Оқушылардың хабардарлығын арттыруына, қауіпсіз қозғалыстарына бағытталған іс-шаралар жүргізу жөніндегі гранттық жобалар конкурсы

Fri Jun 23 00:00:00 EDT 2017

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму (БҰҰДБ) бағдарламасының БҰҰДБ-ҒЭҚ «Алматы қ. орнықты көлігі» жобасы (АОКЖ) шеңберінде оқушылардың хабардарлығын арттыруына, қауіпсіз қозғалыстарына бағытталған іс-шаралар жүргізу жөніндегі гранттық жобалар конкурсы жарияланады.

Гранттық байқаудың мақсаты: коммерциялық емес сектордың арасынан іс-шаралар өткізу мақсатында, серіктесті табу. Шаралар оқушылардың велосипед қозғалыстардың пайдасы мен қауіпсіздігі туралы мен қазба оттын шығынын азайту әсері, энергия үнемдеу және Қазақстан Республикасында климаттың өзгеру саясаты туралы хабардарлықты арттыру.

Толық ақпарат пен лауазымдық міндеттердің сипаттамасы Техникалық Тапсырмалар қосымшасында берілген.

Жұмыс орыны: Қазақстанның қалалары

Конкурсқа қатысуға арналған барлық өтініштер төмендегі өтінім нысанына сәйкес ұсынылуы тиіс:

1.       Ұйым туралы ақпарат;

2.       Жобаның сипаттамасы;

3.       Жобаны іске асыру жоспары;

4.       Жобаның бюджеті;

5.       Мониторингі мен бағалануы;

6.       Жобаның орнықтылығы;

7.       Тәуекелдер;

8.       Жұртшылықты хабарландыру;

9.       Қосымша ақпараттар.

Айтылған құжаттарды жобаның ассистенті Абдирова Несибели ханымның электрондық поштасына жолдау керек: nessibeli.abdirova@undp.org.

Өтінімдер 2017 жылғы 15 шілде, сағат 12:00 дейін қабылданады.

Алдын ала байқаудан өткен үміткерлерге ғана хабар беріледі.