Астана қаласында ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ-ЖЭҚ-ң жаңа жобасы басталады

Thu Sep 14 00:00:00 EDT 2017

«Қазақстандағы тұрмыстық электротехника мен жабдықтардың энергия тиімді стандарттары, сертификациясы және таңбаланылуы»

ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ-ЖЭҚ-ң жобасының ашылуына арналған

КОНФЕРЕНЦИЯ

14 қыркүйек, 2017 жыл                                                Астана қ, «Гранд Парк Есиль» қонақ үйі

Басталуы: сағ. 9-30                                                                                               Бейбітшілік к., 8

 

2017 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласында БҰҰ-ң Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі (ҚР ИДМ) Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен «Қазақстандағы тұрмыстық электротехника мен жабдықтардың энергия тиімді стандарттары, сертификациясы және таңбаланылуы» жобасын жария етеді, бұдан әрі – Жоба.

Көрсетілген Жоба үлкен зонтты жобаның бөлшегі болып табылады, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта бойынша Бағдарламасымен ойлап табылған U4E (United for Efficiency – Тиімділікке қол жеткізу үшін одақ) жаһандық бастамасы. 

Конференция жұмысы Жобаның негізгі ережелерін қарастыруға арналған және қатысушыларға сұрақтар қойып, Жобаны талқылауға мүмкіндік береді. Барлық сұрақтар, ескертулер және ұсыныстар Жобаның жұмысы барысында ескеріледі.

Жобаның мақсаты: энергия тұтыну мен парниктік газдар шығарындыларын азайту бағытында энергия тиімді аспаптар мен жабдықтарды пайдалану үшін қазақстандық нарықты түрлендіру.

Негізгі назар энергия тиімділіктің минималды стандарттарын енгізуге аударылады, сонымен бірге өнімнің таңбаланылуы мен мемлекеттік сатып алу ережелеріне сай келетін ерікті негізде энергия тиімділіктің жоғары стандарттарын енгізу де қолдау табады.

Жоба ескі және энергияны көп тұтынатын құрылғыларды ауыстыруға сатып алуды ынталандыруға септігін тигізеді, халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде мүмкіндігінше әйелдерге және зейнеткерлерге көмек көрсететін мекемелерге қолдау көрсетеді.

Жоба энергияны тұтыну және әсер ету деңгейі бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие құрылғылар мен жабдықтардың үш санатын қарастырады, ол – тоңазытқыштар, өнеркәсіптік электрқозғалтқыштар мен бөлу трансформаторлары. Үйдегі тұрмыстық кондиционерлер, кір жуу машиналары сияқты басқа да технологиялар артықшылықтары расталған жағдайда қосылады.

Жоба БҰҰ-ң тұрақты даму бағытындағы «Климаттың өзгеруі» атты 13-ші мақсатына және оның климаттың өзгеруі бағытындағы ұлттық саясатқа интеграциялау іс-шаралары мақсаттарына, стратегиясы мен жобалануына, климаттың өзгеруі салдарын жұмсартуда білім деңгейін, хабардарлық пен адам және институционалдық әлеуетті арттыруға сай.

***

БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы елдердің мемлекеттілігін құруда көмек көрсету арқылы дағдарысқа қарсы тұру үшін және әр адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін өсуді көтермелеу және қолдауға бағытталған қоғамның барлық секторларының өкілдерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Әрбір 177 елде жұмыс істей тұра, біз адам өмірін жақсартуға және мемлекеттердің өміршеңдігін арттыруға бағытталған жаһандық көзқарас пен жергілікті шешімдерді ұсынамыз

Жаһандық Экологиялық Қор (ЖЭҚ) әлемде бірқалыпты даму мақсаттарына жету үшін бағытталған жергілікті, ұлттық және жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге, халықаралық ұйымдар, қоғам және меншік бизнеспен серіктестікте 182 елді біріктіретін, дамып жатқан, не өтпелі экономикасы бар елдерге гранттар ұсынады. 1991 жылы құрылған ЖЭҚ бүгінгі күні 2700-н аса жобаны қолдаған ең ірі қоғамдық донорлық ұйым болып табылады.

 

Contact information

Қосымша ақпарат алу үшін, жобаның қоғамдық қатынастар жөніндегі сарапшысы Динара Тамабаеваға хабарласыңыз.

Байланыс тел:

+7 7172 69 65 50 (ішкі 2302);

+7 778 628 4727

немесе электронды почта арқылы: dinara.tamabayeva@undp.org