БҰҰДБ және ЕО делегациясы Ақтөбедегі гидротехникалық құрылыс жүйесін және жергілікті агро-өнеркәсіптік кешенді аралап көрді

Fri May 04 00:00:00 UTC 2018

4-5 мамыр 2018 жыл, Ақтөбе – Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырза және Еуропалық Одақтың Ынтымақтастық бөлімінің Қазақстандағы делегациясының басшысы Йоханнес Стэнбэк мырзалар Ақтөбе облысында болды. Делегация Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ "Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылысты кешенді қолдану және қауіпсіздік" атты бірлескен пилоттық жоба аясында орнатқан жаңа ерте алдын-алу жүйесін аралап көрді. Делегация сондай-ақ агро-өнеркәсіптік кешенді және Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызды жобаларын да аралады. Делегацияның келуін Ақтөбе облыстық әкімшілігі ұйымдастырып отыр.

Бұл шараны өткізудің мақсаты Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғануда заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудың жолдарымен таныстыру және қонақтарды жергілікті агро-өнеркәсіптік кешенмен және әлеуметтік маңызды жобаларымен таныстыру болды.

Қазақстан өзінің географиялық орналасуы мен климаттық жағдайларға байланысты қоршаған ортаға әсерін беретін тәуекелдерді қоса алғанда көптеген табиғи апаттарға ұшырайды және де ондай құбылыстар ел экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Қазақстан Республикасының Төтенше Жағдайлар Министрлігінің деректеріне сүйенсек 1994 жылдан бері Қазақстанда 320,000 астам төтенше оқиғалар орын алған екен, сондай апаттардың нәтижесінде зардап шеккендердің саны 250 мың адамнан асып болған. 2000 жылғы деректерге сай жыл сайын төтенше жағдайлардан келетін тікелей немесе жанама зардаптар жылына шамамен 25 миллино теңгені құрайды.[1]

Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі төтенше жағдайлардың алдын алуда өте маңызды рөл атқарады. Дамбалардың қирауы адам өліміне немесе адамдардың денсаулығына төнетін қауіп қатерлер, сондай-ақ қоршаған ортаға келетін зиян сияқты ауыздықтауға келмейтін салдарға әкеп соғады. 2012 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған күшті су тасқыны бір миллиард теңгеден астам залал келтірді, ал Ақтөбе облысында 2017 жылдың сәуір айында болған су тасқынының нәтижесінде Ақтөбе және Сазды су қоймаларындағы судың деңгейі секундына 790 м³ жылдамдықпен көтерілгенде 700-ден астам адам эвакуацияланды. Бұндай көрсеткіш 1990 жылдардың соңында ғана байқалған екен.

Төтенше жағдайлар кезінде залалды азайтуда маңызды факторлардың бірі су тасқыны қаупі туралы дереу және уақтылы ескерту болып табылады. Аталған жобаның аясында тараптар су тасқыны қаупі туралы мәліметтерді жинақтауға, өңдеуге және жедел басқару орталығына жөнелтуге арналған автоматтандырылған жүйе орнатты. Қысқаша айтқанда автоматтандырылған жүйе көтеріліп келе жатқан су деңгейі туралы ескертетін сенсорлар мен индикаторлар жиынтығынан тұрады.

"Ақтөбе су қоймасындағы ескерту және мониторинг жүйесін автоматтандыру төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқару мен келтірілетін залалдың мөлшерін азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, мен жергілікті билікпен бірлесе әрекет етудің, әсіресе ауылшаруашылық саласында көптеген мүмкіндіктерін байқағаныма қуаныштымын” дейді Норимаса Шимомура, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссиялардың өкілдері жергілікті агроөнеркәсіптік кешенге бару мүмкіндігіне ие болды, онда олар «Ақтеп» мал шаруашылығы кешенімен танысты. 2012 жылдан бастап кешені жергілікті тұтыну және экспорт үшін вакуумдық орауышпен сиыр етін өндіреді. Делегация Ақтөбедегі тағы бір мал шаруашылығы фермасы шошқа етін өндіруге, өңдеуге және сатуға ХХI Париж Коммуналы фермасын көріпті. Сонымен бірге, Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсететін «Шалғайдағы адамдарға қолдау көрсету қоры» әлеуметтік жобасын көрсету туралы шешім қабылдады.


«Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өте өзара тиімді ынтымақтастық бар, біз жақсы сауда серіктестері болып табыламыз. Жақында Қазақстанда біз қоршаған ортаны қорғау стандарттарын орнықтырып, «жасыл» экономиканы алға жылжыта алатын орнықты дамуға баса назар аудардық », - деді Йоханнес Стэнбэк.

Қосымша мәлімет алу үшін БҰҰДБ Қоғаммен байланыс маманы Дина Телтаеваға + 7 7172 69 65 44 (ішкі 2124) телефоны немесе  dina.teltayeva@undp.org және жоба бойынша қоғаммен байланыс маманы Толғанай Рысбековамен +7 701 7246098 tolganay.rysbekova@undp.org хабарласуыңызға болады.

***

БҰҰДБ дағдарыстарға төтеп беріп, барлық адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған дамуды қолдайтын мемлекет құру мақсатында қоғамның барлық деңгейіндегі азаматтармен бірігіп жұмыс істейді. Әлемнің 170 астам мемлекеттері мен аумақтарда біз адамдардың өмірін жақсартып, қиындықтарға төтеп бере алатын қоғам құру үшін жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жаһандық мүмкіндіктерді ұсынамыз.

Еуропалық Одақ өздерінің ноу-хау, ресурстарын және тағдырларын біртіндеп біріктіруге шешім қабылдаған 28 мүше мемлекеттерден құралған ұйым. Біріге отырып 60 жылға созылған ұлғаю кезеңі ішінде олар мәдени ерекшеліктерді, төзімділік және жеке бастың бостандығын сақтай отырып Еуропалық одақ тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аумағын құра білді. Еуропалық Одақ өзінің шекарасынан тыс жерлердегі әлемнің басқа мемлекеттерімен өзінің жетістіктерімен және құндылықтарымен бөлісуді мақсат тұтады.


 

[1] http://egov.kz/cms/ru/law/list/P040001278_

UNDP Әлемде

Қазір Сіз UNDP Қазақстан 
Өту БҰҰДБ Жаһан

R

Re

А

Азербайджан Албания Алжир Ангола Аргентина Армения Ауғанстан

Б

Бангладеш Барбадос Бахрейн Белиз Белорусь Бенин Боливия Босния және Герцеговина Ботсвана Бразилия Буркина-Фасо Бурунди Бутан Біріккен Араб Әмірліктері

В

Венесуэла Вьетнам

Г

Габон Гаити Гамбия Гана Гаяна Гватемала Гвинея Гвинея-Бисау Гондурас Грузия

Д

Джибути Доминкан Республикасы

З

Замбия Зимбабве

И

Индонезия Иордания Иран

Й

Йемен

К

Кабо-Верде Камбоджа Камерун Кения Кипр Колумбия Комор аралдары Конго Демократиялық Республикасы Конго Республикасы Косово Коста-Рика Кот-д'Ивуар Куба Кувейт

Л

ЛаосХДР Лесото Либерия Ливан Ливия

М

Маврикий және Сейшел аралдары Мавритания Мадагаскар Малави Малайзия Мали Мальдивы Марокко Мексика Мозамбик Молдова Моңғолия Мысыр Мьянма

Н

Намибия Непал Нигер Нигерия Никарагуа

О

Орталық Африка Республикасы Оңтүстік Африка Оңтүстік Судан

П

Пакистан Палестина Халқына көмек бағдарламасы Панама Папуа-Жаңа Гвинея Парагвай Перу

Р

Ресей Федерациясы Руанда

С

Сальвадор Самоа (бiрнешеелдіктердi кеңсе) Сан-Томе и Принципия Сауд Арабиясы Сенегал Сербия Сирия Солтүстік Македония Сомали Судан Суринам Сьерра-Леоне

Т

Таджикистан Тайланд Танзания Токио Тринидад және Тобаго Тунис Тынық мұхит Түркия Түркменстан

У

Уганда Украина Уругвай

Ф

Филиппины

Х

Халықтық Демократиялық Республикасы Корея Хорватия

Ч

Чад Черногория Чили

Ш

Шри-Ланка Шығыс Тимор

Э

Эвсатати Эквадор Экваторлық Гвинея Эритрея Эфиопия

Я

Ямайка

Қ

Қазақстан Қырғызстан Қытай

Ү

Үндістан

Ө

Өзбекстан