«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ (бұдан әрі - Қор) Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі - БҰҰДБ) бірлесіп, Astana International Exchange (бұдан әрі - AIX) биржасында жасыл облигациялардың алғашқы шығарылымын жүзеге асырды.

Бұл бастама жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту туралы Қор мен БҰҰДБ арасындағы келісім аясында жүзеге асырылуда. Қордың жасыл облигацияларының купондық мөлшерлемесін субсидиялаумен қатар, БҰҰДБ «жасыл» жобаларды таңдауда техникалық қолдау көрсетеді.

Жасыл жобаларды іске асыратын микро-, шағын және орта бизнес субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында Қормен тартылған қаражат екінші деңгейлі банктерде/микроқаржы ұйымдарында орналастырылады деп жоспарлануда.

«Жасыл» облигациялар шығару және «жасыл» қаржы құралдарын енгізу арқылы «жасыл» экономика саласындағы жобаларды қолдау АХҚО үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. AIX биржасында дебютті «жасыл» облигациялардың шығарылуы, сөзсіз, Қазақстанда жаңа облигациялар нарығын бастайтын маңызды оқиға болып табылады.

Біз «Бәйтерек» холдингіне, «Даму» қорына және БҰҰДБ-сына алғыс айтамыз және бұл бірлескен ынтымақтастықтың бастамасы ғана деп үміттенеміз», - деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Осы жасыл облигациялардың шығарылымы үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы қажетті консультациялық қолдау көрсетті және тәуелсіз пікірін (Second Party Opinion) ұсынды. Осыған сәйкес, Қор тартылған қаражатты Жасыл облигациялардың халықаралық қағидаттарына сәйкес пайдаланады және оның мақсатты пайдаланылуы туралы ақпаратты жариялайды.

«Даму» қоры ұлттық даму институты ретінде «жасыл» қаржыландыру жобаларын іске асыруға қолдау көрсетуге дайын.

Дебюттік жасыл облигацияларды сәтті орналастыру ШОБ субъектілері арасындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларына инвестицияларды ынталандыруға бағытталған күш-жігерге жаңа серпін береді деп сенеміз», - деді Қор Басқармасының төрайымы Гаухар Бөрібаева.

«Экологиялық мәселелерді шешумен қатар, «жасыл» экономикаға инвестиция салу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, экономиканы әртараптандыруды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді.

Біз ұлттық серіктестермен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және Париж келісімі бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуіне ықпал етеміз», - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

 «Жасыл» облигациялар нарығын дамыту үшін Жасыл қаржы орталығы құрылды, Еуразиялық даму банкі оның бірлескен акционеріне айналды.

Icon of SDG 0 Icon of SDG 07 Icon of SDG 13

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан