COVID-19: ДДCҰ, ЮНИСЕФ және БҰҰДБ әлемдегі миллиардтаған адамдарға шынайы медициналық ақпаратты ұсыну мәселесі бойынша WhatsApp-пен ынтымақтасты

2020 ж. 20 March

Бүгін WhatsApp мессенджері коронавирус пандемиясымен жаһандық күресті қолдау үшін екі жобаның іске қосылғаны туралы жариялады: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және БҰҰ балаларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық қорымен ынтымақтастықта коронавирус бойынша WhatsApp ақпараттық бөлімінің жаһандық іске қосылуы және Пойнтер институтының (IFCN) "Фактілерді тексеру жөніндегі халықаралық желі" ұйымының қызметін қолдау үшін 1 миллион АҚШ доллары мөлшерінде грант бөлу.

Коронавирус бойынша WhatsApp ақпараттық бөлімі байланыс үшін WhatsApp мессенджерін пайдаланатын Денсаулық сақтау қызметкерлері, оқытушылар, қоғам қайраткерлері, коммерциялық емес ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жергілікті кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін қарапайым және пәрменді нұсқаулықты ұсынады. Сондай-ақ, сайт жалған ақпаратты таратуды қысқарту және нақты медициналық ақпаратты қолдау мақсатында бүкіл әлем бойынша пайдаланушыларға арналған жалпы нұсқаулар мен ақпарат көздерін ұсынады.

Бұл ұсыныстар шағын топтардың WhatsApp мүмкіндіктерін қалай толық пайдалана алатыны туралы қысқаша нұсқаулар береді және тікелей қалаларда күрес шараларын үйлестіретіндер арасында БҰҰДБ тарататын болады. Сонымен қатар, WhatsApp бүкіл әлем бойынша адамдарға ыстық желі бойынша хабарламаларды лезде тарату мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-пен қарым- қатынас жасайды. Бұл ыстық желілер сенімді ақпарат беретін болады және бұл желілер тізімі короновирус бойынша WhatsApp Ақпараттық бөлімінде көрсетіледі.

"Бүкіл әлем бойынша адамдар үшін COVID-19 вирусы туралы өзекті ақпарат алу пандемияның таралуын тежеу бойынша халықаралық қоғамдастықтың ең маңызды бөлігі болып табылады", - деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) әкімшісі Ахим Штайнер. "WhatsApp сияқты жеке компаниялармен әріптестік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан және жергілікті денсаулық сақтау министрлігінен әлемнің миллиардтаған пайдаланушыларына дейін нақты уақытта алынатын осы өмірлік маңызды ақпаратты жеткізуге көмектеседі".

Бүгінгі таңда WhatsApp бірқатар ұлттық денсаулық сақтау министрліктері мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейді, пайдаланушыларға Сингапур, Израиль, Оңтүстік Африка, Бразилия және Индонезия сияқты елдерде мәтіндерді беру арқылы нақты ақпарат береді. Күрестің жалғасуына қарай, бөлім соңғы ресурстарды пайдалана отырып жаңартылады.

IFCN ұйымдастыру үшін WhatsApp мессенджері бөлген 1 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі грант #CoronaVirusFacts альянсы үшін фактілерді тексеруді қолдайды, ол

кем дегенде 45 елде 100-ден астам жергілікті ұйымдарды қамтиды. Соңғы жылы WhatsApp ресурстарды/деректерді тартуға, алуға, пайдалануға және Whatsapp немесе SMS мессенджерін қоса алғанда, әртүрлі хабар алмасу қызметтерінде таратылуы мүмкін есту туралы хабарлауға фактілерді тексеретін ондаған ұйымдарды тарту үшін жұмыс істеді. Гранттың көмегімен қатысушыларды WhatsApp Business, соның ішінде WhatsApp Business API кеңейтілген функцияларын пайдалануға үйрету мүмкіндігі пайда болады. Фактілерді тексеру бойынша сертификатталған IFCN ұйымдары деректерінің қатысуын күшейту жергілікті тұрғындардың хабардар болуын және дезинформацияның әлеуетті кең таралуына ден қоюды қамтамасыз етуге көмектеседі.

"Біз бұл дағдарыс кезінде, достарымен немесе жақындарымен қарым-қатынас, дәрігерлер мен пациенттер арасындағы қарым-қатынас, немесе оқытушылар мен студенттердің арасындағы қатынас кезінде біздің пайдаланушыларымыз WhatsApp-қа бұрынғыдан да жиі жүгінетінін білеміз. Біз осы уақытта адамдарды біріктіруге көмектесетін қарапайым ресурсты ұсынғымыз келеді", - деді WhatsApp басшысы Уилл Кэткарт. "Біз сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде фактілерді тексеру бойынша ұйымдардың санын арттыруға және олардың жалған ақпаратты таратпау жөніндегі жұмысын қолдауға көмектесу үшін Пойнтер институтымен ынтымақтасу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Біз сондай-ақ жаңартылған ақпаратты WhatsApp-та тікелей ұсыну үшін бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау министрліктерімен тікелей жұмыс істеуді жалғастырамыз".

"WhatsApp-тан уақытылы қайырымдылық CoronaVirusFacts Альянсы жариялаған фактілерді тексеруге, кең аудиторияны қамтуға және соның салдарынан адамдарға ДДСҰ «инфодемия» деп атаған ақпарат ағыны кезінде дұрыс фактілерді пайымдаулардан ажыратуға көмектеседі", - деді IFCN ұйымының директоры Бейбарс Орсек. "Фактілерді тексеру жөніндегі халықаралық желі сондай-ақ WhatsApp-та түрлі форматтағы жалған ақпараттың қалай таралатынын және хабарламалармен алмасу қосымшасында жалған ақпаратты табу және теріске шығару үшін фактілерді тексеруге арналған құралдарды ұсыну тәсілдерін тағатсыздана күтуде".