Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылғыларды кешенді пайдалану және қауіпсіздік

Fri Nov 10 00:00:00 EST 2017

2017 жылдың 9 қарашасында Ақтөбе қаласында «Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылғыларды (ГТҚ) кешенді пайдалану және қауіпсіздік» атты пилоттық жобаның ашылуы және таныстырылымы болып өтті. Аталмыш іс-шараны Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігінің қаржылай қолдауымен БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Даму жөніндегі бағдарламасы ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты – су тасқыны қаупін алдын ала ескерту үшін Ақтөбе облысындағы ГТҚ-да заманауи технологияларды іс жүзінде пайдалануды көрсету, сондай-ақ мұндай құрылғыларды пайдаланудағы үлкен  мүмкіндіктермен таныстыру.

Қазақстан географиялық орналасуына және климаттық ерекшеліктеріне байланысты көптеген табиғи апаттарға – республика экономикасына әсер ететін экологиялық қатерлерге ұшырау қаупі зор.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1994 жылдан бері 320 мыңнан астам төтенше жағдай мен табиғи және техногенді сипататтағы оқиғалар орын алған. Жалпы зардап шегушілер саны 250 мыңнан асса, 40 мыңға жуық жан жан тапсырған. Сарапшылардың бағалауынша, төтенше жағдайлардан туындайтын тікелей және жанама залал шығыны жылына шамамен 25 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ ірі көлемдегі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар әдетте қоршаған ортаға ауыр залал келтіреді.

Гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі ТЖ алдын алуда маңызды рөл атқарады. Нөсер жауындар мен қардың еруі бөгет, тоғандарды шайып кету қаупін тудырады. Бөгеттің қирауы ауыр жайттарға апарып соқтыруы мүмкін: адам өлімі, экономика және қоршаған ортаға келтірілген шығын. Соңғы онжылдықтар тәжірибесі көрсеткендей, төтенше жағдайлар саны күрт өскен. Мысалы, 2010 жылдың көктемінде Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасының жарылуы, сондай-ақ 2011-2012 жылдардағы республикамыздың басқа да аймақтарындағы көктемгі тасқындар едәуір шығын әкелді.

2012 жылдың наурыз айында су тасқыны республикамыздың шығысына дейін таралып, Семей қаласында сел жүрді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны келтірген залалдың құны бір миллиард теңгеден асты. Ал 2017 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласында Ақтөбе және Сазды су қоймаларындағы тасқын жылдамдығының секундына 790 кубометрге артуына байланысты 700-ден астам адам көшірілді. Соңғы рет  мұндай жағдай 20 жыл бұрын орын алған еді.

Төтенше жағдайлар кезінде болатын шығын көлемін азайтудағы маңызды фактор – сел және су тасқындары қаупі туралы ақпаратты жедел әрі уақытылы жеткізу.

Осыған байланысты Ақтөбе облысында ЕО/ БҰҰДБ/ЕЭК және БҰҰ-ның «Қазақстанның жасыл экономика үлгісіне көшуін қолдау» ортақ жобасы аясында халыққа ықтимал қауіп-қатерлер жөнінде уақытылы хабарлау, деректерді жинау, өңдеу және диспетчерлік пунктке тапсырудың автоматтандырылған жүйесін орнату мақсатында пилоттық жоба әзірленді. Яғни су деңгейінің жоғарылағанын немесе қысымы артқанын ескертетін, сондай-ақ көрсеткіш деректеріне автоматты режимде жауап беретін датчиктер мен индикаторлар жиыны. Заманауи технология автоматты түрде су бөгетінің жай-күйін көрсетіп және онда орын алатын табиғи, техногенді қауіп-қатерді бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы туындаған қиындықты шешуде алдын ала шара қабылдауға болады.

Расул Рахимов мырза, Тұрақты даму / урбанизация департаментінің басшысы:

«Жергілікті желілерді осында, ықтимал қауіптілігі бар нысан – Ақтөбе су қоймасында орнату, қажет болған жағдайда уақытылы әрекет етуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ апатты аймақтағы адамдарды қауіпсіздендіру және залал салдарының материалдық шығынын барынша азайтуға да септігін тигізеді».

Іс-шара аясында пилоттық нысанды аралау ұйымдастырылып, сол жерде жаңартылған жүйенің ресми ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар бұл жүйенің су қоймасындағы тиімділігін сынап көруге де мүмкіндік туды.

Қазіргі таңда шамамен 650 ірі ГТҚ бар, 60-тан астам су қоймасы мемлекеттің бақылауында. Жыл сайын оларға әжептәуір қаражат бөлінеді.  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, гидротехникалық құрылғылардың 40%-ы апатты жағдайда және күрделі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Қолданыстағы тарифтер оларды дұрыс пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және келешектегі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Еуразиялық одақтың, БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК бірлескен жұмысының аясында Қарғалы бөгетінің негізінде жылыжай, тоған шаруашылығы, демалыс және демалыс аймақтары, т.б. бағыттарда пайда табу және оны әрі қарай дамыту үшін қор құру мәселелері көрсетілді. Су қоймасының таулы аймақта орналасуы барлық инфрақұрылымды қамтамасыз ететін электр энергиясын өндіруге қажетті шағын ГТҚ орнатуға мүмкіндік береді. Жоба мұдай инфрақұрылымды экономикалық жағынан пайдаға асуына және өз активтерінің тиімді қызмет етуіне мүдделі жекелеген инвестициялар мен операторларды тартуға көмектеседі.

 

Қосымша ақпарат үшін қоғаммен байланыс жөніндегі координатор Толғанай Рысбековаға +7 701 7246098 нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз.  Электронды поштасы: tolganay.rysbekova@undp.org.

***

БҰҰДБ әрбір адамның өмір сүру сапасының артуына ықпал етіп және қолдап, дағдарысқа төтеп берулері үшін елдердің мемлекеттік құрылысына көмектесе отырып, қоғамның барлық табымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 177 ел мен аумақта жұмыс істей отырып, біз адамдардың толыққанды өмір сүруіне және мемлекеттердің өмірге төзімділігін арттыратын жаһандық көзқарас пен жергілікті шешімдер ұсынамыз.

Еуропалық Одақ – еуропалық интеграция процесіне қатысушы 28 зайырлы мемлекеттің бірігуі. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы Еуропалық Одақ Еуропадағы тұрақтылық пен бейбітшілікті, гүлденуді қамтамасыз етіп келеді. ЕО арқасында өмір сүру деңгейін көтеруге, бірыңғай еуропалық нарық құруға, айналымға  евро –  бірыңғай еуропалық валютаны енгізуге және Еуропаның әлемдегі позициясын арттыруға мүмкіндік туды.