БҰҰДБ медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыларды іске қосады

Tue Mar 14 00:00:00 EDT 2017

2017 жылғы 14 наурызда Қостанай қаласы – БҰҰ Даму бағдарламасы, Жаһандық экологиялық қор және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі іске асыратын орнықты органикалық ластағыштар (ООЛ) мен медициналық қалдықтар жөніндегі жобаның шеңберінде Қостанай қаласы, Пригородная көшесі 1 мекенжайы бойынша сағат 11.00-де медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жөніндегі қондырғыны ашу өтті.

Жобаның мақсаты Стокгольм конвенциясы бойынша елдің тиісті міндеттемелерін орындауда біле тұра түзілетін ООЛ мен басқа зиянды ластағыштардың қоршаған ортаға шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұтымды басқаруды алға тарту арқылы оған жәрдем көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытта түзілетін инфекцияланған медициналық қалдықтардың 90%-ға жуығы жағу жолымен жойылады. Негізінен жағу әдеттегі инсинераторларда (пештерде) жүргізіледі. Бұдан басқа, кейбір денсаулық сақтау ұйымдары өздерінің қалдықтарын осындай мақсаттарға арналмаған муфельдік пештерде өз бетінше жағады, бұл қоршаған ортаға диоксиндердің түсуіне әкеледі. Диоксиндер – бұл канцерогенді болып табылатын жоғары уытты заттар және адамның эндокриндік, жүйке, көбею, иммундық жүйелерінің қабынуларын туындайды. Олар әлсіз ыдырайды және ауаны, суды, тамақты қоса алғанда қоршаған ортада да, адам ағзасында да жинақталады. БҰҰДБ жүргізген зерттеу медициналық қалдықтарды жою жөніндегі қондырғылардан бөлінетін газдардағы диоксиндер құрамының Еуропа одағының стандарттарына қатысты 28 есе артық болуын көрсетті.

Жоба шеңберінде «Костанай экомедутилизация 2016» ЖШС, Қостанай облысы Әкімдігінің ДБ «Жітіқара орталық аудандық ауруханасы» КМК (Жітіқара қ.) және Қостанай облысы әкімдігінің ДБ «Рудный қалалық ауруханасы» КМК (Рудный қ.) негізінде Мамандандырылған орталықтарды құра отырып, инфекцияланған медициналық қалдықтарды жоғары қысыммен қаныққан бумен залалсыздандыруға арналған мамандандырылған автоклавтар сатып алынды және орнатылды.

Орталықтарға медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтардан басқа медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауға арналған мамандандырылған автомашиналар мен контейнерлер сатып алынады.

Ұсынылатын медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі қоршаған ортаға теріс әсер етуді төмендетуден басқа пластиктің залалсыздандырылған қалдықтарын және басқа қалдықтарды қайталама шикізатқа тартуға мүмкіндік береді.

Одан әрі алынған тәжірибені Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану жоспарланады.

«Медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару жүйесін қалыптастыру қалдықтар түзілуінің алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайталама пайдалану бойынша шаралар қабылдау бөлігінде Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Қазақстанның күрделі ұстанымын растайды», - деп айтты БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары  Мунхтуя Алтангерел.

«Инфекцияланған медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклавтарды енгізу қасақана емес түзілетін орнықты органикалық ластағыштардың эмиссияларын төмендету бөлігінде ең жақсы қолда бар технологияларды енгізу бойынша Стокгольм конвенциясының талаптарына сәйкес келеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдамада ауаның диоксиндермен ластану проблемасы айтылған. Сондай-ақ мұнда Жасыл экономиканың ресурс үнемдеу бойынша негіз қалаушы қағидаттарының бірі туралы айтуға болады, өйткені медициналық қалдықтар, атам айтқанда – пластик пен болат бумен өңделгеннен кейін қайталама шикізат ретінде қайталама пайдаланылулары мүмкін. Осы тәжірибенің Қазақстанның басқа қалаларында, бұдан кейін ұлттық деңгейде одан әрі қайталануы Қазақстан Республикасының ұлттық және стратегиялық міндеттемелерін іске асыруының жоғары көрсеткіштерінің бірі бола алады», - деп айтты ҚР Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Жан Нұрбеков.

«Инсинераторлардың жұмысы, әрине, жұртшылық тарапынан да, мемлекеттік органдардың тарапынан да келіспеушілік туындады. Алайда, басқа баламаның болмауынан біз оларды пайдалануды жалғастырдық. Инсинераторларды автоклавтарға ауыстыру экологиялық, эпидемиологиялық талаптар мен жұртшылық пікірі арасында теңгерім табуға мүмкіндік береді. Қостанай қаласы үшін БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауы өте маңызды, өйткені осындай жабдықты сатып алу жергілікті бюджет үшін едәуір қиынға түсер еді,» - деп айтты Облыстық есірткі диспансерінің бас дәрігері Владимир Михайленко.

 

Қосымша ақпарат үшін Қазақстандағы БҰҰДБ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Дина Тельтаевамен хабарласуды сұраймыз: электрондық поштасы dina.teltayeva@undp.org немесе телефоны тел. +77172 69 65 44 (2124)

 

 

###  ###  ###

БҰҰДЖБ елдер дағдарысқа қарсы тұра алуы үшін олардың мемлекеттік құрылысына көмек көрсете отырып, әрбір адамның өмір сұру сапасын жақсартуға әкелетін өсімді мадақтай және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. 170 ел мен аумақтан астам жерлерде жұмыс істей отырып, біз адамдардың неғұрлым тең құқылы өміріне ықпал ететін және мемлекеттердің өмір сүру қабілеттерін арттыратын жаһандық көзқарас пен оқшау шешімдер ұсынамыз.