БҰҰДБ ашықтық порталында COVID-19 мәселелері жөніндегі жаңа парақша ашылды

2020 ж. 29 June

Ашықтыққа бейілділік және кедейшілікті жою, теңсіздікті қысқарту мен дағдарыстарға төзімділікті арттыру жөніндегі мандат шеңберінде БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) БҰҰДБ ашықтық порталында COVID-19 мәселелеріне арналған жаңа парақша құрылды.

Аталмыш парақша COVID-19 індетіне қарсы әрекет ету жөніндегі ұйымның жауапты шаралары туралы серіктестер мен қалың жұртшылық үшін негізгі қаржылық және жобалық ақпаратты ұсынады.

«Біз пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізудеміз. БҰҰДБ қалпына келтіру кезеңінен тыс мерзімге, 2030 жылға дейін есептелген даму стратегиясын ұсынады», - деп атап өтті Штайнер.


COVID-19 жаңа парақшасында БҰҰДБ өз ресурстарын қалай бағыттайтыны және пандемия мәселесін келесідей үш бағытта, яғни: негізгі медициналық тауарларды сатып алуды және жеткізуді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы жауапты шараларды қолдау, дағдарысты басқару мен ден қоюды күшейту, сондай-ақ, аса маңызды әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шешу туралы ақпарат берілген.

2020 Көмек ашықтығының индексіне сәйкес, БҰҰДБ ашықтық бойынша БҰҰ агенттіктерінің ішінде көшбасшылықты сақтай отырып, әлемде көмек көрсету саласындағы ұйымдар арасында ашықтық бойынша үшінші орында тұр. Индекстің соңғы рет 2018 жылы жарияланғанынан бері БҰҰДБ өз рейтингісін 1,2 пунтктіге жоғарылатып, жалпы 100 балдың ішінде 96,6 балды иелене отырып, ашықтық бойынша көшбасшылардың бірі болып қалуда.

Бұл даму саласындағы көмек пен қаржылай қолдау көрсететін 47 ірі донорларды бағалауға арналған осы жылғы жетінші есеп. БҰҰДБ 2013 жылдан бері ең жоғары, яғни «өте жақсы» санатынан табылуда, және рейтинг көшбасшыларының бестігіндегі қаржы мекемелеріне жатпайтын даму саласындағы жалғыз ұйым болып табылады.

«Біз ашықтықты қолдайтын ұйымдар санының артып келе жатқанына қуаныштымыз», - деді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер. «БҰҰДБ жалпы көрсеткіштердің тұрақты түрде жақсару үрдісін мақтан тұтады және көмек ашықтығын одан әрі қолдаудағы өзінің жетекші рөлін растайды».