Астанада Künde Café-нің ашылуына краудфандинг науқанын қолдау үшін қайырымдылық концерті өтті

Mon Jul 24 00:00:00 EDT 2017

23 Шілде 2017 жыл, Астана – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ)  “MEGA Silk Way”,  «Künde Кафе» әлеуметтік ұйымы, «Бақыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігі және «Психикалық денсаулық» медициналық орталығымен бірлесіп арнайы дамыту және психикалық денсаулыққа қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беретін Künde Café-нің ашылуына краудфандинг[1] науқанын қолдау үшін қайырымдылық концертін өткізді.

Künde - инновациялық әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба болып табылады. Жобаның мақсаты арнайы дамыту және психикалық денсаулыққа қажеттіліктері бар адамдардың Kunde кафеде жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Бұл олардың оңалуына, үйренуіне, қарым-қатынаста болуына, өздерін және отбасыларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектеседі.

Künde емдік-өнеркәсіптік шеберханасының 102 қызметкерінен, олардың ата-аналарынан, достарынан, психологтарынан және психиатрларынан, Назарбаев Университетінің студенттерінен және кейтеринг бизнес кәсіпқойларынан тұрады. Жоба бір жыл бұрын арнайы мұқтаждыққа зәру адамдар үшін емдік-өнеркәсіптік шеберханасы негізіде Астанадағы Медициналық Психикалық Денсаулық Орталығының қолдауымен басталған.

“MEGA Silk Way” сауда орталығында өтетін краудфандинг науқаны аясында ұйымдастырылатын қайырымдылық концерті екі мақсатты жүзеге асырды. Біріншісі, Künde кафесін ашу үшін қаражат жиналды. Екіншісі, психологиялық көмек пен дамуды қажет ететін адамдардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелері бойынша қоғамды хабардар етуді арттырды.

Концерт Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) аясында өткізілді, оның басты мақсаты - денсаулық пен әл-ауқат, лайықты еңбек пен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және теңсіздікті төмендетуге көмектесу арқылы «ешкімді көш артында қалдырмау».

«Ерекше қажеттілігі бар адамдарға мүмкіндіктерді берген кезде қоғамға толығымен кіре алады және трансформациялық идеяларды әкеле отрып,  білім мен көп тәжірибе жинақтайды. БҰҰДБ ұзақ уақыттан бері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және бүкіл әлемнің 170-тен астам елінде мұндай мүмкіндіктерді беруге және дамытуға тырысады», - деді БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура.

«Краудфандингті нығайтуда эәне оны жүзеге асырудың маңыздылығы оның қоғамға екі есе зор пайда әкелуінде. Себебі бұл ақшаны жақсы себепке жинауға көмектеседі және осы мақсатқа қол жеткізу арқылы пайда болатын мүмкіндіктер туралы хабардарлықты арттырады. «Kunde» кафесінің ашылуы осы жобадан тыс пайда әкелетін күш-жігер таратушы қозғалтқыш ретінде болады және еңбек нарығының басқа сегменттерінде ерекше қажеттіліктерге зәру адамдарға көбірек мүмкіндіктер жасауға көмектеседі деп сенемін », - деді ол.

«Менің мақсатым әлеуметтік кафеде жұмыс жасау, аяғымнан нық тұру, ақша табу және де өмір сүру сапасын жақсарту. Мен бәріне өз күшіммен қол жеткізгім келеді.  Отбасын құрғым келеді. Мақсатым барлық көздеген мақсаттарға өз күшіммен қол жеткізу және берілмеу», - деді  Künde кафесінің болашақ қызметкері Қуаныш Ноғайбаев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 600 мыңға жуық адам арнайы психикалық қажеттіліктермен өмір сүреді.  Олардың 3% -дан азы жұмыс істейді. Künde Café-нің жүзеге асырылуы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды өздеріне және отбасыларына қолдау көрсетуге, әлеуметтендіруге және қоғамға ойдағыдай ықпалдастыруға мүмкіндік береді.

Егер сіз осы акцияға қолдау көрсетіп, Künde-нің жетістікке жету тарихының бір бөлігі болғыңыз келсе, Сіз донор бола аласыз және веб-сайттағы Сіздер үшін дайындаған сыйлықтардың бірін сатып ала аласыз: https://www.indiegogo.com/projects/lets-open-kunde-a-cafe-for-everyone-community#/.

 

Қосымша ақпарат алу үшін БҰҰДБ Коммуникациялар бөлімінің қызметкері Дина Тельтаеваға dina.teltayeva@undp.org телефоны +77172 69 65 44 (2124) және байланыс жөніндегі көмекшісі Анар Қасымоваға anar.kassymova@undp.org  +77172 69 65 44 (2629) хабарласыңыз.

### ### ###

БҰҰДБ қоғамның барлық топтарындағы адамдармен бірлесе отрып дағдарысқа қарсы тұра алатын елдерді құруға көмектеседі және әр адамның өмір сапасын жақсартатын даму жолдарын әрі қарай жүзеге асырады және тұрақтандырады. 170-ке жуық елдер мен аймақтарда жұмыс жасай отрып біз ғаламдық перспективалар мен жергілікті бағдарда өмір сүру қабілетін нығайтуда және серпінді ұлттарды қолдауда көмектесуге шақырамыз.


 

[1] Краудфандинг - көптеген адамдардан ақшалай жарналарды тарту арқылы жобаны немесе венчурлықты қаржыландыру тәжірибесін пайдаланады