Сенім, технологиялар және транспаренттілік - тиімді басқарудың маңызды компоненттері

2020 ж. 19 June

Пандемия біздің өміріміздің барлық салаларына түбегейлі өзгерістер енгізді. Бір жағынан, ол барлығымызға – біздің Жер ананың балалары екенімізді және тағдырымыз өзара байланысты екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бұл қазіргі әлемдегі өзара тәуелділік пен өзара ықпалды күшейтті. Екінші жағынан заманауи әлемнің VUCA ретінде белгіленген сипаттамаларына пандемия және энергия тасымалдағыштар бағаларының құбылмалылығы жаңа белгісіздіктер қосып, бұл қоғам, экономика және мемлекет үшін қосымша соққы болды.

Бұл жағдайда мемлекеттік басқару сапасының мәні арта түседі. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, салық төлеушілер мемлекеттен сапалы қызмет көрсетуді, қоғам мен экономиканың, адам өмірлерінің мүдделеріне сәйкес шешім қабылдауды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда қабылданатын шешімдердің өзектілігі мен оларды қабылдау жылдамдығымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қамтамасыз етілуі өте маңызды. Аталған шешімдердің транспарентті түрде қабылдануы тиіс, ал шешімдерді жедел қабылдаудың қажеттілігі салдарынан өкілеттіктерді асыра пайдалануды болдырмау маңызды. Бұл тегеурін ақылға салынған шешімді талап етеді. Сол себепті озық тәжірибені зерттеу, кооперация ерекше маңызға ие болады, себебі, технологиялық әркелкі даму мен кейбір үкіметтердің өздеріне тән мәселелеріне байланысты аталған жағдайда үкімет аппаратының, қызмет көрсету секторының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге арналған заманауи технологияларды қолданудың сәтті мысалдары және олқылықтары анықталған.

Бұған қоса, бірлесе жауап табатын маңызды сұрақ – визуалды бақылау құралдарын, бақылау құралдарын кеңейтілген қолдану жағдайында адам құқықтарын сақтау болып табылады. Қазіргі таңда әр түрлі мемлекеттердегі мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды тұлғаларының коронавирусқа байланысты жағдайды пайдаланып, бақылау және қадағалау құралдарын жергілікті жерлерде пайдалану мүмкіндігі пайда болды – аталған мәселенің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен байланысты екенін естен шығармау керек.  Бұл жағдайда әлемдік қауымдастық әрекет етуі тиісті деп ойлаймын. Жаңа жағдайда қоғамдық бақылау және транспаренттілікті қамтамасыз ету бойынша және бақылау мен қадағалау құралдарын қолдануды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан заманауи технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу тек мемлекеттік сатып алу, инвестициялар, экономика мен азаматтардың мүддесіне сәйкес басқарушылық шешімдер қабылдау тұрғысынан ғана емес, бақылау желілерін құру және тарату бойынша шешім қабылдау барысында да маңызды болып табылады. Осы жағдайда әр түрлі мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен үкіметтері арасындағы серіктестіктің маңызы артып, үкіметтің өз азаматтарымен серіктестігінің де маңыздылығы жоғарылайды.

Бұл жағдайда біз сенімнің басты фактор екендігіне, оның тек әлеуметтік құндылық қана емес, тиімді әкімшілік капитал болып табылатынына тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Тек үкіметке деген сенім ғана емес, кәсіби қауымдастыққа және әр алуан әлеуметтік топтар арасындағы сенім де маңызды. Адамзат белгілі бір дағдарыс жағдайында болғанда, бір ұшқынның өзі әлеуметтік қысымның ауқымды ошағына айналуына алып келуі ықтимал. Аталған кезең сенімнің мемлекетті басқарудың тиімді факторы болып табылатынын көрсетті, сол себепті ағымдағы жағдайда транспаренттілік пен есептілікті қамтамасыз ету маңызды, ал ұзақ мерзімді түрде үкімет – сенімді нығайту үшін тұрақты жұмыс атқаруы керек.

Дағдарыс жағдайында сенім деңгейі үкіметтің, қоғамның, экономиканың дағдарысты жеңу бойынша күш-жігеріне қолдау көрсетеді. Оң тәжірибемен алмасу үшін әр түрлі мемлекеттердің үкіметтері мен бизнесі қалыптастарған пандемия жағдайында әрекет ету тәжірибесі, пайдаланылатын инновациялар, технологиялық немесе заңнамалық шешімдер жинақталған платформаның болғаны дұрыс. Осыған байланысты, менің ойымша, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы сияқты платформалардың рөлі мен маңызы артады. Карантиннің бірінші айында біз Қазақстан үкіметімен және жергілікті атқарушы органдармен азаматтарға карантин режимін бұзбай, заңнамада көзделген жағдайларда үйден шығуға, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға баруға мүмкіндік беретін қолданбаны пайдалану тәжірибесімен бөліскенбіз. Сондай-ақ Грецияда, Әзірбайжанда, БАӘ-де, Кореяда азаматтардың күттірмейтін қажеттіліктері үшін енгізілген арнайы қолданбалар да ерекше қызығушылық тудырады.

Алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар қай елде жасалғанына қарамастан, жалпыға ортақ игілікке айналуда. Бұл жағдайда жауапты құрылымдардың жаңа технологиялық жетістіктерді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар оларға негізделіп, өзіндік технологиялық жаңалықтарды құруға да дайын болуы маңызды.

Жоғарыда атап өтілгендей, кооперацияның рөлі артуда. Бұл ретте ынтымақтастықтың дәстүрлі нысандарымен қатар жаңасын да ойлап табу қажет. Осы орайда Астана хабы Виртуалды альянсты іске қосқанын айту қажет – онда мүдделі елдер бір жағынан, пандемия жағдайында мәселелерді шешу тәжірибесімен бөліссе, екінші жағынан, бір-бірінің тәжірибесін зерттейді.

Дағдарыс – бұл жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Бүгінгі әлемде орын алып отырған жағдай бізге жаңа жолдар, жаңа шешімдер іздеуге, сонымен қатар алған тәжірибемізді, өзара қарым-қатынасты, кооперацияны жоғалтпауға, қоғамдағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға міндеттейді. Үш айға жуық уақыттан бері біз футболсыз, кездесулерсіз жаңа жағдайда өмір сүріп келеміз. Дегенмен, сенімсіз және тиімді мемлекеттік басқарусыз дағдарысты жеңу мүмкін еместігіне көзіміз жетті.