28 желтоқсан 2020 жыл - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және инновациялар салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі ниет туралы өтінішке қол қойды.

«БҰҰДБ-ға Қазақстанның цифрлық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Бірлескен күш-жігерімізбен электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, қазақстандықтардың барлық жерде Интернетке қол жеткізуіне және оның нәтижесінде мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясын жеделдетуге қол жеткіземіз. Атқарылған істердің нәтижесі қазірдің өзінде байқалуда. Алайда, алда әлі көп жұмыстар бар», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

БҰҰДБ цифрландыру саласындағы жетекші халықаралық сарапшыларды тартуға қолдау көрсетеді, сондай-ақ Реинжиниринг және цифрлық трансформация орталығына 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаржыландыру бөледі.

Ынтымақтастық дамудың ұлттық басымдықтарына және орнықты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған жаһандық күн тәртібіне сәйкес Қазақстандағы цифрлық трансформацияны жеделдетеді деп болжауда. Атап айтқанда, тараптар азаматтар мен бизнес өкілдерінің цифрлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жақсарту, әлеуметтік қорғау саласында цифрлық шешімдерді енгізу, шалғай ауылдарда сапалы интернетпен қамтамасыз етуге инвесторлар үшін бизнес-пакеттер әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясын жеделдету мақсатында орталық мемлекеттік органдардың IT-департаменттері қызметкерлерін оқыту бойынша жұмыс істейтін болады.

«Басқаруды, әлеуметтік қорғауды және жасыл экономиканы жақсарту үшін цифрлық трансформацияны қолдау - бұл БҰҰДБ-ның іс-қимыл бағдарламасының елдерге тұрақты даму мақсаттарына жету жолында қалпына келтіруге ықпал ететін маңызды бағыты», - деді Якуп Бериш, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Covid-19 пандемиясына жауап ретінде Қазақстанда БҰҰДБ қолдауымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың 1000 мемлекеттік қызметшісі қашықтықтан жұмыс режимі жағдайында қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында негізгі цифрлық және коммуникациялық дағдыларды дамыту бойынша оқытудан өтті.

Icon of SDG 10 Icon of SDG 17

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан