БҰҰ-ның ЭКСПО 2017-де айтуынша, баршаны таза қуатпен қамтамасыз ету күшін екі еселеуге уақыт келді

Tue Jun 13 00:00:00 EDT 2017

Әлемдік нарық көшуге дайын, ал технологиялар болса күн арта қол жетімді бола бастады

Астана, 13 Маусым 2017 – Бүгін БҰҰ «Болашақ энергиясы» ЭКСПО 2017 көрмесінің әсерлі көрсетіліммен басталуына байланысты үкіметтерді, бизнес өнеркәсіптерін таза қуатқа тездетіп көшуге шақырды.

«Біз ЭКСПО-ның Тұрақты Даму Мақсаттарына жетуге салынған қазіргі күштеріне жаңа импульс беретіндігіне сенімдіміз. Мен, қуат өндірісі кезінде парниктік газдардың шығуын азайту жөнінде практикалық шешімдерді табу үшін ЭКСПО-ның үкіметтер, климатологтар мен инженерлердің арасында диалог алаңы болады деп үміттенемін», - деді БҰҰ Экспо-2017 Бас комиссары Джихан Сұлтаноглы.

«Энергетика климаттақ мәселелерді шешуде аса маңызды сектор болып табылады. Сондықтан, энергетикалық сектордың трансформациясы мемлекеттердің климат және даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде шешуші орын алады», - деп атап өтті Сұлтаноглы ханым. «Бізге осы трансформацияны барлық мүмкін тәсілдер арқылы нығайту және қолдау қажет», - деп қосты.

Әлемдік парниктік газдың шығарылуында үштен екі бөлігінен аса орынды құрайтын  энергетикалық сектор, 2 градус цельсийден төмен әлемдік температураны сақтау үшін жасалатын барлық күштің орталығы болуы тиіс. Энергетикалық секторда келесі шешуші қадамдарды басу үшін дүние жүзі барлық қолда бар технологияларды қолдануы керек, трансформацияға талпынысты арттыру қажет және де көшуге арналған қажетті құралдарды мобилизациялау керек.

Қалпына келетін қуат көздері, энерготиімділік пен қуатқа қолжетімділік салаларындағы 7-ші Тұрақты Даму Мақсаттарының қабылдануымен халықаралық қауымдастық таза және тұрақты болашақ бағдарында нақты жол картасын дайындап берді.

Сондай-ақ, Париж климаттық келісімшарты бірнеше өршіл мақсаттар енгізген болатын. Қол қойған тараптар температураны  1,5 градус  шеңберінде индустрияға дейінгі дәрежеде сақтап тұруда және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға өз үлестерін қосуға келісті. Аналиктер бірнеше жылдың ішінде қайта қалпына келетін қуат пайдалы отынға қарааанда арзан болады деп жорамалдайды.

Дүние жүзіндегі қалалар энергетикалық нарық эволюциясында күн арта аса маңызды рөл атқарып келеді. Қалалардың әсері, Сан-Диего және Копенгаген сияқты қалаларда қала инфраструктурасында интеллектуалдық қуат желі инвестициясын қолдаудан бастап қалпына келетін қуат көздері саласындағы өршіл мақсаттарды белгілеуге дейін әр қилы.

ЭКСПО-да БҰҰ Агенттіктері қуатқа жалпы қолжетімділікпен қамтамасыз ету маңыздылығын көрсетеді және де көміртектің шығарылуын азайту, экономиканы жасылдандыру және инновациялық технологияларды бейімдеуде үздік жаһандық тәжірбиені жалпыға паш етеді.  

БҰҰ павильонында келушілер микро-гидроэлектростанцияның моделін басқаруға және де Қазақстанның күн энергиясы атласымен танысуға мүмкіндітері бар. Жеке құрылғы шұраттық суырмалаудың қалай жұмыс жасайтынын көрсетеді, сонымен қатар күн және желдің қуатымен құрғап қалған аймақтарды суландыру процессін таныстырады.   

ЭКСПО 2017 шарасына қатысатын агенттіктер туралы толық ақпаратты осы жерді басу арқылы біле аласыз. ЭКСПО-да тоғыз агенттіктер өздерінің стендтері мен құрылғыларн таныстырады: БҰҰДБ, ЮНЕСКО, БҰҰ ЭСКАТО, ЮНИДО, МАГАТЭ, ЮНИСЕФ, ЮНЕП, БҰҰ, БҰҰ УВКБ.

 

***

Қосымша ақпарат үшін бізге хабарласыңыз: Николя Дуйе, БҰҰДБ Ыстанбұл, nicolas.douillet@undp.org +90 535 626 8082. Фаик Уянык, БҰҰДБ Ыстанбұл, faik.uyanik@undp.org +90 530 499 25 48. Дина Тельтаева, БҰҰДБ Қазақстан, dina.teltayeva@undp.org +7 701 765 40 10

 

Online: un-expo.org | @un | #ExpoAstana2017  #FutureEnergy