Қазақстандық кәсіпкерлер мен БҰҰ жеке меншік секторының Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетудегі рөлін талқылады

Thu Feb 15 00:00:00 EST 2018

15 ақпан 2018, Алматы – Біріккен Ұлттар Ұйымының және Қазақстанның жеке меншік секторының өкілдері тәжірибелеріне, рәсімдеріне және стратегияларына жаһандық тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) енгізу арқылы қазақстандық бизнестің орнықтылығын арттыру жолдарын талқылады.

Бұл болашақта жүйелі негізде өтіп тұратын өзге кездесулердің алғашқысы болды. Кездесу мақсаты БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін ілгерілетуге қызығушылық білдірген компаниялардың өкілдерімен жүзбе-жүз кездесу еді.

Кездесуге Astana Group, Raimbek Group, BI Group, Chocolife.me, «Бәйтерек Ұлттық Басқару Холдингі», «Астана Банкі» ААҚ, BSH Home Appliances, Rixos Almaty қонақ үйі компаниялардың өкілдері қатысты.

Он жеті Тұрақты даму мақсаттары 2015 жылы кедейшілікті жою, ғаламшарды қорғау және баршаның гүлденуін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін әркім, соның ішінде, үкімет, жеке меншік сектор және азаматтық қоғам өз үлесін қосуы керек.

«ТДМ қол жеткізу құны 12 триллион АҚШ долларын құрайтын нарық үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы және 2030 жылға қарай төрт бағытта 380 миллионнан астам жаңа жұмыс орын ашуы мүмкін, аталмыш бағыттар: азық-түлік, ауыл шаруашылығы, қалалар, қуат және материалдар; денсаулық сақтау және аман-саулық», - деді БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және ҚР-дағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимаса Шимомура.

«Тұрақты даму мақсаттары - бизнесті дамытудың мінсіз стратегиясы, жаңа мүмкіндіктер және жаңа нарықтар ашады. Статистикалық мәліметтермен расталып отырғандай, тұрақты даму жолына түскен компаниялар лондондықбизнес-мектептіңзерттеулерібойынша дәстүрлі жолмен жүретін компанияларға қарағанда инвестицияларын 5-6 пайызға көбірек етіп қайтарады екен. Мұндай компаниялар ретінде Tesla, Unilever мысал бола алады. Біз Қазақстанда көбірек компаниялар Тұрақты даму мақсаттары туралы білгенін қалаймыз, сондықтан, қоғамды ТДМ артықшылықтары туралы кеңірек хабардар ету қажеттілігі бар», - деп атап өтті Динара Сейтжапарова, «Бәйтерек Ұлттық Басқару Холдингі» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарушы директоры.

«Біз бүгін Қазақстандағы іскерлік секторымен толыққанды және мазмұнды ынтымақтастыққа септесу үшін жиналдық. Тұрақты даму мақсаттарына барлық қатысушылардың -Үкіметтің, БҰҰ, азаматтық қоғамның және жеке меншік секторының бірлесіп жұмыс жасауынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Қазақстандағы әр бизнес – ірі және шағын – осы міндетке ортақтас, ал БҰҰ рөлі сол күш-жігерді келесі ұрпақтың болашағы үшін біріктіру болып табылады», - деді ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары Фиакра Макейси. 

«Біздің бүгінгі мақсатымыз –бизнес өкілдерімен бірге отырып, олардың бұрынғыдан да тұрақты негіздеТұрақты даму мақсаттарын бизнестерінің бір бөлігіне айналдыруға қалай көмектесе алатынымыз туралы сөйлесу. Бұл кездесу барша мойындаған тұрақты даму стандарттарын енгізе отырып, көптеген адамдарға және бизнестің көркеюіне көмек көрсету жолдарын ойластыратын достардың кездесуіне көбірек ұқсайды», - деп қосты Норимаса Шимомура.

 

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰ Даму бағдарламасының Қоғаммен байланыстарды үйлестірушісі Дина Тельтаевамен dina.teltayeva@undp.org, +7 7172 696 544 (2124) және ЮНИСЕФ Байланыстар маманы Зарина Нұрмұхамбетовамен znurmukhambetova@unicef.org, or at tel. +7 (7172) 32-28-78 (ext. 112) хабарласыңыздар.