Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.

 

11 қараша, Нұр-Сұлтан – БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстандағы БҰҰ ғимаратының төбесінде қуаты 25 кВт күн электр станциясын (КЭС) орнатты. Ол ғимараттың электр энергиясын тұтынуының жалпы көлемінен «жасыл» электр энергиясының 20 пайызына дейін өндіретін болады және СО2 жыл сайынғы шығарындыларын 11,5 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.  

Күн электр станциясы БҰҰДБ штаб-пәтерінің, сондай-ақ БҰҰ бірқатар агенттіктерінің, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің, Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы коммисары Басқармасының кеңселерін қоса алғанда бірқатар агенттіктердің қаржылық қолдауымен орнатылды. БҰҰДБ-ның бұл бастамасы жергілікті ұйымдар үшін үлгі болады және олардың көміртегі ізін азайту жөнінде шаралар қабылдауға шабыттандырады деп үміттенеді.

«Қазақстанда және бүкіл әлемде БҰҰДБ елдерді климаттық және экологиялық саясатты жетілдіру және іске асыру мәселелерінде қолдайды, тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асырады. Бұдан басқа, «Greening Moonshot» сияқты интервенциялар корпоративтері шеңберінде біз адамдар мен табиғаттың теңгерімі үшін төмен көміртекті дамуға деген өз бейілділігімізді растаймыз. Біздің күш-жігеріміз бүкіл елдегі басқа ұйымдар үшін үлгі болады деп үміттенеміз», - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Елдің 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсатына орай бұл бастама БҰҰ жүйесінің ұйымдар мен жеке үй шаруашылықтарының шағын ЖЭК-ті пайдалануын кеңінен танымал етуге қосқан үлесі болады.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі негізгі агенттіктерінің бірі бола отырып, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бүкіл әлем бойынша өзінің операциялық қызметінде көміртегі ізін азайтуға бейілділігін көрсетеді. Осылайша, 2019 жылы БҰҰДБ штаб-пәтерінде операциялық қызметке байланысты, оның ішінде ғимараттарға қызмет көрсетуді қоса алғанда, парниктік газдар шығарындыларын БҰҰДБ-ның барлық кеңселерінде 2025 жылға қарай 25 пайызға және 2030 жылға қарай 50 пайызға қысқарту міндеті қойылды.

Қазақстандағы БҰҰДБ көміртек ізін азайтуға жаңартылатын энергия көздерін орнату есебінен ғана емес, сондай-ақ ұйымның неғұрлым экологиялық корпоративтік мәдениетін қалыптастыру: іс-шараларды онлайн және гибридтік форматтарда өткізу, жылжудың неғұрлым экологиялық форматтарын таңдау, қоқысты сұрыптау, электр энергиясы мен жылуды үнемдеу, ағаш отырғызу және т.б. есебінен қол жеткізіледі.

Бүгінгі таңда БҰҰДБ-ның 167 елдік кеңсесінің 20-дан астамы өз кеңселерін «жасыл» энергиямен қамтамасыз ету үшін технологиялық шешімдерді қолдануда. Кеңселерде жиынтықта жылына 2,7 ГВтч таза, қолжетімді және сенімді электр энергиясын өндіретін 1,4 МВт күн панелі орнатылды, бұл парниктік газдардың жыл сайынғы шығарындыларын СО2-экв 1000 тоннадан астамға қысқартуға және электр энергиясынан 600,000 АҚШ долларын үнемдуге мүмкіндік берді.

Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.
Фото: Қазақстандағы БҰҰДБ, қыркүйек 2021 жыл.
Icon of SDG 07 Icon of SDG 11

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан