Толық ақпарат

Біздің Қазақстандағы жұмысымыз

Қазақстандағы БҰҰДБ ұлттық әлеуетті нығайтуға, отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудың тиімді мекемеаралық шараларын үйлестіруге және енгізуге, әйелдердің ұлттық экономикаға қосқан үлесін кеңейтуге және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың мекемеаралық әдісін енгізуге көмектеседі. БҰҰДБ қолдауымен Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметіне функционалдық талдау жасалды. БҰҰДБ Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық деңгейге  сәйкестендіру жұмысы шеңберінде Ерікті ұлттық шолудың гендерлік мәселесін өзектілендіру процесіне  қолдау көрсетті.

Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан жобалар:

Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және мамандарды даярлау арқылы Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге  қолдау көрсету

Қазақстандағы гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша кешенді бағдарлама

Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы суармалы суға және инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен  мүмкіндіктерін нығайту

• «Жарық сәулесі» аймақтық бастамасы

Қазақстандағы БҰҰДБ Қазақстанға келесі жұмыс бағыттары бойынша көмек көрсетті:

• «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» (2009-2009 ж.), «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» (2000-2009), «Отбасы және гендерлік саясатқа қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2017) заңдарын қабылдау;

• Гендерлік перспективаны ескере отырып, Қазақстандағы сот жүйесін модернизациялау және сот төрелігіне қол жетімділік процесінде судьялардың әлеуетін арттыру;

•  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысының функционалдық талдауы мен жетілдірілуіне және дамудың барлық салаларында әйелдердің қатысуын және олардың шешім қабылдауға қатысуын арттыру мақсатында мемлекеттік мекемелердің құрылымдық қайта құрылуына қолдау көрсету;

• Қазақстан Республикасының аймақтарында әртүрлі басшылық қызметтерді атқаратын ерлер мен әйелдердің саны туралы жынысына қарай сараланған деректерді жинау және талдау, мемлекеттік қызметтегі әйелдер үшін құрылымдық кедергілерді анықтау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

• АИТВ инфекциясы және туберкулез бойынша халықаралық ұйымдармен жұмыс жасауда Елдік үйлестіру механизмін (ЕҮМ) қолдау, осал топтар арасындағы гендерлік теңдік мәселелерінде ЕҮМ мүшелерінің әлеуетін арттыру;

• Орталық Азияда терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің алдын-алу үшін қоғамның тұрақтылығы мен аймақтық ынтымақтастықты қалыптастыру, атап айтқанда, жас әйелдер мен ерлердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, теңсіздік, жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық мәселелерін шешудегі қабілеттерін арттыру;

• Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оған ден қою механизмдеріне қатысты полиция қызметкерлерінің әлеуетін арттыру;

• Әлеуметтік қамту және бейімделу бағдарламаларына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен балаларға арналған бағдарламаларға көмек көрсету;

•  Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық платформасын құруға және ТДМ шеңберінде гендерлік теңдіктің басымдықтары туралы ақпараттандыруға азаматтық сектор ұйымдарын, ғылыми орталарды, жеке және мемлекеттік кәсіпорындарды тарту;

• STEM саласында әйелдер мен қыздарды алға жылжыту;

• Энергетика саласындағы гендерлік теңсіздікті жою.

Келесі қадамдар

2018 жылы Қазақстан Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне (ӘҚКЖК) өзінің бесінші мерзімді есебін ұсынды. Қазақстанның әйелдері мен балаларының құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықты жою саласындағы жетістіктері мойындалғанына қарамастан, Комитет:

• тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар тиімділігін арттыру;

• үйлесімді отбасылық қатынастарды дамыту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жергілікті және ұлттық деңгейдегі бағдарламалар мен кампанияларды жүзеге асыру;

• мемлекеттік органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы нормативтік талаптарды орындауға дайындығын арттыру;

• зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсететін мемлекеттік дағдарыс орталықтар санын көбейту;

• тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты ұлттық заңнамадағы және нормативті-құқықтық базадағы олқылықтарды жою;

• тұрмыстық зорлық-зомбылықты анықтау және оларға жауап беру, сонымен қатар, құрбандарды қолдау бойынша азаматтық қоғам ұйымдары, ҰЕҰ және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру.