БҰҰ-ның баспасөз мәслихаты ЭКСПО-2017 көрмесіндегі қатысуын қорытындылады

Tue Sep 05 00:00:00 EDT 2017

5 қыркүйек 2017, Астана – Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық мамандандырылған «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуда жеткен нәтижелерін баяндайтын баспасөз мәслихатын өткізді. ЭКСПО жаhандық көшбасшыларды әлемде тұрақты қуаттың орнын және оны күн тәртібінде қалай бірге арттыруды бағалау үшін біріктірді.

Астана ЭКСПО-да Біріккен Ұлттар Ұйымын тоғыз агенттік таныстырды: БҰҰДБ, ЮНЕП, ЭСКАТО, ЮНЕСКО, БҰҰ БЖКБ, ЮНИДО, ЮНИСЕФ, МАГАТЭ, БҰҰ Әйелдер. Агенттіктер тұрақты қуат саласындағы озық тәжірибені көрсетіп, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтағы жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

Халықаралық ұйымдар Плазасы Павильонында орналасқан БҰҰ бөлімінде 100 мыңға жуық адам интерактивті экспонаттармен танысуға, БҰҰ EXPO волонтерлерімен кездесуге және БҰҰ ұсынған жасыл қуат үшін шешімдері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. ЭКСПО-ның үш айы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктері Адам Дамуы туралы Есептерден жастар хакатонына, мастер класстар мен  Халықаралық жастар күніне дейін арналған бірқатар іс-шараларды өткізді және де Біріккен Ұлттар Ұйымы ЭКСПО-2017-нің негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» - тек қана қайта қалпына келетін қуат көздері мәселесінен асып түсетініне көз жеткізетіндігін білдірді. Ол әрекетке негізделген адамдардың өмірін қамтамасыз ететін және барлығымыз үшін керемет қуат көзі.

EXPO-2017 көрмесінде БҰҰ-ның Бас Комисарының орынбасары және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура: «Инновациялар, жаңа идеялар, дәстүрлі емес ойлар мен тәсілдер, сондай-ақ осы ЭКСПО барысында жасалынған өзге де нәтижелер қуатсыз тұрақты дамуға қол жеткізудің мүмкін емес екеніне әлемнің назарын аударады», - деді.

Баспасөз мәслихат барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстандағы тұрақты қуаттың келешегі туралы өз ойларын ортаға салды және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы жұмысы туралы ой бөлісіп, болашақта аймақтағы даму жоспарлары туралы әңгімеледі.

 

Толығырақ ақпарат үшін, БҰҰДБ қоғаммен байланыс координаторы Дина Тельтаевамен dina.teltayeva@undp.org немесе +7(7172) 69-65-44 (2124) және Коммуникация ассистенті Анар Қасымовамен anar.kassymova@undp.org немесе +7(7172) 69-65-44 (2629) хабарласуыңызды сұраймыз.