OUR FOCUS

Гендерлік теңдік

Қазақстанда гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру

Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұйым 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы Күн тәртібі мақсаттарына қол жеткізу үшін әйел адамдардың құқықтары мен  мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, гендерлік теңдік мәселесінің  маңыздылығын мойындайды.

БҰҰДБ өз қызметінің барлық саласында гендерлік теңдік қағидатын ескереді. 2020 жылдың маусымында БҰҰДБ  елдік бағдарламаны іске асыру, серіктестіктерді қалыптастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу,  қызметкерлерді   басқару және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету  жүйесінде белгілі бір стандарттардың талаптарын орындауына байланысты КҮМІС белгісі бар "Гендерлік теңдік"  сертификатына  ие болды.

Қазақстанда біздің тарапымыздан гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, атап айтқанда әйелдердің шешім қабылдауға қатысуына мүмкіндік беру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы бірлесіп күресу бойынша міндеттемелерді жүзеге асыруда қолдау көрсетіліп жатыр.

Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету күн тәртібі

Қазіргі күні Қазақстан гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде  біраз жетістіктерге жетті. 2019 жылғы адам дамуы туралы есеп бойынша Қазақстан 189 елдің ішінде 50-ші орында, бұл Қазақстанды адами даму деңгейі өте жоғары елдер санатына қосады. Қазақстан, сондай-ақ, гендерлік теңдік пен гендерлік дамудың негізгі индикаторларында жетекші орынға ие: әйелдер үшін гендерлік даму индексі (ГДИ)  көрсеткіші 0,790-ға тең ерлермен салыстырғанда  әйелдердің көрсеткіші 0,795,  бұл әйелдер мен ерлер арасындағы теңдіктің жоғары деңгейін көрсетеді (гендерлік дамудың жиынтық индексі - 1,006). Сонымен қатар, соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанның гендерлік теңсіздік индексінің мәні 2000 жылы 0,405-тен 2017 жылы 0,197-ге дейін тұрақты түрде төмендеді, Еуропа мен Орталық Азия бойынша орташа деңгейден төмен көрсеткішіне қол жеткізді (0,279). Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлеген Гендерлік теңсіздіктің жаһандық индексі (ГТЖИ) келесі негізгі категорияларды өлшейтін гендерлік теңдіктің тағы бір индикаторы болып табылады: экономикалық сипатта қатысу және мүмкіндіктер, білім деңгейі, денсаулық пен өмір сүру және саяси  құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту. 2020 жылы 0,710 балл алған Қазақстан 157 елдің арасында 72-ші орынға  орналасты.

Қазақстан гендерлік теңдік саласындағы бірқатар халықаралық құжаттарға қосылып, оларды ратификациялады. Олардың қатарында Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция (ӘҚКЖК), Пекин декларациясы және іс-қимыл платформасы (Пекин +25), Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (ӘСҚК), Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенция (ТӘАК), 2030 күн тәртібі және басқалары. Сондай-ақ, елде Қазақстандағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған құқықтарға, заңды қолдауға, іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларына кепілдік беретін тиісті нормативтік-саяси база әзірленді.  Мысалы, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы. Бұл құжаттар үкіметтің әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге және барлық салалардағы кез-келген теңсіздікті жоюға бағытталған іс-әрекеттерді қолдайтындығын растайды.

Еліміздің гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша күн тәртібін гендерлік теңдік ұлттық стратегиясын іске асыруды үйлестіру мен бақылауда жетекші рөл атқаратын  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган -  Әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырады.

Қазақстан бойынша статистика:

• Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігін құрайтын әйелдер жоғары деңгейдегі басшылық қызметтерді аз иеленеді. Парламенттегі әйелдер өкілдігі: Мәжіліс (төменгі палата) - 27,4 пайыз (2018), Сенат - 10,2 пайыз (2018).

• Әйелдер еңбек нарығына қатысуы ерлерге қарағанда тең емес негізде жүзеге асырылуда. 2018 жылы әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі жалпы халық санының 64,8 пайызын құрады.

•  Әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда аз. Әйелдер орташа есеппен ерлер жалақысының 68,6% -ын алады (2018 ж.).

• Шағын және орта бизнестің 42,2 пайызын әйелдер басқарады.

• Қазақстанда әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың таралуы туралы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 18-75 жас аралығындағы серігі болған әйелдердің 17% -ы өмірі барысында  физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған және 21% -ы (5-тен 1-і) өмірі барысында психологиялық зорлық-зомбылық көрген.

• 2018 жылы дағдарыс орталықтарында тіркелген барлық өтініштердің 60 пайызы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты болды.

Толығырақ статистикалық мәліметтерді мына сілтеме бойынша табуға болады.

Бағдарламалар мен бастамалар

Қазақстан мен Өзбекстанда білім беру және оқыту арқылы Ауғанстан әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсету
Қазақстан Республикасының Түркістан облысындағы суармалы суға және инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайту
Қазақстандағы гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша кешенді бағдарлама

Әлемнің 60-тан астам елдерінде 

БҰҰДБ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресу бастамаларын қолдайды. Жаңа заңдардан бастап заң көмегі мен әділет қызметін қоса алғанда БҰҰДБ зорлық-зомбылық құрбандарын қолдайды және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату және алдын алу үшін көзқарастар мен тәжірибелерді өзгертеді.

Explore more

Loading…
Loading…
Loading…
Loading…

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан