Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының Басқарушы комитетінің төрағасы, Алихан Байменовтің блогы

2020 ж. 4 June

COVID-19 пандемиясының жалпығаламшарлық масштабы біздің бәрімізге Адам ата және Хауа ананың балалары екенімізді еске салды. Пандемия қазіргі әлемде өзара тәуелділіктің жоғарылағанын көрсетті.

Егер қазіргі ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығы VUCA аббревиатурасымен сипатталса, қазір пандемия, мұнай бағасының құбылмалылығымен қатар, шешімдеріне  мемлекеттік басқарудың тиімділігі, кез-келген мемлекеттің әл-ауқаты, тұрақтылық пен қоғамдардың өмір сүруі тікелей байланысты іргелі мәселелерді де, төменгі деңгейдегі мәселелерді де ашып, белгісіздікті күшейтіп отыр.

Менің ойымша, қазір БҰҰ-ның бүкіл жүйесінің миссияларының бірі –  мемлекеттерді бұрыс  шешімдерден сақтандыру болып табылады. Мысалы, кейбір апологеттер пандемияны жаһанданудың салдары және мемлекеттердің оқшауланған дамуы – бұл қажеттілік деп ұсынуы мүмкін. Осыған байланысты БҰҰ жүйесінің ағартушылық міндеттерінің бірі шын мәнінде қалай болғанын түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттер, мәдениеттер арасындағы, мемлекет пен бизнес, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықсыз, кооперациясыз тұрақты даму мүмкін еместігін түсіндіру болуы тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе – бұл қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану барысында адам құқықтары саласындағы теріс пайдаланулардан үкіметтерді сақтандыру. Менің ойымша, қазір адамның және азаматтың негізгі құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін жаңа нақтылыққа сәйкес келетін балансты іздеу қажет. Бұл азаматтардың өмірін бақылауда үкіметтердің мүмкіндіктері мен құқықтарын шектейтін ұлттық және халықаралық деңгейлерде заңнамалық нормаларды әзірлеуді талап етеді. Сонымен қатар, қазіргі пандемия сияқты қандай да бір төтенше жағдайларда пайдалану мерзімі шектеулі бір немесе көп реттік сипаттағы арнайы рұқсаттар берілу мүмкіндігін қарастыратын нормаларға жол беруге болады.

Сенім капитал ретінде

Бұл пандемия тиімді басқаруда сенімнің шешуші мәнге ие екендігін тағы да еске салды. Сенім – тек әлеуметтік капитал ғана емес, сонымен қатар тиімді әкімшілік капитал. Сондықтан, бізге қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету туралы ойлану қажет. Осыған байланысты шешім қабылдау – заңдылық, есеп берушілік және ашықтық қағидаларына негізделуі тиіс.

Бұл ретте әрбір үкімет осы елге тән сын-қатерлерге жауап бере отырып, бірегей әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени жағдайларда жұмыс істейтінін ескеру қажет. Мысалы, Италия мен Испания сияқты елдердің дамыған экономикасы, дамыған денсаулық сақтау жүйесі бар. Сонымен қатар, қоғам мен биліктің, қоғам мен үкіметтің өзара сенімінің қандай да бір элементтері осы кезеңде ережелерді сақтауда өз рөлін атқарған шығар. Мүмкін, қандай да бір мәдениеттерге тән дәстүрлер әсер еткен болар. Осыған байланысты, жалпы қазақстандық қоғам, менің ойымша, оң мысал көрсететінін атап өткім келеді: басым көпшілігі ережелерді сақтайды, өзін-өзі шектеу қабілетін көрсетеді, бұл біз үшін бірегей тәжірибе болып табылады.

Дағдарыс жағдайындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы

Осы контексте пандемия жағдайында әрекет ету бойынша түрлі елдердің үкіметтері мен бизнесі жинақтаған тәжірибе, пайдаланылатын инновациялар, технологиялық немесе заңнамалық шешімдер шоғырланатын платформаның болуы өте маңызды. Осыған байланысты, менің ойымша, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы сияқты платформалардың рөлі мен маңызы артады. Карантиннің бірінші айында біз Қазақстан үкіметімен және жергілікті атқарушы органдармен азаматтарға карантин режимін бұзбай, заңнамада көзделген жағдайларда үйден шығуға, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға баруға мүмкіндік беретін қолданбаны пайдалану тәжірибесімен бөліскенбіз. Сондай-ақ Грецияда, Әзірбайжанда, БАӘ-де, Кореяда азаматтардың күттірмейтін қажеттіліктері үшін енгізілген арнайы қолданбалар да ерекше қызығушылық тудырады.

Алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар қай елде жасалғанына қарамастан, жалпыға ортақ игілікке айналуда. Бұл жағдайда жауапты құрылымдардың жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар оларға негізделіп, өзіндік технологиялық жаңалықтарды құруға да дайын болуы маңызды.

Карантин кезеңінде онлайн оқытуға көшумен біз әдемі баяндамалырдың артында жылдар бойы жасырынған проблемалардың жария болғанын көріп отырмыз. Мысалы, он бес жыл бұрын тиістіі министрліктердің басшылары елімізде мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы аяқталғанын, барлық орта мектептерде кем дегенде бір компьютер сыныбы бар екенін, әрбір ауылға Интернет жеткізілгендігін мәлімдеді. Өкінішке орай, онлайн оқытуды қамтамасыз ету үшін ауылдардың жоғары жылдамдықты Интернетке қолжетімділігі жоқ екені анықталды.

Жалпы, біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесі әкімшілендіруді жақсартуды қажет ететінін көріп отырмыз. Атап айтқанда, егер Қазақстанды алсақ, өкінішке орай, 7-8 жыл бұрын аудандық әкімдер жауапкершілігінен денсаулық сақтаудың барлық мәселелерін толығымен алып тастады, нәтижесінде бүгінгі жағдайда аудан бюджетінің ресурстары жоқ, ал аудан әкімдерінің денсаулық сақтау саласында ешқандай өкілеттігі жоқ. Ал белгілі бір проблема туындағанда, бірнеше жыл бұрын Талғар қаласында және бір ай бұрын ШҚО Зайсан ауданында болғандай, кінәлі аудан әкімі болып шығады. Аудандық буын - бұл халыққа ең жақын басқару деңгейі.

Келесі, жаңа жағдайда көптеген мемлекеттік органдар өз жұмысын бизнес пен халыққа қолдау көрсетуге бағыттауы тиіс, тек қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар ақпараттық көмек те назарға алынуы тиіс. Егер кейбір дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударатын болсақ, мысалы, сауда немесе өнеркәсіп министрліктері әлеуетті нарықтар, салық және инвестициялық режимдер, сауда және өзге де тарифтік, тарифтік емес шектеулер және т. б. туралы ақпарат беруде бизнеске үлкен қолдау көрсетеді.

Жоғарыда атап өтілгендей, кооперацияның рөлі артуда. Бұл ретте ынтымақтастықтың дәстүрлі нысандарымен қатар жаңасын да ойлап табу қажет. Осы орайда Астана хабы Виртуалды альянсты іске қосқанын айту қажет – онда мүдделі елдер бір жағынан, пандемия жағдайында мәселелерді шешу тәжірибесімен бөліссе, екінші жағынан, бір-бірінің тәжірибесін зерттейді.

Дағдарыс - бұл жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Бүгінгі әлемде орын алып отырған жағдай бізге жаңа жолдар, жаңа шешімдер іздеуге, сонымен қатар алған тәжірибемізді, өзара қарым-қатынасты, кооперацияны жоғалтпауға, қоғамдағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға міндеттейді. Сенім бізге Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі құндылық болып табылады.