
Пресс-орталық
-
Астанада өтетін ЭКСПО жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы қозғаушы кұшке айналады деп санайды БҰҰ өкілі
2017 ж. 09 ақп.
9 ақпан, 2017ж. Астана – «Мен ЭКСПО көрмесі Қазақстан үшін тұрақты дамуға арналған энергия тақырыбына серпін беретін керемет мүмкіндік болатынына сенімдімін, ол Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде соншалықты маңызды болып табылады. ЭКСПО-ның сөзсіз жетістікке айналатынына және өңірге де, сондай-ақ бүкіл әлемге де жақсы жағынан көп ықылас аудартатынына сенемін», - деді Жихан Сұлтаноғлу.
-
Қолөнер экономиканы әртараптандырудың және бизнесті дамыту үшін мүмкіндік жасаудың креативті бағыты ретінде: «Шебер-Керуен» фестивалі – қазақстандық шеберлердің әлеуетін арттыру
2016 ж. 12 жел.
2016ж. 12 желтоқсаны, Астана қ.– Орталық коммуникациялар қызметінде қолөнер және Қазақстан экономикасын әртараптандыру мақсатында оның әлеуетін артттыру тақырыбына арналған баспасөз мәслихат өтті.
- Қазақстанда Тұрақты Даму Мақсаттарын ілгерілету жөніндегі Мәлімдеме 2016 ж. 22 қар.
-
Қазақстан сенаторлары БҰҰ орнықты даму мақсаттарына қолдау көрсету үшін мәлімдеме қабылдады
2016 ж. 22 қар.
22 қараша 2016, Астана қ. – БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында 2015 жылы қыркүйекте қабылданған Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жаһандық күн тәртібі ретінде таныстырды. Таныстырылым барысында мақсаттарды, сондай-ақ оларды жергілікті жерлерге бейімдеу тәсілдері мен Қазақстанда қол жеткізген жетістіктері жан-жақты талқыланды. Орнықты даму мақсаттары 2030 жылға дейінгі орнықты даму бойынша күн тәртібінің негізгі құрамдасы болып табылады. Бұл 17 мақсат қайыршылықты жоюға, ғаламшардың ресурстарын сақтауға, барша адамзат баласы үшін теңдік пен игілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Орнықты даму мақсаттары дамуға, кедейлік пен теңсіздіктің түпкі себептерін жоюға, «ешкім де артта қалып қоймауы» үшін трансформациялық өзгерістерге қатысты кешенді ұстанымды көздейді.
-
Қазақстандық және халықаралық ұйымдар академиялық қоғамдастық көрсетіп отырған қолдау контексінде Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жолдарын талқылады
2016 ж. 21 қар.
21 қараша 2016, Астана қаласы – Назарбаев Университетінде «Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында саясат әзірлеу және зерттеулер жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл - Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) туралы хабардарлықты арттыруға, елдердің осы мақсаттарды өз мұқтаждықтарына қарай бейімдеуіне көмектесуге арналған іс-шаралар серияларының бірі болып табылады. Кездесуді Астана қаласында Назарбаев Университеті, БҰҰ Даму бағдарламасы, Ұлттық талдау орталығы және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы ұйымдастырды.
-
«Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/ БҰҰДБ /ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасы аясында «Жасыл» технология оқу орталығының» ашылуы
2016 ж. 15 қар.
2016 жылдың 8 қарашасында Астана қаласында Қазақстанды «жасыл» экономикаға көшіру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Жасыл экономика» моделіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ-мен бірлескен жобасын қолдау аясында құрылған «Жасыл» технология «оқу орталығы» ашылды.
-
ҚАЗАҚСТАНДА КЛИМАТ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫҢ ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГІСІНІҢ ГЕОПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
2016 ж. 21 қаз.
24-25 қазанда Қазақстан Республикасының бейімделу және климат өзгеруіне байланысты туындайтын осалдылықты төмендету мәселелері бойынша іс-шаралар кешені өтеді.
- БҰҰДБ/ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көліктері» жобасы Орталық Азияның белсенді жұмылдырылуы жөнінде ұсыныстар жасады 2016 ж. 12 қаз.
-
Климат өзгереді, ал сен ше?» жөніндегі ең жақсы материалға журналистер арасында жарияланатын республикалық конкурс
2016 ж. 30 қыр.
БҰҰДБ «Климаттың өзгересі жөніндегі БҰҰ шектемелі конвенция мен екіжылдық баяндама аясындағы Қазақстан Республикасының ұлттық қатынасының әзірлемесі» жобасы экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және климаттың өзгеруі тақырыбына журналистер арасында конкурс жариялайды.
-
Астана хабы мемлекеттік қызмет саласындағы бірегей еңбек ұсынды
2016 ж. 29 қыр.
Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірік хаб пен БҰҰ Даму бағдарламасының Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығы «Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және аймақтық трендтер» атты кең көлемді зерттеуді аяқтады. Хабтың басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов пен Ғаламдық орталық директоры Макс Эверест-Филлипс зерттеудің тұсау кесерін өткізді.