БҰҰДБ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған топтар мен теңсіздікті жою мақсатында ынтымақтастықты кеңейтеді

2020 ж. 11 November

11 қараша, Нұр-Сұлтан - БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен кездесті. Тараптар БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа елдік бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

«БҰҰДБ Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайды. Біз мемлекеттік саясаттағы ел тұрғындарының, әсіресе қоғамның осал топтарының қажеттіліктеріне басымдық беретін тәсілді құптаймыз. Біз әлеуметтік қорғау саласындағы бірлескен бастамаларымызды кеңейтіп, халықтың осал топтарына қызмет көрсетуде цифрлық шешімдерге қолдау көрсетеміз және жастардың жұмысқа орналасуына байланысты туындайтын қиындықтарға деген төзімділігін арттырамыз деп үміттенеміз», - деді Якуп Бериш, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі.

Келіссөздер барысында тараптар дағдарыстың денсаулық сақтау саласында бұрыннан қалыптасқан теңсіздіктерін анықтап берген, COVID-19 пандемиясының жақында аяқталған әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалаудың нәтижелерін талқылады: халықтың осал топтары пандемия және онымен байланысты шектеуші шаралардан анағұрлым терең, әрі қатты зардап шекті; кері әсердің ауыртпалығы көбінесе әйелдерге, мүгедектерге, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатты ықпал етті.

«Біз Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнаттық. БҰҰДБ-ның қолдауымен биылғы жылы Қазақстан Республикасындағы COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдары бағаланды. COVID-19 пандемиясының шағын және орта бизнес өкілдеріне, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың қызметіне, жағдайы төмен отбасылардың, мүгедектердің, жұмыссыздардың, қарттардың және халықтың басқа да осал топтарының жағдайына тигізетін әсері талқыланды. Зерттеуде үкіметтің көмек шараларының. оның ішінде дағдарыстан кейінгі кезеңдегі шаралардың, тиімділігі мен икемділігін арттыру бойынша негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар берілген», - деді Біржан Нұрымбетов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Жүргізілген зерттеулер халықтың әлжуаз топтарына одан әрі қолжетімді болуы үшін әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту қажеттігіне де назар аударды. Экономикадағы бейресми деңгейдің жоғары болуы әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттырудың маңызды проблемасы болып табылады.

2000 жылдардан бастап БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен бірлесіп БҰҰДБ-сы Министрлікке кедейлікті төмендетуге, арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін құруға, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді моделін жасауға және мүгедектерге ерекше назар аудара отырып, жұмыспен қамтуға бағытталған стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды іске асыруда қолдау көрсетіп келеді.