Кез келген билік – ол сенім, біз оның жүзеге асырылуы үшін жауап береміз.

Б.Дизраэли

 

БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметтің қоғам үшін құндылығын, сондай-ақ елдердің дамуына қосқан үлесін мойындай отырып, 2003 жылғы наурызда қабылданған №57/277 қарарымен 23-ші маусым күнін БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялады.

Өткен жыл бұл тұрғыда ерекше болды: коронавирустық пандемия әлемдегі мемлекеттік қызметшілердің шешуші рөлін тағы бір рет көрсетті, ал мемлекет пен қоғамның сенімі, ынтымақтастығы және өзара жауапкершілігі мәселелері алдыңғы қатарға шықты.

Екі оттың ортасында

Мемлекеттік қызмет әрдайым азаматтардың назарында, бұл түсінікті де, өйткені бүкіл мемлекеттік аппарат салық төлеушілер тарапынан қаржыландырылады, сондықтан азамат – ол тек мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ғана емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік қызметшілерге жұмыс беруші де.

Сонымен бірге, ақпараттық технологиялардың және жаһанданудың күрт дамуы азаматтардың басқару шешімдерінің тиімділігіне деген сұранысының сапасына әсер етуде. Осыған байланысты, көріп отырғанымыздай, үкімет пен азаматтардың өзара қарым-қатынас сипаты өзгерді, себебі халықтың хабардарлығы артып, өз елдерінің мемлекеттік органдары шешімдерін басқа елдерде қолданылып жатқан шешімдермен салыстыру мүмкіндігі кеңейді. Бұл мемлекеттік органдардың, болмысы бойынша монополиялық функцияларды атқарғанымен, іс жүзінде квазибәсекелестік жағдайында жұмыс істеуіне алып келді.

Екінші жағынан, мемлекеттік қызметшілер әрдайым мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері және кейде популизм ықпалындағы, дегенмен өз бағдарламаларын жүзеге асыруға мандат алған саяси күштердің арасында тепе-теңдікті табуы тиіс. Белгілі бір дәрежеде мемлекеттік қызметшілер «екі оттың ортасында», өйткені кезекті сайлаудан кейін басымдықтар мен бағдарламалар өзгерген кезде, бұл міндеттерді жүзеге асыру сол қызметшілердің мойнында. Егер америкалық жазушы Д. Кларктың «Саясаткер - келесі сайлау туралы, ал мемлекеттік қызметші келесі ұрпақ туралы ойлайды» деген анықтамасын негізге алсақ, онда мемлекеттік қызметші анықтамасына мандаты барлардың барлығы бірдей сәйкес келмейді. Бұл демократияға да, басқару жүйелеріне де жаһандық сынақ.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері қалыпты құбылыс ретінде қабылданып, ал жаңсақтықтары әрқашан көзге түсетіні белгілі. 2020 жылы болғандай, дағдарыс кезінде барлық назар мемлекеттік аппаратқа бағытталады: азаматтар мемлекеттік қызметшілердің қажет шешімді тауып, салық төлеушілердің қаражатын дұрыс жұмсап, ресурстарды тиімді пайдаланады және сын-қатерлерге уақытылы жауап береді деп күтеді.

Сенім тиімді коммуникацияның катализаторы ретінде

Бұл жағдайда байланыс арналарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің өз тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, халыққа негізгі хабарламаларды ақылға қонымды түрде жеткізуге және кері байланыс алуға, сол арқылы азаматтардың нақты мүдделерін қорғауға мүмкіндігі болуы өте маңызды. Бұл тұрғыда байланыс арналарының тиімділігі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне әсер етеді: егер мемлекеттік аппаратқа азаматтар сенетін болса, онда ол өз кезегінде келесі шешімдерді қабылдау процесінде батылырақ әрекет етеді. Әрі қарай, мемлекеттік аппараттың ұзақ мерзімді міндеттерін дұрыс шешуі азаматтардың үкіметке деген сенімін арттырады және оның бүкіл қоғамның мүдделері үшін одан әрі жұмыс істеуі алдын-ала сенімге ие болады.

Азаматтардың үкіметке деген сенімін арттырудың тағы бір факторы - бұл мемлекеттік аппараттың өз ішіндегі сенім. Басшылар бағдарламаны жүзеге асыруға мандат алғанына қарамастан, мәселенің тарихын және белгілі бір шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын білетін мемлекеттік қызметшілердің сараптамалық пікірін тыңдауы маңызды.

Сонымен қатар, сенімнің тағы бір шарты – мемлекеттік аппарат шеңберінде де, азаматтарға қатысты да құрметтің болуы. Кез-келген шешімді қабылдаған кезде, мемлекеттік қызметшілер азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиеттеріне басымдық беруі тиіс, ал мемлекеттік қызметтің өзінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, қадір-қасиеті, уақыты мен еңбегін құрметтеу басты құндылық болып табылатын орта мен корпоративтік мәдениетті дамыту қажет.

Сайып келгенде, сенім - бұл әлеуметтік құндылық қана емес, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың жаңа сын-қатерлерге төзімді болуына мүмкіндік беретін әкімшілік капитал болып табылады.

Icon of SDG 16 Icon of SDG 17

UNDP Әлемде

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан