Тур де Зияткерлік мектептері

Thu Oct 05 00:00:00 EDT 2017

Мұғалімдер күні елорданың үш Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері, оқушылар мен олардың ата-аналары «Астана – вело-қала» атты эко-велофестивалге қатысуға шықты.

Жиырма бірінші ғасырдың экологиялық ойлау және жасыл стандарттары Зияткерлік мектептер құрылған сәттен бастап мектептердің ажырамас құрамдас бөлігіне айналған. Велофестиваль – қала экологиясының жаңа басымдықтарын көрсететін озық жобалардың бірі.   

Велошерудің барлық қатысушыларын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасарлары Нәзипа Аюбаева мен Светлана Испусинова, ББҰ Дамыту Бағдарламалары жобасының – «Алматы қаласының тұрақты транспорты» Жаһандық экологиялық қорының өкілі Расул Рахимов, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының төрағасы Айдар Махамбет, «Ақбота» қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Немцан құттықтады.

Пелетонды ДББҰ басқарушы директорлары Айгүл Қазжанова мен Есенғазы Иманғалиев, физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің директоры Мейрам Жәкенов басқарды. Жарысқа Астананың Зияткерлік мектептері атынан жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген үш топтың, сондай-ақ астаналық РФММ, №69 және №76 орта мектептердің велосипедисттері қатысты.

Вело-шеру «Ақбота» Қоғамдық қорының қолдауы бойынша
ББҰ Дамыту Бағдарламалары жобасының – «Алматы қаласының тұрақты транспорты» Жаһандық экологиялық қорының «Сенің қалаңның экологиясы мен сенің денсаулығыңа арналған сенің қауіпсіз велосипедің!» атты гранттық жоба аясында ұйымдастырылды. Жасыл мереке аясында ББҰ ДБ Зияткерлік мектептерге 440 велосипед ұсынып, олар ел бойынша жүріп өтті. Қазіргі таңда әрбір мектепте жеке велопарк бар.

Кәсіби мерекеге орай «Ақбота» қоғамдық қоры барлық мұғалімдерге экосыйлар тарту етті.

Жанкүйерлерге арналған арнайы бағдарламалар әзірленді, «Батырлар аймағы» және «Ұлттық спорт ойындары аймағы» жұмыс істеді, жасыл эстафета ұйымдастырылып, спорттық жүрістен, экоойындардан жарыс өтті.

Жарыс соңында құрмет тұғырына Ерқанат Сәдуақасов, Рысасқар Оңғарбек, Әбузар Әбуов және басқа да жеңімпаздар көтерілді.

Астана экофестивальдің эстафедасын өңірлерге берді, Мұғалімдер күні Зияткерлік мектептерде төрт мыңға жуық оқушылар, ата-аналар мен педагогтар велосипедке отырды.