Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы суармалы суға және инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайту

Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы суармалы суға және инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайту

2019 жылы БҰҰДБ «Кока-Кола» қорымен бірлесе отырып, Қазақстанның Түркістан облысының екі ауданындағы 11 елді мекенінде 11 600 әйелге қолдау көрсету бойынша "Жаңа әлем"  бағдарламасы шеңберінде   серіктестік бағдарламаны жүзеге асыруды бастады. Жоба кірістердің өсуіне әкелетін нарықтар мен тұрақты ауылшаруашылық технологиялары мен ресурстарды қоса алғанда, жоба қызметі нәтижесінде таза суға және санитариялық қызметке тұрақты қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Су тапшылық аймақтардағы әйелдер таза суға және санитарияға, сондай-ақ олардың күнделікті салауатты өмірін және отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартатын  суару үшін суды үнемдейтін технологияларына қол жеткізеді.

Жоба 192 га жерді суару үшін 1,5 млн / м3 әлеуеті бар үш су жинайтын орындарды қалпына келтіруді жоспарлап отыр, бұл фермер әйелдерге  тамшылатып, импульстік және жаңбырлатып суару сияқты суды үнемдейтін технологияларға қол жеткізу арқылы егін өнімін арттыруға мүмкіндік береді.