20-дан астам елдің өкілдері Астана мемлекеттік қызметі хабы алаңында пандемия жағдайындағы үкіметтердің дағдарыстық коммуникацияларын талқылады

2020 ж. 22 September

Жиырмадан астам ел өкілдері коронавирустық пандемия кезіндегі үкіметтердің қолданып отырған тиімді стратегиялық коммуникацияларын талқылады. Астана мемлекеттік қызмет хабы бастамасымен және БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) қолдауымен халықаралық онлайн-семинар өткізіліп, Грузия, Қазақстан, ЭЫДҰ және АҚШ сарапшылары дағдарыстық коммуникация саласындағы өз елдері тәжірибесімен бөлісті.

Пандемия мемлекеттік коммуникациялар мен ақпаратты басқару және оны өңдеудің маңыздылығын көрсетті. Тиімді коммуникациялық стратегия - қоғамдық сенім мен дағдарысты басқаруда маңызды элементтердің біріне айналды.

Семинарды аша отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов «дағдарыс жағдайында қоғамдық сенім маңыздылығы бұрынғыдан да арта түсетіндігін» атап өтті. «Сенім - шешуші фактор, әлеуметтік құндылық қана емес, сонымен бірге тиімді әкімшілік капитал. Сенім деңгейі үкіметтер, қоғамдардың және экономикалардың дағдарыстан шығу бойынша күш-жігерін қолдауға қызмет етеді. Тиімді коммуникациялық стратегия - халықтың сенімін арттыру мен дағдарыстарды басқарудың маңызды құралы», - деді.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдердің мемлекеттік органдары коммуникациялық блогы дағдарыс жағдайында жұмыс істеуге дайын емес болып шықты. Соның нәтижесінде медиа кеңістік асыра сілтеушілік, тосқауылсыз өсек-аяң, алып-қашпа әңгіме, фейк, мифтер, түрлі негізсіз ақпарат сияқты теріс үдерістерге толды. Коммуникацияларды тиімді басқарудың болмауы тұрғындардың мемлекеттік ақпарат көздеріне сенімсіздігін тудырды, оның апаттық салдарының бірі – карантиндік шаралар мен вирус жұқтыру алдын-алу шараларын елемеуге соқтырды.    

«COVID-19 пандемиясы әлем бойынша үкіметтер үшін елеулі сынақтардың бірі болды. Ол мемлекеттік дағдарыстық коммуникациялардың тиімділігі дағдарысты еңсеру бағытында жауап ретіндегі ұлттық шараларға әсер ететіндігін көптеген мысалдар арқылы көрсетті», - деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш.

Семинар барысында қатысушылар тиімді цифрлы коммуникациялық шешімдер, үкімет пен БАҚ-тың өзара әрекеттесуі, деректер алмасу мен қоғамның кең ауқымын қамту  мәселелерін талқылады. Семинарға 140-тан астам қатысушы  - Еуропа, Азия, Америка және Африка елдері уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, сарапшылары мен практиктері, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫДҰ, ЮСАИД, WGS сияқты халықаралық ұйымдар өкілдері ат салысты. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық азаматтық қызмет комиссиясының (ICSC) Төрағасы Ларби Джакта мырза іс-шараның құрметті қонағы болды.

Семинарға спикерлер ретінде дағдарыстық коммуникациялар құрумен айналыстан практиктер қатысты. Олардың арасында - «Voice from Georgia» үкіметтік емес ұйым  Басқарма төрағасы, медиа зерттеулер ауқымында Грузия үкіметіне ұсыныстар әзірлеушілердің бірі - Иракли Таблиашвили, ЭЫДҰ Мемлекеттік секторды басқару жөніндегі директоратының саяси аналитигі, коммуникация саласындағы инновациялық әдістерді және жалған ақпараттық тәсілдерді зерттеушіcі Карлотта Альфонси, АҚШ Сенаторының аппарат басшысы орынбасары, бұрынғы баспасөз хатшысы және коммуникациялар бойынша директоры Эдвард Шелби және Factcheck Қазақстан жобасының қазақ тіліндегі нұсқасының Бас редакторы Думан Смақов болды.