24 тамыз 2018 – Алматы облыcы Еңбекшіқазақ аданында ЕО/БҰҰДБ/БҰҰЕЭК «Қазақстанның жасыл экономика моделіне өтуін қолдау» біріккен жобасы аясында «Аймақтарда су инфрақұрылымын тиімді басқару» пилоттық жобасының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл шараға  Алматы облысы Әкімі Амандық Баталов, БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі / БҰҰ ДБ Тұрақты Өкілі  Норимаса Шимомура, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімі Басшысы Йоханес Стенбаек Мадсен қатысты.

Жоба су инфрақұрылымын тиімді басқару саласында «жасыл» технологияларды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы үлгісінде практикалық түрде қолдануды көрсетуді мақсат етті.

«Аймақтарда су инфрақұрылымын тиімді басқару» пилоттық жобасы  Ақши ауылы білім беру мекемелеріндегі шамамен 1000 баланы ауызсу және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кері осмосты су тазалағышты орнату суды түрлі қоспалардан, химиялық қосындылардан, ауру тудыратын бактериялар мен вирустардан сүзіп, тазартады. Балалар тазартылған әрі қажетті минералдармен байытылған суға қол жеткізеді. Ал су жылытатын гелиқондырғысы балаларды күн энергиясы есебінен жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етеді, бұл қажеттіліктің 70 пайызын жабады.

Су ресурстарын тұтыну деңгейін төмендетіп, қайнар көздердегі сарқынды суларды азайту үшін Жоба су үнемдеу технологияларын орнатқан. Мектепте су ресурстарын қайтара пайдалану үшін су жинағыш-тоғандарда сарқынды суларды тазартып, шоғырландыратын биологиялық тазарту жүйесі енгізілген. Ал өңделген су жылыжай кешеніндегі жас көшеттер мен көкөніс дақылдарын суғаруға кетеді.

Бұған қоса пилоттық жоба ауқымында коллекторлы-дренажды желіс (4,7 км.)  реконструкцияланған,  бұл 122 га ауқымды жер мен Ақши ауылы ғимараттарын су басып қалу қаупін азайтуға, яғни, Қазақстанның көптеген ауыл тұрғындарына таныс көкейтесті мәселені шешуге мүмкіндік берді. Жоба реставрацияланған дренажды желінің ақаусыз жұмысын жұртшылықты ауыл су инфрақұрылымын басқаруға жұмылдыру арқылы қол жеткізді.  Ақши ауылында енгізілген бизнес-модель дренажды желіні ұстап тұруды қаржыландыруды жеке капитал есебінен жүзеге асыруды көздейді. Жергілікті тұрғындарды «Жарсу фермерлерi» су кооперативіне жұмылдырып, кооперативтің су жинағыш-тоғандарда жылыжай бизнесін құруын қолдап, кірістің бір бөлігін дренажды желіні ұстап тұруға бағыттау арқылы осындай инвестициялар тартылды.

«Жоба ауқымында көрсетілген бизнес модель су инфрақұрылымын реконструкциялауға салынған бюджеттік қаржының тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ондағы жауапкершілік пен оның әрі қарайғы қаржыландырылуы жергілікті қауымдастастықты тарту арқылы  қамтамасыз етілген» – деді БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі / БҰҰ ДБ Тұрақты Өкілі  Норимаса Шимомура.

Осылайша, 5 прогрессивті «жасыл» технологиялар мен инновациялық бизнес модельдің енгізілуі ауыл тұрғындарының таза су мен ыстық суға қол жеткізуін қамтамасыз етті, қайнар көздердегі сарқынды суларды азайтуға жағдай жасауға, коллекторлы-дренажды жүйені реконструкциялау жолымен ауылды су басып қалу қаупін азайтуға, тазартылған сарқынды суларды суғаруға қайтара пайдалану жүйесін енгізуге, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар кооперативі есебінен дренажды желіні қаржыландыру бойынша бизнес модельді апробациядан өткізуге мүмкіндік берді.  

«Біз Қазақстанды келешек дамудағы өте маңызды стратегиялық серіктес ретінде есептейміз әрі мойындаймыз. Аймақтарда жұмыс істеу - біздің стратегиямызда шешуші элемент.  Біздің жоспарымыз – аймақтармен, оның ішінде Алматы облысымен түрлі даму банктері арқылы жаңа форматта жұмыс істеу. ЕО қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асқан бұл жоба жасыл экономика саласындағы жобаны жүзеге асырудың табысты  үлгісі» – деді Йоханес Стенбаек Мадсен, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің Басшысы.

Жалпы алғанда, Жоба аймақтарда су ресурстарын рационалды түрде қолдану мен су инфрақұрылымын тиімді басқару саласында заманауи «жасыл» технологияларды  практикалық іске асыру мен оның тәсілдерін көрсетті.  Бұл тәжірибе Қазақстанның аграрлы-индустриялды дамуы мақсаттарына қол жеткізу үшін «дайын» шешім ретінде пайдаланыла алады.

 

Қосымша мәлімет алу үшін БҰҰ ДБ қоғаммен байланыс бойынша Ассисенті Анар Қасымова ханымға: +7 7272 696 544 (2629) anar.kassymova@undp.org және/немесе жоба менеджері Гүлжамал Исаева ханымға +7 7272 696 544 (2601) gulzhamal.issayeva@undp.org бойынша хабарласа аласыздар.            

 ***

БҰҰ ДБ барлық деңгейдегі қоғам өкілдерімен ынтымақтасады, олар дағдарыстарға төтеп беруі үшін елдердің мемлекеттік құрылысына көмектесіп,әрбір адамның өмір сүру сапасын көтеруге бастайтын өсіп-өркендеуді қоштайды әрі қолдайды. Әлемдегі 177 астам мемлекет пен аумақтарда жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым тең құқықты өмір сүруіне  ықпал етіп, мемлекеттердің өміршеңдігін арттыратын ғаламдық көзқарас пен жергілікті шешімдер ұсынамыз.

Еурпалық Одақ – еуропалық интерграцияға қатысатын 28 еуропалық демократиялық мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жарты ғасыр бойы Еуропалық Одақ Еуропада тұрақтылық,бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуде. ЕО арқылы адамдардың өмір сүру деңгейі көтеріліп, біртұтас еуропалық рынок құрылып, айналымға ортақ еуропалық валюта – еуро енгізіліп, Еуропаның әлемдегі орны нығая түсті. 

UNDP Әлемде

Қазір Сіз UNDP Қазақстан 
Өту БҰҰДБ Жаһан

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Македония Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Свазиленд патшалығы Сенегал Сербия Сирия Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан