EXPO-2017 көрмесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған сән көрсетілімі өтті

Mon Sep 11 00:00:00 EDT 2017

2017 жылғы 7 қыркүйек, Астана - Бүгін Қазақстан дизайнерлерін қолдау мақсатында БҰҰ Даму Бағдарламасы (әрі қарай - БҰҰДБ) ұйымдастырған EXPO-2017 аумағында сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шара жасыл креативті экономикаға назар аударту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторында жұмыс орындарын ашу мақсатымен өткізілді.

Көрсетілімде «Аспара» сән үйі бас дизайнері Айдархан Қалиев басшылығымен өзінің соңғы жинағын көрсетті. Сән үйі «Аспара» және «Айдархан» атты отандық брендтердің фирмалық модельдерін шығарады, ал Айдарханның өзі «нео-фольк» сәндегі жаңа стиль негізін қалаушы болып табылады. Сондай-ақ, көрсетілімде Ақтау қаласының қазақ ұлттық киімдерінің «Тарби» салоны қатысты. Аталмыш сән үйі «Адайқыз» және «Ақбөбек» соңғы интерьер жинақтары Оңтүстік Корея, Ресей, Болгария, Македония, Түркия және Түркменстан мемлекеттерінде көрсетілді. Қорытындылаушы дизайнерлер ретінде Қызылорда облысының өкілдері Қожантаев Салтанат және Өтепова Куляйна болды.

«Соңғы үш жылда біз қолөнер кәсібін белсенді қолдап келе жатырмыз. Қолөнер саласы шикізат нарығынан тәуелсіз экологиялық таза материалдарды пайдаланатын жасыл жұмыс орындарының пайда болуына көмектеседі. Бұған қоса, қолөнершілер өздеріне және олардың отбасыларына лайықты табыс әкелетін жұмысқа ие болады», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерель. «Біз жүзден астам шеберлерді қолдадық, олардың отыздан астамы басқа мамандарды дайындайды және жасыл экономиканы дамытуға үлес қосып жүр», - деп қосты Мунхтуя ханым.

Қазақстандағы БҰҰДБ 2014 жылдан бастап ауылдық жерлерде лайықты жұмыс орындарын құру және қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында Қазақстанның әр түрлі облыстарындағы өңірлік бағдарламалар шеңберінде қолөнершілерді қолдайды. Қазақстандағы БҰҰДБ үшін қолөнершілерге экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және ұлттық өнерді насихаттау мәселесі өте маңызды.

Біздің қолөнершілер туралы қосымша ақпаратты осы сілтемеден білуге болады: https://goo.gl/LWixA2

Contact information

Қосымша ақпарат үшін БҰҰДБ қоғаммен байланыс координаторы Дина Тельтаевамен dina.teltayeva@undp.org, +7(7172) 69-65-44 (2124) және коммуникация ассистенті Анар Қасымовамен anar.kassymova@undp.org, +7(7172) 69-65-44 (2629) хабарласуыңызды сұраймыз.