15 қыркүйек, Нұр-Султан – БҰҰ Даму Бағдарламасы короновирус пандемиясы әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жұмсарту бойынша Қазақстан үкіметіне жедел қолдау көрсету бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтағы 150 жасқа жұмысқа орналасу мүмкіндігін берді. Карантин кезінде жұмысынан айырылған жастар кәсіби біліктіліктерін арттыру тренингтері мен менторлық қолдауды қамтитын үш айлық тағылымдамадан өтті.

Қатысушылар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды облысындағы кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдарға жіберілді. Қатысушылар жаңа кәсіп игеру, тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болды, оған қоса ай сайын 60 000 теңге көлемінде шәкіртақы  алып отырды. Үш ай аралығында жұмыс берушілер оларды байқап көріп, озықтарына тағылымдама соңында еңбек келісімшарттарын ұсынды. Тағылымдамадан өтушiлердің басым бөлігі (84 адам) – әйелдер, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 90% астамы да әйелдер екені мәлім.

«Қазақстанда, бүкіл әлемде сияқты, COVID-19 пандемиясының елеулі әлеуметтік-экономикалық зардаптары байқалады, олар әсіресе әлеуметтік аз қорғалған халыққа ауыр әсер етуде. БҰҰ ДБ бастамасы экономикалық белсенділік бәсеңдеуі және жалпы еңбек нарығындағы бұлыңғырлық жағдайында әлеуметтік осал топтағы жастардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мен кәсіби біліктіліктерін дамытуға үлес қосуға бағытталған», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Жобаға әлеуметтік осал топқа кіретін жастарымен жұмыс істеуге арнайы оқытылған 25 тәлімгер жұмылдырылды. Тәлімгерлер қатысушылармен тұрақты түрде топтық және жеке кездесулер, мақсат қою, өзін-өзі ұйымдастыру, командада жұмыс істеу және тайм-менеджмент негіздері бойынша тренингтер өткізді. Коронавирус инфекциясы таралуына байланысты вирусқа қарсы шараларды сақтау және қашықтықтан тиімді жұмыс істеу тақырыптары да өзекті болды. 

Бұл бастама - БҰҰ Даму Бағдарламасының жастарды жұмыспен қамту бойынша Қазақстандағы кең көлемді стратегиясының бір бөлігі, қайта даярлау және кәсіби біліктіліктілікті арттыру, сонымен қатар еңбекке қажет кәсіпкерлік  машықты, сенімділік пен орнықтылықты нығайту арқылы жұмысқа орналастыруда қолдау көрсетуге бағытталған.    

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан