БИОФИН

Tue Apr 25 00:00:00 EDT 2017

Қазақстан, Алматы, 2017 ж. 25-27 сәуір – Азия-Тынық мұхит аймағының 13 елдерінің техникалық сарапшылары, мемлекеттік органдары мен БҰҰ-ң өкілдері осы аптада білім алмастырып, биоалуантүрлілікті сақтаудың және тиімді басқарудың жаңа қаржы механизмдерін талқылау үшін жиналды.

3-ші аймақтық семинар барысында Биоалуантүрлілікті қаржыландыру (БИОФИН) Жаһандық бастамасының Басты Техникалық Кеңесшісі Доктор Дэвид Мейерс қазіргі күнде жаһандық деңгейде биоалуантүрлілікті сақтау мақсаттарына қажетті қаржы тапшылығы жыл сайын 150-440 млрд. долларды құрайтынын атап өтті.

«Бүкіл әлем бойынша биоалуантүрлілікке жыл сайын 52 млрд.доллар қаржы жұмсалатынын білсек те, шын мәнінде қаржының қайда жұмсалатыны туралы, шын мәнінде не қажет екендігі туралы және қолда бар қаржыны қалай тиімді жұмсай алатынымыз туралы бізге айқындық қажет», - деді Доктор Дэвид Мейерс.

«Ауқымды қаржы олқылықтары қаржыландыруға қатысты мәселелерді шешудің жаңа тәсілдемелерін іздеуге және үкіметтердің, жекеменшік секторы мен басқа да әлеуетті тараптардың қатысуын шарттайды», - деді ол.

Біздің қауым мен экономика үшін биоалуантүрліліктің (табиғат) – таза су, климатты реттеу, су тасқындарының алдын алу, рекреация, тағам, отын, талшық, және т.б., құндылығының зор екендігіне қарамастан, табиғат ауыр тәуекелге душар болуда.

Биоалуантүрлілікті сақтау және тиімді пайдалану үшін нақты деректерге негізделген шешімдер мен жоспарларды жасап, жүзеге асыру үшін, БИОФИН елдерді біріктіріп, оларды техникалық құралдармен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда экономика мен тұрғындар үшін биоалуантүрліліктің маңызы зор. Жергілікті тұрғындар әлемнің басқа жерлерінде кездеспейтін балық және орман ресурстарына, сонымен қатар, сирек кездесетін арқар, ақбөкен, қарақұйрық сияқты сүтқоректілер түрлерін қоса алғандағы, табиғат ресурстарына тәуелді. Алайда браконьерліктің салдарынан оларға жойылып кету каупі төніп тұр. Сонымен қатар, кен игеру саласының қысымы нәтижесінде олардың тіршілік ету ортасынның да жойылып кету қаупі бар.

«БИОФИН-нің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірге атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша осы күнде биоалуантүрлілікті қаржыландырудың 86%-ы мемлекеттік бюджет тарпынан болып отыр. Қазір бізде Қазақстандық маңызды түрлер мен экожүйелерді сақтау үшін, жекеменшік секторын қоса алғанда, қаржыландырудың басқа көздері туралы ойландыратын шешімдер табуға және мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалануға өте жақсы мүмкіндік бар», - деді Доктор Мейерс.

Көптеген деректер биоалуантүрлілікті басқару мен сақтауды қаржыландыруды жақсартуға бағытталған сапалы шешімдер Тұрақты Даму Мақсаттарына жетуге үлес қосатынын айғақтайды. Және де олар тек табиғатты қорғау үшін ғана емес, кедейлікті жоюға және ауыл тұрғындарын қорғау үшін де аса маңызды.

«Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) 2015 жылы алдағы 15 жылда кедейлікті жою мен орнықты әлем тұрғызу үшін қабылданды. Экожүйелерді қорғау, қайтадан қалпына келтіру және тұрақты пайдалану, сонымен қатар, биоалуантүрліліктің жойылуына жол бермеу, Қазақстанда және де басқа да елдерде орнықты қоғам тұрғызудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», - деді Қазақстандағы БҰҰДБ-ң Тұрақты Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел.

«Бұл –биоалуантүрліліктің экономикалық және әлеуметтік өсу мен тұрақты дамудағы рөлін жаһандық қоғамның мойындағанын білдіреді», - деп атап өтті ол.

Қазақстанда «БИОФИН» жобасы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесе атқарылуда. Жоба мемлекеттік органдарға биоалуантүрлік пен экожүйелерді оңтайлы да әділ басқаруға, сақтауға және қалпына келтіруге инвестиция көлемін көбейту бойынша айқын экономикалық негіздеме дайындауға жәрдем көрсетуге бағытталған.

 

###  ###  ###

Дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін елдердің мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, әр адамның өмірінің сапасын жақсартуға жетелейтін өсуді ынталандыра және қолдай отырып БҰҮДБ қоғамның барлық топтарымен бірге жұмыс істейді. 177 елдермен және аумақтармен жұмыс жасай отырып, БҰҰДБ адамдардың толық құқықты өмір сүруіне және мемлекеттің беріктігін көтеру үшін ғаламдық көзқарас пен жергілікті шешімдерді ұсынады.