БҰҰДБ мен СІМ 2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастық басымдықтарын талқылады

2020 ж. 17 October

16 қазан Нұр-Сұлтан - БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жақында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

16 қазан, Нұр-Сұлтан - БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жақында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын және оны Қазақстан Үкіметі мен БҰҰДБ арасында дамыту саласындағы көпжылдық ынтымақтастық аясында бірлескен бастамалар арқылы жүзеге асыруды талқылады.

«БҰҰДБ Қазақстан Үкіметімен қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайды. Іске асырылған бастамалар мен қалыптасқан серіктестіктердің жетістіктеріне сүйене отырып, біз Қазақстанға елдің дамуын жеделдететін және қоғамға пайда әкелетін Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыруға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз», - деді Якуп Бериш, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Даму бағдарламасын 2021-2025 жылдарға арналған елдік бағдарламаның келісу және мақұлдау үдерісінің сәтті аяқталуымен құттықтады және бағдарламаның елдің басты даму бағыттарына сәйкес келетіндігін атап өтті.

ТДМ-ын басшылыққа ала отырып, БҰҰДБ Қазақстанға экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңарту, теңсіздікті азайту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару арқылы өсу траекториясын сақтауға қолдау көрсетеді. Төрт интеграцияланған бағытқа негізделген - адам капиталы, тиімді институттар мен сапалы қызметтер, жасыл экономика және кешенді жергілікті даму - жаңа ынтымақтастық стратегиясы халықтың осал топтарына назар аудара отырып, Қазақстанның дамуындағы трансформациялық өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған.

Кездесуде тараптар БҰҰДБ-ның Қазақстандағы коронавирустық пандемияның салдарын жеңілдету бойынша жедел қолдау шараларын, оның ішінде 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму стратегиясын қайта қарау үшін сараптамалық қолдауды, COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды, осал жастарға арналған төленетін тағылымдама бағдарламасы мен мемлекеттік қызметшілерінің цифрлық дағдыларын жақсарту жолдарын талқылады.

БҰҰДБ-сы Қазақстанға ықтимал дағдарыстарға төзімділігін қалыптастыруға көмектесетін, сондай-ақ барлық мүдделі тараптар мен осал топтарды ескеретін жаңа Елдік бағдарлама шеңберінде мемлекетті қалпына келтіру стратегиясына қолдауды күшейтеді.