Қазақстандағы гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша кешенді бағдарлама

Қазақстандағы гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша кешенді бағдарлама

Қазақстандағы БҰҰДБ БҰҰ агенттіктерімен (БҰҰ-Әйелдері, ЮНФПА, ЮНИСЕФ) бірлесіп, Қазақстан Үкіметімен гендерлік теңсіздікті жою және әйелдердің мәртебесін көтеру бағдарламасын іске асыруда. Қазақстан өзінің ұлттық жоспарлары мен бағдарламалары, соның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге ұмтылуда. Бұл мақсатқа жету Қазақстанның қаншалықты әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктері бар,  тұрақты, экономика мен адами капиталдың  өсуіне  бағытталған және шешім қабылдау процестеріне мүдделі тараптардың кеңінен қатысуына негізделген неғұрлым инклюзивті қоғамға айнала алатындығына байланысты болады.

Осы Бағдарлама шеңберінде БҰҰДБ  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы хатшылығы бар консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның әлеуеті мен институционалдық негіздерін нығайтуға қолдау көрсетеді. 2019 жылы БҰҰДБ Ұлттық комиссияның қазіргі ұйымдық құрылымына толық функционалдық шолу мен талдау жүргізді. БҰҰДБ гендерлік, отбасылық және демографиялық саясат саласындағы жаңа заңнамалық бастамаларға сараптамалық қолдау көрсетеді.

В рамках данной Программы ПРООН оказывает поддержку по укреплению потенциала и институциональной основы Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике, которая является консультативным органам с секретариатами при Президенте Республики Казахстан. В 2019 году ПРООН провёл полномасштабный функциональный обзор и анализ текущей организационной структуры Национальной комиссии. ПРООН также оказывает экспертное сопровождение по новым законодательным инициативам в области гендерной, семейной и демографической политики.