БАСПАСӨЗ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

Tue Nov 07 00:00:00 EST 2017

2017 жылдың 9 қараша күні Ақтөбе қаласында «Қауіпсіздік және Ақтөбе облысында Гидротехникалық құрылыстарды (бұдан әрі – ГТҚ) пайдалану» атты пилоттық жобасының ашылу мен көрсетілу рәсімі өтетін болады. Шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің қаржылық көмегімен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның даму бағдарламасы.

Іс-шараның мақсаты – су басу қаупі туралы алдын ала хабарлау, сондай-ақ, осы құрылыстардың кең әлеуетін пайдаланумен танысу үшін Ақтөбе облысындағы ГТҚ-ға заманауи технологиялардың іс жүзіндегі қолданылуын көрсету.

Төтенше жағдайларды алдын алуда гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі ең маңызды рөл ойнайды. Тоғанның бұзылуы адам өлімі, экономикаға және қоршаған ортаға келтірілетін залал сияқты бұлтартпас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Ақтөбе облысында су тасқынының, су басудың, су деңгейі көтерілуінің жоғары қаупіне байланысты, халыққа болжалды қауіп-қатер туралы алдын ала хабарлау үшін EО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК-ның «Жасыл экономика үлгісіне көшу үшін Қазақстанды қолдау» бірлескен жобасы аясында автоматтандырылған деректерді жинау, өңдеу және диспетчерлік бекетке табыстау жүйесін орнату бойынша пилоттық жоба әзірленген болатын. Заманауи технологиялар автоматты режимде тоған күйін қадағалап, климаттық және техногендік қауіп-қатерлермен байланысқан қауіптерді бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 650-ге жуық ГТҚ бар, 60-тан астам су қоймасы – мемлекеттік баланста. Жыл сайын оларды күтуге көп ақша бөлінеді. Іс-шара кезінде, Қарғалы бөгеті мысалында қалай пайда табу керектігі, сондай-ақ, жылыжай, тоған шаруашылығы, рекреациялар мен демалу аймақтары және т.б. сияқты бағыттарды бұдан әрі дамыту үшін қорларды қалай құру керектігі көрсетілетін болады.

Семинар жұмысы 2 бөлімнен тұратын болады. Біріншісі жобаны көрсету түрінде ұйымдастырылатын болады. Іс-шараның екінші бөлімінде ресми ашылу салтанаты (лентаны кесу) өтетін пилоттық жобаға шығу ұйымдастырылатын болады.

БАҚ өкілдерін шараға қатысуға шақырамыз.

Көлік пен тамақтану жоба қаржысы есебінен ұсынылатын болады. Іс-шара бағдарламасы қоса беріледі. Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс орнату жөніндегі үйлестіруші Толғанай Рысбековаға +7 701 7246098 нөмірі бойынша немесе tolganay.rysbekova@undp.org электронды поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

***

БҰҰДБ дағдарысқа қарсы тұру мақсатында елдерге мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып және әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын дамуды ынталандырып, оған қолдау көрсетіп, қоғамның барлық топтарымен ынтымақтастық жасауда. 177 мемлекет пен аумақтарда жұмыс жасай отыра, біз адамдардың толық құқықты өмір сүрулеріне септігін тигізетін және мемлекеттердің өмірге деген төзімділігін арттыратын ғаламдық пайымдау мен жергілікті шешімдерді ұсынамыз.

Еуропалық одақ – еуропалық бірлесу үдерісіне қатысатын 28 еуропалық демократиялық мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жарты ғасыр бойы Еуропалық одақ Еуропадағы тұрақтылықты, бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етіп келеді. ЕО-тың арқасында өмір сүру деңгейін көтеріп, бірыңғай еуропалық нарық құрып, бірыңғай еуропалық валюта — еуроны — айналымға шығарып, осылайша Еуропаның әлемдегі орнын нығайту мүмкін болды.