Бүгін БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Оксфорд университеті жариялаған жаңа деректерге сәйкес COVID-19-ға қарсы вакциналарды әділетсіз бөлу, егер вакциналарды жеткізу көлемін күрт арттыру және оның ішінде қолда бар вакцина запастарын беру арқылы оларға әрбір ел үшін әділ қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша кідіріссіз шараларды қолданылмаса, табыс деңгейі  төмен және табысы орташа деңгейден төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру қарқыны үшін ұзақ мерзімді және терең теріс салдарларға әкеп соғады.

Өндіріс көлемінің жедел артуы және вакцина дозаларының жеткілікті санын табыс деңгейі төмен елдердің пайдасына өтеусіз беру 2021 жылы олардың болжамды ЖІӨ-нің 38 млрд. АҚШ доллары сомасына, егер олар табыс деңгейі жоғары елдерде белгіленетін вакциналау көрсеткіштеріне шыққан болса, өсімін қамтамасыз ете алар еді. Қазір бай елдер пандемиядан зардап шеккен экономикасын ынталандыруға бірнеше триллион қаражат жұмсаған кезде, олардағы вакциналардың бір бөлігін тез арада беруді қамтамасыз ету, вакциналар өндірісінің көлемін ұлғайту үшін барлық кедергілерді жою және вакциналарды әділ бөлу үшін қажетті қаржылық қолдау көрсету сәті келді, бұл сайып келгенде жаһандық экономикалық қалпына келтіруге жағдай жасайды.

Басқа вакциналармен салыстырғанда COVID-19-ға қарсы вакциналар дозасының жоғары бағасы және оларды жеткізудің жоғары құны, медициналық персоналдың тиісті өсуіне жұмсалатын шығындарды қоса алғанда – мұның бәрі денсаулық сақтаудың нәзік жүйелеріне үлкен ауыртпалық әкелуі мүмкін және жоспарлы иммундау мен денсаулық сақтаудың басқа да маңызды қызметтерінің көрсетілуін бұзуы мүмкін, сондай-ақ қызылша, пневмония және диарея ауруларының қауіпті өршуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, мысалы ВПЧ-ға қарсы  қауіпсіз және тиімді вакциналарды енгізу сияқты иммундаудың басқа түрлерін кеңейту мүмкіндіктерінің жоғалу қаупі байқалады. Табыс деңгейі төмен елдер вакциналарға тұрақты бағамен уақтылы қол жеткізуді және уақтылы қаржылық қолдауды қажет етеді.

БҰҰДБ, ДДҰ және Оксфорд университетінің жанындағы Блаватник мемлекеттік басқару мектебінің бірлескен бастамасын – COVID-19-ға қарсы вакциналарды әділ бөлу мәселелері жөніндегі жаһандық ақпараттық панельді іске асыру нәтижесінде алынған тұжырымдар, – оның аясында COVID-19-ға қарсы  вакциналау саласындағы жағдай туралы өзекті ақпарат соңғы әлеуметтік-экономикалық деректермен салыстырылады, бұл вакциналарға әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуді жеделдету адамдардың өмірін сақтап қалу үшін ғана емес, сонымен бірге пандемиядан кейін неғұрлым тез және әділ қалпына келтіру үшін де маңызды екенін көрсетеді.

«Табысының деңгейі төмен және орташа кейбір елдерде халықтың 1%-дан кемі вакцинацияланды, осыған байланысты адамзаттың екі топқа бөлінуі байқалады, оларда COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру мүлдем әртүрлі қарқынмен жүріп жатыр», – деді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер. - Тез ұжымдық іс-қимылдың уақыты келді. COVID-19-ға қарсы вакциналарды әділ бөлу мәселелері жөніндегі жаңа жаһандық ақпараттық панель ел үкіметтерін, директивтік органдар мен халықаралық ұйымдардың басшылығын бүкіл әлем бойынша вакциналармен қамтамасыз етуді жеделдетуге және пандемияның әлеуметтік-экономикалық жағымсыз салдарларын жеңілдетуге көмектесетін ерекше аналитикалық деректермен қамтамасыз етеді».

Халықаралық валюталық қорды, Дүниежүзілік банкті, ЮНИСЕФ пен ГАВИ Альянсын қоса алғанда, көптеген көздерден түсіп жатқан деректерді және «Әлемдік экономиканың даму перспективалары» басылымында ұсынылған жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсу қарқынын талдау нәтижелерін қолданатын Жаһандық ақпараттық панельге сәйкес, болжам бойынша, неғұрлым бай елдер халықты вакциналауды тезірек жүргізеді де COVID-19 пандемиясынан кейін өз экономикаларын тезірек қалпына келтіреді, ал осы уақытқа дейін тіпті медицина қызметкерлері мен ең қауіпті топтардың өкілдерін вакциналамаған неғұрлым кедей елдер COVID-19 пандемиясынан бұрын болған көрсеткіштеріне, 2024 жылға дейін де жете алмайды. Сонымен бірге, «Дельта» нұсқасы мен вирустың басқа нұсқаларына байланысты кейбір елдер қатаң шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүр. Бұл пандемияның әлеуметтік, экономикалық және медициналық-санитарлық салдарларын, әсіресе халықтың ең осал және маргиналданған топтары үшін одан әрі күшейтеді. Вакциналармен қамтамасыз етілудегі теңсіздік барлық елдерге қауіп төндіреді және Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізудегі осындай қиындықпен қол жеткізілген жетістіктерді жоққа шығарады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры д-р Тедрос Адханом Гебрейесус: «Вакциналармен қамтамасыз етудегі теңсіздік – бұл пандемияны жоюға және COVID-19-дан кейін қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерде адамзаттың алдында тұрған ең салмақты кедергі», - деді. «Экономикалық, эпидемиологиялық және моральдық тұрғыдан алғанда, барлық елдердің мүдделері үшін өмірлік маңызды вакциналарға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ең соңғы деректерді пайдалану керек».

Даму саласындағы саясаткерлер мен серіктестерге вакциналар теңсіздігін азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік беру үшін құрылған Жаһандық ақпараттық панельде вакциналармен қамтамасыз ету ахуалы – алдымен өлім-жітімді азайту және денсаулық сақтау жүйелерін қорғау үшін ең жоғары қауіп топтарында, содан кейін ауруды азайту және әлеуметтік-экономикалық қызметті қалпына келтіру үшін бүкіл халықты вакциналау бойынша міндеттерге біртіндеп қол жеткізумен қалай байланысты екені туралы аналитикалық ақпарат бар.

Жаһандық ақпараттық панель пандемиядан кейін әділ және тұрақты қалпына келтіруді қолдау және денсаулыққа байланысты ТДМ-ға қол жеткізу жөніндегі одан арғы қызмет мүддесінде көпжақты жүйе шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық адамдар үшін салауатты өмір мен әл-ауқатты қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарына (ТМД3 ЖІҚЖ) сүйене отырып жұмыс істейді.

«Пандемиядан арылу үшін вакциналау көрсеткіштеріндегі алшақтықты жою қажет. Жаһандық ақпараттық панель вакциналардың қандай көлемі берілгені туралы ғана емес, сонымен қатар осы вакциналардың соңғы алушыларға жетуі үшін қандай саясат шаралары мен тетіктері тиімді екені туралы нақты және өзекті ақпарат беру арқылы вакциналармен жаһандық қамтамасыз етуді күшейту және жеделдету шараларын қабылдауға көмектеседі», - деді Томас Хейл, Оксфорд университетінің жанындағы Блаватник мемлекеттік басқару мектебінің жаһандық мемлекеттік саясат кафедрасының доценті.

Жаһандық ақпараттық панельде ұсынылған ақпарат жаңа деректердің түсуіне қарай нақты уақыт режимінде жаңартылады, сол арқылы халықаралық қоғамдастықтың вакциналармен әділ қамтамасыз етуге қол жеткізу тетіктерін түсінудегі сыни олқылықтардың орнын толтырады. Жаһандық ақпараттық панельдің веб-сайтында ұсынылған кез-келген деректер жиынтығын пайдаланушылардың толық көлемде жүктеуі үшін техникалық мүмкіндік бар және жүктеу барлық жағынан құпталады

***

БҰҰДБ туралы ақпарат:

БҰҰДБ - кедейлікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен байланысты әділетсіздікті жою үшін күрес саласындағы БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы. Біздің 170 елдегі сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен өзара іс-қимыл жасай отырып, біз елдерге адамдар мен планетаның игілігі үшін кешенді және ұзақ мерзімді шешімдер жасауға көмектесеміз. 

ДДҰ туралы ақпарат:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі жаһандық басқарушы орган болып табылады. ДДҰ 1948 жылы құрылған, оның құрамына әлемнің алты өңіріндегі 194 мүше мемлекет кіреді және оның қызметі денсаулықты нығайтуға, әлемдегі қауіпсіздікті қолдауға және халықтың осал топтарын көрсетілетін қызметтермен қамтуға бағытталған. Біздің 2019-2023 ж.ж. мақсатымыз тағы 1 миллиард адамды денсаулық сақтау қызметтеріне жалпыға бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз ету, тағы 1 миллиард адамды денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардан қорғау және тағы 1 миллиард адамның денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру.

Icon of SDG 03

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан