23 шілде 2020, Нұр-Сұлтан қ. – Бүгін Қазақстанда үш күндік виртуалды хакатон өз жұмысын бастады, аталмыш шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) туралы ойынның жаңа форматын әзірлеу мақсатында елдің әр аймақтарының дарынды бағдарламашылары, новаторлары мен кәсіпкерлерінің басын қосты.

«Цифрлық технологиялар және оларды енгізу өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету үшін мүмкіндіктер береді. Біз цифрлық шешімдер барлығымыз үшін қауіпсіз әрі берекелі келешекті қалыптастыру үшін негіз болатынына сеніммен қараймыз. Тұрақты даму мақсаттары және 2030 жылға дейінгі жаһандық Күн тәртібі де осы мақсатты көздейді», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

«Миссия 2030» хакатоны азаматтар мен барлық мүдделі тараптарды даму саласындағы мәселелердің шешімін іздеуге жұмылдыру мақсатында 2019 жылы ұсынылған ТДМ туралы танымал үстел ойынының цифрлық нұсқасын әзірлеу алаңына айналады. БҰҰДБ ұлттық серіктестермен біріге отырып, ойынды елдің барлық өңірлеріне таратты. Қатысушыларға ТДМ-ды ескере отырып мәселелердің дербес шешімдерін әзірлеп, ұсынуға мүмкіндік берді. Ойын жайлы оң пікірлер айтылып, оны халық арасында кеңінен тарату жөнінде ұсынымдар жасалды.

Ойынның цифрлық форматы бүкіл ел аумағында ТДМ жөніндегі хабардарлық деңгейін арттыруға және оны халық үшін қолжетімді ете түсуге көмектеседі деп күтілуде. Үш күн бойы қатысушылар алға қойылған мақсатты шешу жолдарын іздеп, өнімді әзірлейтін болады. Іс-шара қорытындысы бойынша әзірлеушілердің қорытынды жұмыстарын қазылар алқасы бағалайтын болады. Бүкіл процесс барысында қатысушыларға тәлімгерлер жетекшілік етеді. Жеңімпаз командаға өз өнімін жасап шығару үшін 5000 АҚШ доллары беріледі.

Хакатон - бағдарламалық өнімдерді жобалау және әзірлеуге арналған өзара әрекеттестік платформасы, оның аясында сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобалар үшін шешімдер іздестіру мақсаты қойылады, ал мұндай жобалардың тақырыбы мемлекеттік проблемалардан бастап қоршаған ортаны қорғау мен қалаларды дамыту саласындағы мәселелерді қамтуы мүмкін. Аталмыш платформа қатысушыларға бірлесіп жұмыс істеуге, білім, тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жергілікті технологиялық қауымдастық пен ноу-хаудың дамуына жол ашады. 

Іс-шараны Seedstars жаһандық компаниясымен әріптестікте Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымдастырып отыр.

Хакатон туралы толығырақ ақпаратты https://mission2030.kz/ сайтынан және әлеуметтік желілердегі БҰҰДБ (undp.kazakhstan) және Seedstars (seedspace_nursultan) парақшаларынан табуға болады.

Icon of SDG 0

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан