Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері гендерлік аспектілерді есепке ала отырып, қаржыландырудың негіздерін үйренді.

Mon Jul 10 00:00:00 EDT 2017

2017 жыл, 10 шілде Астана – Халықаралық ынтымақтастықтың Жапон. Агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ  Даму бағдарламасы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  «Қаржы академиясы»  АҚ- мен бірлесіп, БКБ  өкілдері,  Қазақстан Республикасының  парламентінің мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер үшін «Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, қаржыландыру» (Gender Responsive Budgeting)  тақырыбы бойынша  бір күндік семинар өткізді.  

Семинар шеңберінде гендерлік қаржыландыру саласында  әлемге танымал  жетекші сарапшы Рейна Ичии,  Австралия RMIT University университетінің профессоры, Халықаралық ынтымақтастықтың Жапон агенттігінің консультанты және ҚР бұрынғы Қаржы министрі, ал  « Қаржы академиясы» АҚ-ның қазіргі Президенті, экономикалық ғылымдарының докторы Наталья Коржова  сөз сөйледі.    

Семинардың мақсаты  Қазақстан Республикасының  бюджетін  жоспарлау және талдау сапасын  арттыру болып табылады. 

Семинар  қатысушыларғңа  гендерлік аспектіні есепке  ала отырып,  қаржыландырудың негізгі  тәсілдерімен танысуға әрі  семинар шеңберінде  алынған білім мен машықты есепке ала отырып,  бюджеттің  жобаларына дайындық жүргізуде  топтық интерактивті жұмыс  жасауға қатысуға  мүмкіндік береді. 

Қазақстандағы БҰҰ ДБ  тұрақты өкілінің  орынбасары Мунхтуя Алтангерел: «Гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін  кеңейту ДТ Тұрақты Дамудың Мақсатында  жеке мақсат болып қаралады.  Бұл мақсатқа қол жеткізу   барлық деңгейде де орасан күш-жігерді  талап етеді» - деп сөзін  түйіндеді. 

Наталья Коржова : «Әйелдердің  қажеттілігін ескеретін, олардың елімізде әлеуметтік, экономикалық  және саяси шараларға тепе-тең қатысуын қамтамасыз ететін қаржыландыру гендерлік  теңдікке қол жеткізуде  әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін  ілгерілетуге  көмек беретін  практикалық құрал болып саналады» - деп сөзін аяқтады. 

 БҰҰ Даму бағдарламасы  гендерлік теңдікті  белсенді түрде қолдайды, себебі  ол  бейбітшілік пен қауіпсіздіктің  нығаюының барынша тиімді  тәсілі болып саналады, сондай-ақ  экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал етеді. Гендерлік аспектіні есепке ала отырып, қаржыландыруды енгізу  мемлекеттік  салаларда, бағдарламаларда  гендерлік тәсілді  ілгерілету  мәселелерінде  қызметкерлердің әлеуетін  көтеруге әрі мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін  гендерлік талдауды қолданудың артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік туғызады .

Қосымша ақпарат  алу үшін Қазақстандағы БҰҰДБ жұртшылықпен байланыс  Үйлестірушісі Дина Тельтаеваға хабарласуыңызды сұраймыз. Эл. пошта: dina.teltayeva@undp.org немесе  мына тел. +77172 69 65 44 (2124)  және Жұртшылықпен байланыс Ассистенті   Анар Касымоваға хабарласуға болады.: эл. пошта anar.kassymova@undp.org немесе тел. +77172 69 65 44 (2629).

 

###  ###  ###

БҰҰДБ қоғамның барлық өкілдерімен  мемлекеттік құрылысына көмек бере отырып,  олардың дағдарысқа  төтеп беруіне, елдің өсуіне, гүлденуіне  қолдау көрсете отыра әрі   әр адамның өмір сүру сапасын арттыра отырып, ынтымақтастық жасайды.