COVID-19: дамушы мемлекеттерде орын алып отырған дағдарыс экономика және теңсіздіктің артуына ауыр салдармен қауіп төндіруде

2020 ж. 31 March

БҰҰ ДБ коронавирустың таралуына байланысты осал мемлекеттерге теңдессіз қолдау көрсетіп отыр.

Нью-Йорк-COVID-19 вирусының жылдам қарқынмен таралуы дамушы мемлекеттер үшін аз уақыт ішінде тек денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысына ғана емес, сонымен қатар көптеген айлар мен жылдар бойы біршама әлеуметтік-экономикалық салдар түрінде зорқауіп төндіріп отыр.

Дамушы мемлекеттердегі табыстың жойылуы 220 млрд доллардан асады деп күтілуде.  АҚШ. Африка елдері барлық жұмыс орындарының жартысына жуығын жоғалтуы мүмкін. Халықтың 55%  әлеуметтік қорғауға қол жетімділігі жлқ екенін ескеретін болсақ, аталған шығындар қоғамның барлық: білім беру, адам құқықтары секілді салаларында байқалатын болады. Бұдан әрі шиеленіскен жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануға зиян келтіріледі.

Ресурстармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген ауруханалар және әлсіз денсаулық сақтау жүйелерінде шектен  тыс жүктеме орын алуы ықтимал. Дамушы мемлекеттердің халқының 75% дейін сабынға және суға қол жетімділігінің болмауы фактісі вирусты жұқтыру жағдайларының күрт артуы мүмкіндігін білдіреді.

Сонымен қатар, жағдайды  қалалық жоспарлаудың нашарлығы және кейбір қалаларда халықтың тығыз қоныстануы, қалдықтарды басқару жүйесінің жетілдірілмеуі, жолдарда медициналық мекемелерге жедел жетуді  қиындататын кептелістердің болуы сияқты қосымша факторлар да қиындатуы мүмкін.

«Бұл пандемия - Денсаулық сақтау саласының дағдарысы. Алайда, бұл жай ғана денсаулық дағдарысы емес. Ғаламшардағы көптеген мемлекеттер  үшін пандемия терең із қалдырады»,– деп атап өтті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) әкімшісі Ахим Штайнер. – Халықаралық қауымдастық қолдау көрсетпеген жағдайда біз соңғы екі онжылдықтағы барлық жетістіктерді жоққа шығарумыздың қаупі бар. Тұтас  бір буын өмірінен айырылмаған жағдайда да, құқықтарынан, мүмкіндіктері мен артықшылықтарынан айырылады».

БҰҰ ДБ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, елдерге COVID-19 пандемиясына дайындалуға, жағдайға жедел жауап қайтаруға  және болашақта қалпына келуге жағдай жасауға көмек көрсететін болады. Осы тұрғыда халықтың осал топтарына ерекше көңіл бөлінетін болады.

БҰҰ ДБ Босния және Герцеговина, Вьетнам, Джибути, Иран, Қытай, Қырғызстан, Мадагаскар, Нигерия, Парагвай, Панама, Сальвадор, Сербия, Украина және Эритрея сияқты мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелеріне қолдау көрсетеді.

БҰҰ ДБ бақсаратын COVID-19 жедел әрекет ету қоры құрылған және өз жұмысын бастаған, оның бастапқы капиталы 20 млн долларды құрайды және қолда бар ресурстар есебінен қаржыландырылады. АҚШ. Қордың қаражаты БҰҰ ДБ мемлекеттерге коронавирусты тежеу бойынша жұмыстарына жедел көмек ұсынуға мүмкіндік беретін жедел әрекет ету механизмі арқылы бөлінетін болады. БҰҰ ДБ болжамына сәйкес, 100 елге қолдау көрсету үшін кем дегенде 500 млн.доллар қажет болады.

Әрекетке шақыру

БҰҰ ДБ вирустың таралуының бүгінгі салдарларымен ғана шектелмеуге шақырып, халықаралық қоғамдастыққа жүгінді. Агенттік әрекеттің үш басымдылығының қажеттілігін атап өтті: COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету үшін ресурстар бөлу, өршу кезінде жауап шараларын қабылдауға қолдау көрсету және дамушы мемлекеттерлегі экономиканың дағдарысына жол бермеу мақсатында ресурстар бөлу.

Жедел жауап шаралары ретінде  БҰҰ ДБ Қытайға және басқа да азия мемлекеттеріне Денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша көрсететін қолдауға  сүйенеді. Қолдау қажетті медициналық құрылғылар мен материалдарды сатып алуға көмек көрсетуді, цифрлы технологияларды пайдалануды және медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуді қамтиды.

Сонымен қатар БҰҰДБ осы елдерде вирустың таралу қарқынының азайту және халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қолдау жасайтын  болады. Денсаулық сақтау жүйесін қолдауға қосымша Үкімет пен жалпы қоғам деңгейінде жауап шараларын қабылдауға жәрдемдеседі.

Ұзақ мерзімді болашақта  БҰҰ ДБ мемлекеттермен бірге COVID -19 келтірген әлеуметтік және экономикалық салдарларын бағалау бойынша жұмыс атқаратын  болады және пандемиядан кейін қалпына келтіру және оның ұзақ мерзімді салдарларын барынша азайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге көмек көрсетеді. Аталған бағытта халықтың осал және маргиналды топтарына баса назар аударылатын болады.

COVID -19 мәселесін шешу және оның салдарын жою үшін әртүрлі жүйелер мен секторларда, күрделілігі жоғары және белгісіздік жағдайында жұмыс істей алатын серіктестер талап етіледі. Күрделі жағдайлардың шешімін табуда бойынша көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, БҰҰ ДБ 170 мемлекет пен аумақтарда жұмыс атқарады, өзінің күш-жігерін COVID -19 таратылуына байланысты жағдайларды шешуге бағыттайды, осы теңдессіз міндетті шешімін табу үшін өзінің барлық ресурстарын жұмылдырады.

БҰҰ Даму бағдарламасының COVID-19-ға қатысты ұсынысын мына жерден жүктеп алуға болады.