Eni компаниясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы Түркістан қаласындағы орта мектептің энергия тиімділігін арттыру және жаңғырту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2021 ж. 4 May

Нұр-Сұлтан қаласы (Қазақстан), 4 мамыр 2021 жыл Оңтүстік Қазақстанның Түркістан қаласында орналасқан бір орта мектепте жаңартылатын күн энергиясы технологиясын қолдануға және энергия тиімділігін арттыруға арналған жобаны жүзеге асыру мақсатында Эни компаниясы мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Осы Ынтымақтастық туралы келісім тұрақты энергетикаға қол жеткізу және климаттың өзгеруі сияқты ірі мәселелерді шешуге арналған өзара түсіністік туралы меморандум түрінде 2018 жылдың қыркүйегінде Эни мен БҰҰДБ арасында жасалған кеңірек серіктестік келісіміне негізделген.

Жобаның мақсаты - мектептің жалпы электр энергиясының 20 пайызына дейін күн энергиясымен қамтитын жаңартылған энергия көзін енгізу. Нәтижесінде мектептегі электр қуатын тұтыну, электр энергиясына қаржылық шығындар және CO2 шығарындылары кем дегенде 20 пайызға азаяды. Сонымен қатар, жоба мектептің оқушыларына, мектептің ұжымына және жергілікті халыққа арнап энергия тиімділігі мен жасыл энергия жөнінде оқыту өткізіп, хабардарлықты арттырады.

Эни мен Қазақстандағы БҰҰДБ арасындағы осы жоба барлық адамдарға арналған қол жетімді және орнықты энергияны қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруі мен оның салдарымен күресуге бағытталған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, оның ішінде 7-ші және 13-ші мақсаттарын орындауға үлесін қосады. Басқа да объектілерге қолдануға болатын осы бастама осыған ұқсас мәселелерді қоғамдық және жекеменшік ұйымдардың күш-жігерін біріктіре отырып, серіктестіктер арқылы шешуге болатындығын көрсетеді.