қоюды қамтитын болады.

Украинада БҰҰДБ зардап шеккен халықтың, әсіресе ел ішіндегі босқындардың ең күттірмейтін қажеттіліктеріне ден қоятын болады. Бұрыннан келе жатқан жергілікті әріптестермен өзара іс-қимыл жасау арқылы өмір сүруге қажеттімен қамтамасыз ету және базалық қызметтерді қалпына келтіру жағынан кезек күттірмейтін қолдау көрсетілетін болады. БҰҰ-дың минасыздандыруға байланысты қызмет мәселелері жөніндегі қызметімен (ЮНМАС) және басқа да әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, БҰҰДБ әскери іс-қимылдар барысында зардап шеккен аумақтарды минасыздандыру жөніндегі жұмысқа қатысады. 

Қақтығыс басталған сәттен бері бір аптадан аз уақыт бұрын Украинадан 600 000-нан астам адам кетіп, ел ішінде миллиондаған адамдар жер ауыстырып кетті. БҰҰ БЖКБ бағалауы бойынша, төрт миллионнан астам адам Украинадан кетіп, өңірдегі басқа елдерден қорғаныс пен қолдау іздеуі мүмкін. Агенттік аралық босқындар проблемаларына ден қою жоспары төрт түйінді мақсатты көздейді: әр босқынға қауіпсіздік пен халықаралық қорғауға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қабылдаушы елдерді қолдау; қабылдаушы елдердің босқындар мен үшінші елдердің азаматтарына уақтылы және өмірлік қажетті гуманитарлық көмек көрсету қабілетін қамтамасыз ету; қоғамға шешімдер іздестіруде жәрдемдесу; елдік және өңірлік деңгейде әріптестер арасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету. 

«Мені жалғасып жатқан әскери шабуыл нәтижесінде зардап шеккен және жер аударған миллиондаған украиндықтардың тағдыры қатты алаңдатады», - деді Ахим Штайнер, БҰҰДБ әкімшісі. «Біз БҰҰ-дың бүкіл жүйенің ең көп зардап шеккен адамдарды, сондай-ақ Украинадан келген босқындарды қорғау және оларға көмек көрсету жөніндегі күттірмейтін күш-жігерді қолдауға және жағдай дұрысталған кезде қалпына келтіру жұмыстарын кеңейтуге шақыруына қосылдық».

Украинамен көршілес босқындарды қабылдайтын елдердің үкіметтерімен серіктестікте БҰҰДБ шұғыл медициналық қызметтер мен психоәлеуметтік консультациялар беруге,  жедел жәрдем машиналары мен автобустарды қоса алғанда, адамдарды шекара арқылы тасымалдауға, сондай-ақ уақытша тұрғын үй мен баспана беруге қолдау көрсетеді.

«Мен зорлық-зомбылықты тоқтату керек деп айтқан кезде БҰҰ Бас хатшысына және БҰҰ-дағы әріптестерімізге қосыламын. Бізге бейбітшілік керек. Адамдардың өмірі, олардың қадір-қасиеті мен адам құқықтары қорғалуы тиіс», - деп қосты Ахим Штайнер.